4. ДӘрістер тезистері


Зияты зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру



бет14/14
Дата15.04.2023
өлшемі247,5 Kb.
#82871
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Зияты зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру
Ақыл ойдың кемтарлығы деген кең мағынадағы ұғым , ол түрлі науқастар мен жағдайларды біріктіреді. Арнайы педагогика нақты психикалық дамуы тежелген және зиятында ауытқуы бар балаларға арнайы білім беру мәселесін қарастырады.
Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды , функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ мерзімде әлеуметтік депривацияға ұшырауы т.б. бұл балалардың эмоциясы – ерік сферасын , таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі , оның сапалы ерекшеліктері педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі , жөнделуі мүмкін.
Психикалық дамуы тежелген деген терминді Т.Е.Сухарева өз зерттеуінің нәтижесінде ұсынған.
ПДТ барлық түрі бір-бірінен құрылуынан және инфантилизмнің құрылысы мен нейродинамикалық бұзылыстарымен сипатталады. ПДТ балаалрдың жалпы ерекшеліктері :

  1. ПДТ балалары арнайы оқыту жағдайларын қажет етеді.

  2. Қалыпты дамыған балаларға қарағанда ПДТ балалардың жұмыс қабілетінің көлемі төмен.

  3. Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:

  • Ызың және ысқырық дыбыстардың бұзылуы;

  • Фонематикалық естудің және фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігі;

  • Анализаторлардың жұмысының жетіспеушілігі, кемшілігі.

  • Сөздік қорының шектелуі;

  • Байланыстыра-логикалық сөйлеуінің бұзылуы.

  1. Жазбаша сөйлеуінде ПДТ балалар ерекше қателер жібереді. Себептерін есекре отырып, топтарға бөлуге болады:

  • Фонематикалық естудің жетіспеушілігі;

  • Дыбысты талдауының дамымауы;

  • Лексикалық-грамматикалық сөйлеудің толық дамымауы;

Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі әр елде өзгеше ұйымдастырылған, оның себебі: экономикалық тарихи қалыптасқан дәстүрлер, мәдениеттің даму деңгейі мен әлеуметтік саясаттың бағыты.
Батыс Еуропа және АҚШ елдері зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқи алатын , оқуға қабілетті , яғни жалпы мектептерде білім алуға қабілетті (жеке білім беретін оқу бағдарламасы бойынша) және арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде машықтандыру арқылы кейбір жетістіктерге жете алады деп есептейді.
Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап аталмыш елдерде оқи алатын және оқи алмайтын көрсеткіші бойынша балаларды бөліп , ажыратып оқыту тәжірибесі тоқтатылды (дискриминацияға қарсы және демократия бағытын басшылыққа алу қозғалыстар әсерін тигізді).
Шетел мамандардың пікірі бойынша зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға бірінші күннен бастап біріктіріп оқытуға қосу қажет, өйткені бала басқа балалар ортасында өзін ұстауға үйренеді, қарапайым оқу дағдыларын меңгере алады (басқаларды тыңдау , қарапайым өтініштерді орындау, өзіне қажетті қызмет көрсету дағдыларына үйрену сияқты). Ата-аналарын арнайы дайындау орталықтары және мектеп жасына дейінгі топтарда тәрбиелеу мен оқыту арқылы зиятында ауытқушылықтары бар балаларды мектепте білім алуға арнайы шаралар ұйымдастырылады.
Батыс Еуропада қалыптасқан дәстүр бойынша ата-аналар мен қамқоршылар зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін мемлекеттік немесе жекеменшік білім беру мекемелерін таңдауға құқылы.
Зиятында ауытқушылықтары бар тұлғалар бастауыш және кәсіби білім алуға құқылы. Бастауыш білімнің мазмұны – оқу, жазу , есептеудің қарапайым деңгейіндегі білім , икемділік пен дағдыны қамтиды. Аталмыш тұлғалар меңгере алатын кәсіби мамандықтар: автослесарь , көлік технигі, тоқымашы, үйді жинау, бақша күту, қойма ұстау, науқастарды күту, қарау т.б.с.с. бұл мамандықтарға зиятында ауытқушылықтары бар тұлғаларды арнайы кәсіби мекемелерде оқытады.
Шет елдерде зиятында терең ауытқушылығы бар тұлғаларға арналған «қорғаушы еңбек жүйесі» енгізілген, нақты жұмыс орнында табыс тауып, өз еңбектерінің пайдасын көруге жағдайлар қамтамасыз етілген.
Біздің елдерде зиятында ауытқушылықтары бар балалар мен ересек тұлғалар Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі қарамағындағы арнайы инетрнат үйлерінде өмір сүреді. «Ақыл ойы имбецил немесе нақұрыстық деңгейдегі , немесе дебильдік деңгейі тірек-қимыл-қозғалысындағы ауытқушылықтармен күрдеоенген жағдайдағы балалар » атты ережелер бойынша балалар жоғарыда аталған мекемелерге жіберіледі. Зиятында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ең алғаш бағдарламалары 60-70 жж. әзірленген , олардың мазмұны психикалық процестерді жан-жақты дамыту, кемістіктерін түзету, сөйлеу тілін дамыту,тқарапайым өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыру.
Бұл жүйедегі қазіргі жетістіктердің бірі – ерте жастан көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу.
Қазіргі күнде зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға Кеңес» , «Алпамыс» атты арнайы мекемелерде кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі, жақсы нәтижелермен балалардың мүмкіндіктеріне сенім тудырады. Ал арнайы интернат-үйлерінде аталмыш балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және қарапайым білім , икемділік пен дағдыларға үйрету тәжірибесі жоба ретінде жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, соңғы жылдардағы арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктердің бірі зиятында ауытқушылықтары бар балалар оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде арнайы көмек көрсету , ол үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет