4-дәріс Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының мәні


Әдеттегі өз бетінше емес белсенділік деңгейі



бет9/14
Дата22.07.2023
өлшемі63,18 Kb.
#104630
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЖОО инновация

Әдеттегі өз бетінше емес белсенділік деңгейі – бұл оқушылардың мұғалімнің түсіндіруін қабылдауы, үлгіні меңгеруі, проблемалық ситуация жағдайындағы ақыл-ой қызметі, қайта жаңғырту сипатындағы өзіндік жұмыстарды, жаттығуларды орындауы.
Жартылай өз бетінше белсенділік таныту деңгейі меңгерілген білімдерді жаңа жағдайда қолданумен және оқушылардың алға қойылған оқу проблемасын шешу тәсілін мұғаліммен бірлесіп ізденуімен сипатталады.
Өз бетінше белсенділік таныту деңгейі репродуктивті-іздену типіндегі өзіндік жұмыстарды орындауды қарастырады, ол кезде оқушы оқулықтағы мәтінмен өз бетінше жұмыс істейді, меңгерген білімдерін жаңа жағдайда қолданады, қиындығы орташа деңгейдегі тапсырмалардың шешімін конструкциялайды, мұғалімнің аз ғана көмегімен гипотезаларды логикалық талдау жолымен дәлелдейді.
Шығармашылық белсенділік деңгейі шығармашылық қиялды, логикалық талдауды, шешімнің жаңа тәсілін, өз бетінше дәлелдеуі қажет ететін өзіндік жұмыстардың орындалуымен сипатталады. Бұл деңгейде өзіндік қорытындылар мен тұжырымдамалар жасалынады, көркем шығармашылық та осы деңгейде орын алады.
Проблемалық оқытудың әрбір деңгейі әралуан психологиялық-педагогикалық сипаттағы факторларға байланысты әртүрлі вариантта ұйымдастырылады, оқушыларды бір деңгейден одан да жоғары деңгейге ауыстыру проблемалық оқытудың нәтижесі болып табылады және бұл олардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару процесі.
Ал енді проблемалық оқыту циклының технологиялық сұлбасын қарастырайық.


Ага-реакция
Шешімдерді табу
Жаңа БІД, АҚТ пайда болуы



I V кезең V кезең

Шешімді жүзеге асыру
Өнімді жасау
Жеке тұлғаның дамуы


Қ
Проблемаларды шешу жолдарын іздеу
Гипотезаларды ұсыну және тексеру


осымша
ақпарат

  • жетектеу

  • қ олдау

  • к
    Проблемалық ситуацияларды іріктеп алу
    өмектесу



I II кезең



Ж
мұғалім

оқушы
етектеуші ақпарат


  • қ
    Ғылыми-әдістемелік база

    Педагогикалық проблемалық ситуацияны психологиялыққа айналдыру
    арама-қай-


шылықтың мәнін
жете түсіну

  • белгісізді

тұжырымдау

II кезең



VI кезең
К
Педагогикалық проблемалық ситуацияны қалыптастыру

Оқытудың шетте
қалған нәтижелерін бақылау
іріспе ақпарат

Ауызша, жазбаша сөз
Техникалық құралдар
Мультимедиа

I кезең



I кезең – педагогикалық проблемалық ситуацияны қою, оқушыларды проблемалардың байқалуын қабылдауға бағыттау, балада сыртқы тітіркендіргіштерге әсер ету қажеттілігін, сұрақтың пайда болуын ұйымдастыру. Педагогикалық проблемалық ситуация әртүрлі вербальді және техникалық құралдар көмегімен қалыптыстырылады.
II кезең – педагогикалық ұйымдастырылған проблемалық ситуацияларды психологиялық проблемалық ситуацияға айналдыру: сұрақ жағдайы – оған белсенді жауап іздеудің басталуы, қарама-қайшылықтардың мәнін жете түсіну, белгісізді тұжырымдау. Бұл кезеңде мұғалім аздаған көмек көрсетеді, жетектейтін сұрақтар қояды және т.с.с. проблемалық оқытуды басқарудың қиындығы психологиялық проблемалық ситуация – жеке акт екендігінде, сондықтан, мұғалімнен дифференциацияланған және жкелендірілген тәсілдерді қолдану талап етіледі.
III кезең – проблеманы шешуді, қарама-қайшылық тығырығынан шығатын жолды іздеу. Оқушылар мұғаліммен бірге немесе өз бетінше әртүрлі гипотезаларды ұсынады және тексереді, қосымша ақпаратты қолданады. Мұғалім (жақын даму аймағында) қажетті көмекті көрсетеді.
IV кезең – «Ага-реакция», проблеманы шешу идеясының пайда болуы, оны шешуге көшу, шешімді дайындау, оқушылар санасында жаңа білімнің (БІД, АҚТ) пайда болуы.
V кезең – табылған шешімді рухани немесе материалдық өнім ретінде жүзеге асыру.
VI кезең – оқытудың шетте қалған нәтижелерін қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет