1. Иондық байланыс Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің электростатикалық күштер арқылы бір-біріне тартылу нәтижесінде түзілген байланысты иондық байланыс деп атайды. Иондар жай (қарапайым) және күрделі болады. Жай иондарға Na+, Ca2+, Fe3+ және басқа да катиондары жатады, жай аниондары F-, Cl-, Br-, S2- т.б. Күрделі катиондар: NH4+, [Cu(NH3)4]2+ т.б. ал күрделі аниондарға SO42-, ClO4-, C2O42- т.б. атауға болады.
Жай катиондарды иондану потенциалы төмен s-, p-, d-металдар түзеді. Жай аниондарды электртерістігі жоғары фтор, оттек, хлор элементтері түзеді. Иондық байланыстың ковалентті байланыстан айырмашылығы оның бағытталмағандығы. Бұл электр өрісінің сфералық симметриялы болуымен аңықталады, яғни өрістің барлық жаққа бірдей таралуымен сипатталады.
Сурет - Электр өрісінің күштер сызықтары
Иондық байланыс қанықпаған болады, яғни, оң немесе теріс зарядталған иондарға қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің түрлі саны және түрлі бағытта бағытталуы мүмкін. Иондардың түрлі санының бір-бірімен байланысуы иондық қосылыстардың ассоциаттар түзуіне келтіреді, демек, молекулярлық массасы жоғары қосылыстар түзуіне келтіреді. Типтік иондық қосылыстар өте сирек кездеседі, мысалы, NaCl-дың өзінде хлорид-ионының электрон зарядының 0,94 мөлшерін құрайды, натрийдің оң заряды де 0,94 тең болады. Бұл жағдай иондардың біріне әсер етуімен түсіндіріледі, яғни иондардың бір-біріне әсерінен олардың электрондық қабаты өзгереді. Электрөрісінің әсерінен электрондық бұлттың ығысуын поляризация деп атайды, соның ішінде сыртқы қабаттағы электрондардың формасы өзгереді. Әртүрлі иондар түрліше поляризацияланады, неғұрлым сыртқы қабаттағы электрондар ядромен байланысуы төмен, олардың поля-ризациялануы соғұрлым жоғары.
Иондардың иондық радиусы артқан сайын олардың поля- ризациялануы жоғарылайды:
Cs+ > Rb+ > K+ > Na+ > Li+.
Дәл осындай заңдылық жай аниондарға да тән:
I- > Br- > Cl- > F-.
Аниондардың иондық радиустары жоғары болғандықтан олардың поляризациялануыда жоғары болады. Иондар тек өздері поляризацияланып қоймай, олар поляризациялау әсері ете алады, яғни басқа иондардың сыртқы электрондық бұлттарын ӛзгерте алады. Поляризациялау әсері ионның заряды мен оның шамасына байланысты. Неғұрлым катионның заряды жоғары, оның поляризациялау қабілеті соғұрлым жоғары болады. Бірдей зарядталған катиондар үшін иондық радиус өскен сайын поляризациялау қабілеті төмендейді,
яғни: Li+ > Na+ > K+ > Rb+ > Cs+.
Аниондардың, катиондарға қарағанда, иондық радиустары жоғары болады.
Сондықтан, олардың поляризациялау әсері төмен, ал поляризациялануы жоғары болады. Химиялық қосылыс түзілгенде көбіне аниондардың сыртқы қабаты өзгеріске ұшырайды және катиондардың сыртқы қабатының өзгерісін ескермеуге болады. Анионның сыртқы қабатындағы электрондар бұл катионға қарай ығысады.
Көрсетілген суреттен оң және теріс зарядтар бір-бірінен толық бӛлінбейтінін көруге болады, демек электрондық бұлтардың бір бӛлігі жанасады. Сондықтан, иондық байланысты ковалентті байланыстың шекті түрі деп қарастырады. Мысалы, оксидтерде (ZnO, MgO т.б.), сульфидтерде (Na2S және т.б.) «таза» иондық байланыс болмайды. Бұл қосылыстарда иондық байланыс жарым-жартылай ковалентті болады. Идеалдық иондық байланыс NaCl-да болмайды, себебі электрондық электртерістігі жоғары хлорға қарай ығысады.