4. ДӘрістер тезистері


Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі



бет11/14
Дата15.11.2023
өлшемі66,12 Kb.
#122485
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі
Логопедия-сөйлеу тілі , ооның дамуын , бұзылуын зерттейтін және оны арнайы оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін қолдану арқылы түзетумен болдырмауын қарастыратын ғылым. Логопедия өз дамуында неврология, нейропсихология, нейрролингвистика, психология мен педагогика ғылымдарына негізделеді. Аталмыш ғылымдар логопедия үшін өз маңыздылығын білдіреді, өйткені сөйлеу тілдің бұзылыстарының пайда болу механизмін , кемістіктің құрамын ғылымми тұрғыдан зерттеп, сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалар арнайы бала-бақшаларда және жалпы бала-бақшалардағы арнайы топтарда түзетушілік педагогикалық , логопедиялық көмек алады. Бұл бала – бақшалардың негізгі міндеттер:

  • Тілі кемістіктерін түзету ;

  • Жалпы мектептерде білім алуға дайындау;

  • Сөйлеу тілінде ауыр кемістігі бар балаларда арнайы мектепте білім алуға дайындау.

Арнайы топтар сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі бар , сөйлеу тілінің жалпы жетіспеушілігі бар, тұтықпасы бар балалар үшін ашылады. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны арнайы бағдарламаларда көрсетілген, олардың негізгі тараулары:

  • Ойын

  • Еңбек

  • Дене және ән-күй тәрбиесі

  • Қарапайым математикалық түсініктерді дамыту

  • Қоршаған айналамен таныстыру

  • Сурет салу және құрастыру

  • Сөйлеу тілін дамыту.

Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған бала-бақщалардың тәжірибесі жүргізілетін әрекеттің жоғарға нәтижесін көрсетеді, мысалы, тәрбиеленушілердің 80% жалпы мектепте білім алуын жалғастырады.
Келесі мекеме ол логопедтіак пунктер- логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы. Логопедтік пункті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтің пункте топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп беріледі. Бұл ұйымның қызметі «логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережесінде» көрсетілген. (« Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» ҚР білім және ғылым министрлігі 2004 ж )
Сөйлеу тілінде ауытқушылықтар бар тұлғалар үшін денсаулық сақтау жүйесінде , нақты емханаларда логопедтік кабинеттер қызмет етеді. Бұл кабинеттерде логопед жүйелі сабақтар өткізу арқылы тіл кемістіктерін түзету жұмысын атқарады, халыққа кеңес береді және сөйлеу тілінде кемістердің алдын алу шаралары туралы білімді нәсихаттайды.
Мұғалім – логопед болып дефектологиялық білімі , «логопедия» мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен «орыс (қазақ) тілі мен әдебиеті мұғалімі» , «бастауыш сыныптарының мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелер мұғалімдері үшін белгіленген тәртіппен тағайындалады және жұмыстан босатылады.
Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтауға, пункті жинақтауға түзете оқытудың сапасына жауап береді.
Мұғалім-педагогтің жұмысына басшылықты және бақылауды логопедтік пунктің қарамағындағы білім беруді басқару органы , сондай—ақ логопедтік пункт базасында ашылған мектепке дейінгі ұйымның , мектептің әкімшілігі жүзеге асырады.
Бұл топтағы балалар кейбір ерекше жағдайларда емханаларда дәрігерлік көмекті қажет етеді. Ал негізгі мекеме – ол сөйлеу тілінде ауытқушылықтары бар балаларға арналған мектептер жүйесі.




12



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет