Инклюзивті оқыту



Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30989

Инклюзивті оқыту

Инклюзивті оқыту туралы мұғалімдердің түсінігін кеңейту, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатының маңыздылығы

Жaлпы мaқcaты:

1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілетілігімен,жеткен жетістіктерімен анықталады.  2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 4.Барлық адам бір-біріне қажет. 5.Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8.Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейтеді.

Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек. Неміс педогог-дефектолог П.Шуман.


Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда»

ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын»

деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

Күтілетін нәтиже: -психофизиолгиялық мүмкіндігі дамиды. -оқудағы негізігі қиындықтары жойылады. -Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды,жағымды мінез-құлық қалыптасады. Психологиялық диагоностикада таным процестерін зерттеу,қарым-қатынас диогностикасы,мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық дамыту және түзету жұмысында таным процестерін дамыту және түзету, мотивациялық және эмоциялық аясын дамыту және түзету,қарым-қатынас аясын түзету және дамыту бағытындағы жұмыстар жүгізіледі. Психологиялық кеңес беру бағытында баланың дамуындағы ата-ананың көмегі, дау-жанжал жағдайындағы мінез-құлқы және оны басу әдісі, баламен жағымды қарым-қатынасқа жету жолы туралы ата-аналарға кеңес, жадынамалар беріледі. Психологиялық ағарту бағытында мұндай балаларды қалай тәрбиелеу,қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы әңгіме,дәріс,жадынама,тренинг,тақырыптық баяндамалар арқылы ата-аналарға психологиялық білім беріледі.

Сергіту сәті

Мен стакандағы сумын, өйткені... Мен биік жартаспын,өйткені... Мен сүрлеу жолмын,себебі... Мен балыққа ұқсаймын,өйткені... Мен қызық кітаппын,себебі... Мен шамшырақпын...

Бейне жазба көрсету (қытай балеті)

Постер қорғау 1. Осындай жандардың қиындықты жеңуіне қандай күш итермеледі және нені үйренуге болады? 2.Болашақта инклюзивті мектептің мұғалімі ретінде сіз не істер едіңіз?


Математика сабақтарында инклюзивті оқытуды қолданудың тиімді тәсілдері

Математика сабағында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың екі бағытын айқындауға болады.

1. Жаңа тақырыпты өту барысында формулалар, дәлелдеулер, сызбаларды, графиктерді слайдпен көрсету уақытты үнемдеу.

2. Орындалған тапсырманың дұрыстығын оқушылар өздері компьютер арқылы тексереді. Бұл ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдана отырып пәнге деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын дамыту, өз қабілетін жақсы жаққа дамытуға мүмкіндік тудырады.

Жаңа ақпараттық құралдарды қолданғанда күтілетін нәтижелер:

- даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білімді жеңіл меңгеруге көмектеседі;

- оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастырады.

- бірлескен әрекеттің түрлерін ұйымдастыру арқылы топтық орта құру.



Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті технологиялары

«Кубизм»


«Блум таксономиясы»

«Ассоциация»

«Синквейн»

«Джигсо»


Математикалық ойындар

«Айырмашылығын тап»

«Сәйкестендір»

«Артығын тап»

«Жалпы қасиетін тап»

«Домино»

«Бинго»

«Ребустарды шешу»

Инклюзивті білім берудің артықшылықтары

мен кемшіліктері

«Аялы алақан»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет