Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының білім ,жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» коммуналды мемлекеттік мекемесінің
Музыка-ырғақ пәні мұғалімі, дефектолог Бекенбаева Ақсұлу Ергешбайқызы
ОҚО. Түркістан қаласы
Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.
Тіл кемістігі бар балалар саны қазіргі кезде көбейе бастады. Арнайы мамандар мен ұстаздарды балалардың тілінің дамуы алаңдатуда.Әр түрлі дәрежедегі тіл кемістігі балалардың психикалық, физикалық, ақыл-ойының дамуына кері әсерін тигізеді, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына кедергісін келтіреді, балаларды психикалық ауытқуға ұшыратады және баланың өз-өзіне сенімсіз, жасқаншақ, тұйық болып өсуіне әкеліп соғады. Тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі- логопедиялық ритмика, бұл белсенді терапияның бір түрі.
Логоритмика – қимыл әрекеттерге арналған жаттығулардың жүйесі. Әр түрлі қимылдар арқылы арнайы материалдарды қайталаумен беріледі. Логоритмикалық сабақтарда балалардың тыныс алуын, қимыл- қозғалысын, сөз- қимылды әрекеттерінің жағымды түрде қайта құрылуы жүреді.
Логоритмикалық сабақтарда саусақ ойындары, көзге арналған жаттығулар, әуен арқылы әр түрлі бағытқа жүру, жүгіру, өлең сөздерімен қимыл- әрекет көрсету, мимикалық жаттығулар, сөйлеу тілді ойындар кіріктіріледі. Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатымызда, түзете-дамыта оқыту жүйесінде, білім беру мазмұны дәстүрлі жүйенің базалық компоненттерін сақтай отырып, оқытудың түзете-дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Аталған жүйеде эстетикалық цикл пәндеріне (логопедия, ырғақ, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене тәрбиесі) нақты тәжірибе негізінде алынған білімге үлкен мән беріледі.
Музыкалы ритмиканың негізгі қағидасы қимыл-қозғалыстың музыкамен байланыстылығында. Музыканы таңдауға үлкен көңіл бөлінеді,балаларды музыка түрін, қарқынын, музыкалық фразалардың қарама-қайшылығын ажыратуға, музыка әуеніне қарай қимыл-қозғалысын өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың нәтижесінде музыка түрін, қарқынын басшылыққа ала отырып, қимылды өз бетімен орындауға дағдыландыру болып табылады.
Мақсатым : Логопат балалардың тіл кемістігін түзету. Балаларға үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы түсініктерін тереңдету. Жануарлар әлеміне саяхат арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Тілдің грамматикалық құрылымын арттыра отырып сөздік қорларын молайту. Ойлау, есту, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін - өзі қадағалауға дағдыландыру. Дыбыстарды буын, сөзде дұрыс айтуға машықтандыру. арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, бейнелі суреттер бойынша тілдің грамматикалық құрылымын дамыту. Сұрақты тыңдай білуге, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөздерде анық, таза айтуға үйрету. Зейінін, есте сақтау, елестету, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуларын, мимикалық , сергіту сәттерінің дұрыс орындалуын қалыптастыру. Танымдық қабілеттерін арттыру. Саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын арттыру.
Логоритмикада өткізілген сабақ үлгісін тәжірибе алмасу ретінде ұсынып өтейін:
Достарыңызбен бөлісу: |