Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуі. 1 сатысы - қорытылуы: Көмірсулардың қорытылуы негізінен ауыз қуысы мен ащы ішекте жүреді. Крахмал мен гликогеннің ыдырауы ауыз қуысында сілекей -амилазасының әсер етуінен басталады. Ауыз қуысында сілекей -амилазасының әсерінен крахмал мен гликоген аралық өнім – декстриндерге және аз мөлшерде мальтозаға дейін ыдырайды. Ас түірі ауыз құысында көп кідірмейтіндіктен, сілекейдің құрамында болатын мальтаза ауыз қуысындағы мальтозаға әсер етіп үлгермейді. Одан кейін сілекеймен араласқан тағам асқазанға түседі. Асқазан сөлінде көмірсуларды ыдырататын ферменттер гликозидазалар болмағанымен асқазан сөлі асқа толық сіңгенге дейін ас түірінің ішінде сілекей -амилазасының әсерінен полисахаридтердің гидролизденуі жүре береді. Асқазан сөлі ас түйіріне толық сіңгеннен кейін сілекей -амилазасы өз әсерін тоқтатады.
2 сатысы – қорытылу өнімдерінің сіңірілуі. Моносахаридтер әр түрлі жылдамдықпен сіңіріледі. Бірінші галактоза, одан кейін глюкоза, фруктоза және пентозалар сіңіріледі. Галактоза, глюкоза фосфорланған түрде екіншілік активті тасымалдану жолымен сіңіріледі.
3 сатысы – аралық алмасу. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері. Тіндерде глюкозаның шамамен 65% тотығады, 30% липонеогенезге , 5% гликогеногенезге жұмсалады. Моносахаридтерден глюкоза үлкен қан айналым шеңберіне түседі. Глюкозаның қалыпты жағдайдағы мөлшері – 3,4-5,6мМоль/л. Бауыр қандағы глюкозаның қалыпты мөлшерін сақтап тұрады. Глюкостатикалық функция үш үрдіс арқылы жүзеге асады: 1) гликогеногенез, 2) гликогенолиз, 3) глюконеогенезом (глюкозаның аралық өнімдерден түзілуі. Глюкозаның біраз мөлшері гликоген түрінде сақталады, қажет кезінде гликоген қайтадан ыдырап глюкоза түзеді.
Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі. Сіңірілгеннен кейін глюкозаның қаннан жасушаларға түсуі оны тасымалдаушы арнайы белоктар (ГЛУТ) арқылы іске асады. Қақпа венасының қанында сіңірілген моносахаридтердің мөлшері әр түрлі болады, әрі үнемі өзгеріп отырады. Ас қорыту кещінде көбейіп, ашыққкн кезде азаяды. Сіңірілген моносахаридтердің 90-ға жуығы қақпа венасы арқылы бауырға түседі.