2. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары. 3. Әлеуметтену кезеңдері.
«Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
«Тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Тұлға туралы тұжырымдамалар тұлғаның қалыптасуында әр түрлі әлеуметтік фактілерге сүйенетін теориялардан тұрады. Мұндай теорияларға: «Айнадаға Мен»; рөлдік; мәртебелік; әрекет; әлеуметтанудағы необихевиоризм бағытының кейбір теориялары; психобиологиялық; референттік топ, нұсқау, т.б. теориялар жатады.