4 Дәріс Тақырыбы: Химиялық байланыс. Молекулааралық әрекеттесу. Мақсаты


Химиялық байланысты валенттік байланыс теориясы арқылы сипаттау



бет4/11
Дата17.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#117059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Химиялық байланысты валенттік байланыс теориясы арқылы сипаттау
Валенттік байланыс (ВБ) теориясының негізінде Льюистің химиялық байланыс түзу көзқарастары жатады. Оның көзқарасы бойынша химиялық байланысты екі атоммен ортақталған жұп электроны түзеді.
Кейіннен ВБ теориясын әрі қарай дамытуда Гейтлер, Лондон, Слейтер, Полинг өз үлестерін қосқан.
Валенттік байланыс теориясы кез-келген молекула дискретті химиялық байланыс түзу қағидасына негізделеді. Теория бойынша барлық байланыстар оқшауланған. Бұл байланыс моделін екі орталық - екі электрон деп атайды. Мысалы, хлор атомының электрондық конфигурациясы: 1s22s22p63s23p5. Сl2 молекуласы түзілгенде хлор атомының жұптаспаған электрондары жұптасып химиялық байланыс түзеді. Хлор атомдарында тұрақты 8-электронды конфигурация (октет) пайда болады:
Валенттік байланыс әдісімен химиялық байланыстың түзілуін Н2 молекуласының түзілуі арқылы қарастыруға болады. Сутектің әр атомы бір протон мен бір электроннан тұрады.
ВАЛЕНТТІК БАЙЛАНЫС ӘДІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ.
Коваленттік байланыстың табиғатын қазір екі әдіспен қарастырады: валенттік байланыс әдісі (ВБ-әдісі) және молекулалық орбиталь әдісі (МО-әдісі). Екі бөлшектің электрон бұлттары бүркеісп, жүйенің толық энергиясы азайғанда болатын екі атомның әрекеттесуін химиялық байланыс дейміз. 1927 жылы Гейтлер және Лондон сутегі молекуласы үшін Шредингер теңдеуін жуық шамамен шешті. Олар Шредингер теңдеуі бойынша байланыстың екі түрлі сипатын – энергия мен ядро – аралық ұзындықты есептеді. Бұл есептеулер іс жүзіндегі нәтижелермен бірдей болып шықты. Олар сутек атомының электронының 1s түріндегі толқындық функциясын алды. Егер екі атом бір-біріне әсер етпейтін қашықтықта болса, екі атомның толқындық функцияларының көбейтіндісі арқылы жазылады.
ВБ-әдісі молекулада атомдар жұбы бір немесе бірнеше ортақ электрондық жұптар арқылы ұсталып тұрады деген ұғымға негізделген. Неғұрлым атомдардың электрондық бұлттары көбірек айқасатын болса, атом арасындағы химиялық байланыс соғұрлым мықты болады. Әдетте екі атомды қосатын сызық бойындағы электрон бұлттарының айқасуы біршама жақсы болады. Сонымен, спиндері қарама-қарсы электрон бұлттары бір-бірімен айқасып химиялық байланыс түзіледі де, спиндері параллель электрон бұлттары арасындағы тығыздық кеміп химиялық байланыс түзілмейді. Егер атомдар арасында бір ортақ жұп болса, коваленттк байланыс бірлік, екі жұп болса – екілі және үш жұп болса – үштік байланыс болады.
Электрон бұлттарының айқасуы бойынша σ, π, δ – байланыстар түзіледі. Электрон бұлттары атомдарының центрлерін байланыстыратын түзу бойынша айналса, σ-байланыстар түзіледі. Егер р- немесе d-бұлттары атомдарды байланыстыратын түзудің екі жағында айналса, онда π-байланыстар түзіледі, σ үнемі дара байланыс. Еселі байланыстардың біреуі σ-байланыс, ал басқалары π-байланыстар.

Коваленттік байланыстың түзілуі:


1. Коваленттік байланыс алмасу арқылы түзіледі. Бұл жағдайда жұпталмаған
электрондардың қатысуымен немесе бір электронды бұлттардың қаптасуымен түзіледі.
2. Донорлы-акцепторлы – бұл жағдайда химиялық байланыс бір атомның қос
электронды бұлты (донор) мен басқа атомның бос орбиталь (акцептор) арқылы түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет