|
Глюкозаның тіндердегі өзгерісі
|
бет | 3/9 | Дата | 17.03.2023 | өлшемі | 33,23 Kb. | | #75183 |
| Байланысты: Документ (2)Глюкозаның тіндердегі өзгерісі.
жасушадағы глюкозаның 65%-ы – энергия көзі, 30%-ы липидтер синтезіне (липонеогенез), 5%-ы – гликоген синтезіне жұмсалады.
Глюкозаның тотығу түрлері. Глюкозаның тотығу жолдары. Глюкоза 2 түрлі жолмен тотығады, 2/3 гликолитикалық , 1/3 пентозофосфатты жолмен тотығады.
Глюкозаның анаэробты жағдайда тотығуы гликолиз деп аталады.Анаэробты гликолиз кезінде 1 молекула глюкозадан 2 молекула лактат және 4 АТФ түзіледі. 1 молекула глюкоза аэробты гликолитикалық жолмен тотыққанда 36 немесе 38 АТФ түзуге жеткілікті энергия бөледі.
Глюкозаның анаэробты гликолитикалық жолмен тотығуының энергиялық балансы: егер гликолиз глюкозадан басталса, глюкозо-6-фосфат пен фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 2 молекула АТФ жұмсалады. Сонымен гликолиз нәтижесінде 4 АТФ түзіледі, ал қорда 2 АТФ қалады. Егер гликолиз гликоген ыдыраған кезде түзілген глюкозо-6-фосфаттан басталса, фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 1 АТФ жұмсалып, 3 АТФ қорда қалады.
Глюкозаның аэробты жағдайда тотығуы келесі сатылардын: глюкозаның ПЖҚ-на дейін тотығуы; ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденіп АСҚ түзуі; АСҚ-ның ҮКЦ-детотығуы; БТ, энергия және эндогенді судың түзілуі; ТФ, АТФ түзілуі.
Глюкозаның аэробты жағдайда тотығуының энергиялық балансы: цитоплазмада 2 АТФ және 2 НАДН2 түзіледі. 1 молекула глюкоза аэробты жолмен тотыққан кезде 2 молекула ПЖҚ түзіледі. ПЖҚ митохондрияға түсіп тотығудан декарбоксилденіп 2 молекула АСҚ және 2 молекула НАДН2түзеді. Митохондриядағы 2 молекула НАДН2 БТ-да тотығып 6 АТФ түзеді. 2 АСҚ Кребс циклінде тотығып 6 НАДН2, 2ФПН2 және 2АТФ, түзеді.Сонымен 2АСҚ тотыққанда 24 АТФ түзіледі. Митохондрияда: 24+6=30АТФ. 30АТФ+2АТФ(цитозолде гликолизде түзілген) = 32АТФ. 4 немесе 6АТФ цитозольді НАДН2 глицерофосфатты (4) немесе малатты (6) шөрнек механизмі арқылы
митохондрияға тасымалданып тотыққанда түзіледі.Сонымен глюкоза глицерофосфатты шөрнек механизмі арқылы тотықса 36 АТФ , малат шөрнек механизмі арқылы тотықса 38 АТФ түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|