4 дәрістің тақырыбы: Мәліметтер базасын жобалаудың негізгі сатылары. (1 сағат) Бақылау сұрақтары



Дата21.11.2023
өлшемі36,09 Kb.
#125088

4 дәрістің тақырыбы: Мәліметтер базасын жобалаудың негізгі сатылары.
(1 сағат)
Бақылау сұрақтары

  1. ДБ қандай өмірлік цикл сатылары бар?




  1. ДБ жобалаудың қандай сатылары бар?

Жалпы жобалаудың келесі сатыларын бөліп қарастыруға болады:

  1. Жүйелік анализ және пәндік облыстың ақпараттық объектілерін ауызша суреттеу.

  2. Пәндік облыстың инфологиялық моделін жобалау – қандайда бір семантикалық модель терминдерінде пәндік облыстың объектілерін жартылай суреттеу, мысалы Е-моделі терминінде.

  3. ДБ даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни деректердің даталогиялық моделімен қабылданған терминдерде ДБ суреттеу.

  4. ДБ физикалық жобалау, яғни қосымшаның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған сыртқы тасымалдағыштарда ДБ тиімді қойылуын таңдау.




  1. Пәндік облыстың жүйелік анализі сатысында не жүзеге асырылады?

Жүйелік анализ шеңберінде ДБ жобалау көзқарасымен бірінші сатыны жүзеге асыру қажет, яғни пәндік облыстың объектілерін және суреттелетін объектілер арасында бар нақты байланыстарды ауызша суреттеу. Берілген суреттеу пәндік облыс объектілері арасындағы барлық байланысты анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек.



  1. Пәндік облыс құрамын таңдауға қандай нұсқалар бар? Олардың мазмұнын ашыңыз.

Жалпы пәндік облыстың құрамы мен құрылымын таңдауға екі нұсқа бар:

  • Функционалды нұсқа — ол «есептерден» қатынас принципін өндіреді және қарастырылып отырған ДБ құруға арналған ақпараттық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін есептер кешені мен қандайда бір топтардың функциялары белгілі болғанда қолданылады. Бұл жағдайда біз суреттелетін пәндік облыс объектілерінің минималды қажетті жиынтығын нақты қарастыруға болады.

Пәндік нұсқа — ДБ пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері қатаң белгіленіп отырмаған кезде. Олар көпаспектілі және динамикалық болуы мүмкін. Суреттелетін пәндік облыс объектілерінің минималды жиынтығын нақты бөліп қарастыра алмаймыз. ДБ пәндік деп аталады, яғни ол көптеген әр түрлі, алдын-ала анықталмаған есептерді шешу кезінде пайдаланылуы мүмкін.



  1. Инфологиялық жобалау сатысында не орындалады?

Пәндік облыстың инфологиялық моделі (ИМ) – бұл бағдарламалық және техникалық әдістерді қолдануға ориентациясыз орындалған пәндік облысты суреттеу. Пәндік облыс туралы бастапқы шарт кіреді. ИМ құру сатысы инфологиялық жобалау деп аталады.



  1. Даталогиялық жобалау сатысында не орындалады?

ДБ даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни деректердің даталогиялық моделімен қабылданған терминдерде ДБ суреттеу.
Деректер базасының даталогиялық модельі (ДМ) – логикалық деңгейдегі модель, логикалық байланыстарды суреттеу мен оларды сақтау ортасына қатыссыз деректер элементі арасын көрсетеді. Жобаланатын деректер базасында, ДББЖ-де пайдаланылатын ақпараттық бірлік терминінде құрылады. ДМ құру сатысы даталогиялық жобалау деп аталады. ДББЖ тілінде Деректер базасының логикалық құрылымын суреттеу схема деп аталады.

  1. Физикалық жобалау сатысында не орындалады?

ДБ физикалық жобалау – бұл қосымшаның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған сыртқы тасымалдағыштарға ДБ тиімді салуды таңдау.
Физикалық жобалау нәтижесі сақтау ортасына даталогиялық модельді байланыстыру үшін пайдаланылатын физикалық модель болып табылады.
Егер логикалық модель ақпарат құрылымын және сұралған ақпаратты іздеу үшін қажет орындалатын операциялар құрамының көзқарасымен деректер базасын тиімді салуды анықтаса, онда физикалық өндіру ақпараттың элементін іздеу операциясын орындау тиімділігін анықтайды. Деректер базасын басқарудың қазіргі жүйесі деректердің логикалық құрылымын автоматты түрде көрсетуді физикалық жадыға өндіреді және іздеу процедураларының жиынтығын көрсетеді.



  1. Инфологиялық модель дегеніміз не?

Пәндік облыстың инфологиялық моделі (ИМ) – бұл бағдарламалық және техникалық әдістерді қолдануға ориентациясыз орындалған пәндік облысты суреттеу. Пәндік облыс туралы бастапқы шарт кіреді. ИМ құру сатысы инфологиялық жобалау деп аталады.



  1. Даталогиялық модель дегеніміз не?

Деректер базасының даталогиялық модельі (ДМ) – логикалық деңгейдегі модель, логикалық байланыстарды суреттеу мен оларды сақтау ортасына қатыссыз деректер элементі арасын көрсетеді. Жобаланатын деректер базасында, ДББЖ-де пайдаланылатын ақпараттық бірлік терминінде құрылады.

  1. Физикалық модель дегеніміз не?

Физикалық модель (ФМ) – сақтау ортасына даталогиялық модельді байланыстыру үшін пайдаланылады. ФМ жобалау сатысы физикалық жобалау деп аталады.

  1. ДББЖ таңдау қашан жүзеге асырылады?



Әдебиет: (1)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет