2. Баланы қолдау технологиясы. Жеке тұлғаға бейімделген технология әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын табуға тырысады: психодиагностика әдісін қолданады, балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қарым-қатынасты өзгертеді, білім беру мазмұнына түзету енгізеді. Баланы қолдау технологиясы гуманистік психология бойынша әбден толығымен зерттелген. К.Роджерс педагогтың негізгі міндеті баланың жеке тұлғалық өсуіне көмектесу деп есептейді. Оның ойынша педагогиканың терапиямен тегі бір: ол әрқашан оның физикалық және психикалық денсаулығын қалпына келтіріп отыруы тиіс. К. Роджерстің айтуы бойынша егер мұғылім төменде аталған ережелерді басшылыққа алып отырса, онда ол сыныптағы әр оқушының жеке дамуы үшін қажетті атмосфераны қалыптастыра алады:
әрбір оқушының сезімдеру мен қайғыларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатияға жетуге ұмтылуы тиіс;
мұғалім өзін және өзінің мүмкіндіктерін жақсы білуі тиіс.
Ресей білім беру академиясының академигі Е.В.Бондаревскаяның ойынша жеке тұлғаға бағдарланған технологияны қажет ететін мектепке мына талаптарға жауап беретін: