ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:
1.Зат алмасуының сатылары.
2. Бауырдың глюкостатикалық қызметі қалай қамтамасыз етіледі?
3. Гликолиз, өтетін орны, осы үрдістің биологиялық ролі, энергиялық балансы.
№ 5 дәріс.
Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері. Липидтердің тасымалдану формалары.
Мақсаты: Липидтер алмасуының негізгі сатыларымен таныстыру. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері. Липидтердің тасымалдану формалары туралы түсінік беру.
Әр түрлі ағзалардың липидтер алмасуындағы ролі.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Тағам липидтері.
Липидтердің қорытылуы.
Липидтердің қорытылуы өнімдерінің сіңірілуі. Мицелла. Хиломикрондар.
Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, өкпенің, бауырдың, май тінінің ролі.
Липопротеиндер, құрамы, ролі, өзгерістері.
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Тағам липидтері
Негізгі тағам липидтері: Триацилглицеридтер (ТАГ) – 99% тағам липидтері; Фосфолипидтер (ФЛ) ; холестерин (ХС) және оның эфирлері (стеридтер); гликолипидтер; КҚМҚ.
Липидтердің қорытылуы. Ауыз қуысында тағам липидтері механикалық өңдеуден өтеді, сілекейде липидтерді қорытатын ферменттер жоқ. Жас балалардың асқазан сөлі липазасы сүттегі эмульгирленген ТАГ– ті гидролиздейді. Босап шыққан БМҚ асқазан жасушалары арқылы сіңіріледі.
Ұйқы безінің липазасы өт қышқылдарының тұздарымен активтеніп ТАГ- ты МАГ- ке дейін ыдыратады. Ішек сөлінің липазасы белсенді , ол МАГ- тің қорытылуына қатысады.
ФЛ– ті А1, А2, және В ,С фосфолипазалар 2БМҚ, глицерин және Н3РО4, азотты қосылыстарға дейін гидролиздейді .
Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуі. Мицелла. Хиломикрондар (ХМ).
Суда еритін глицерин, Н3РО4, көміртек саны 10- нан аз БМҚ , азотты қосылыстар қақпа венасына диффузиялық жолмен сіңіріледі. Қанықпаған БМҚ және жұп санды БМҚ жылдам сіңіріледі. Қалған гидролиз өнімдері екі бөліктен тұратын мицелла түзеді: ішкі ядросында ХС, көміртек саны 10- нан көп БМҚ , МАГ , ал сыртқы қабатында суда және майда еритін ФЛ және өт қышқылдары орналасады. Мицелла диффузия немесе пиноцитоз жолымен ішек қабырғасына түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |