Әлеуметтанушылар бірегейлендірудің екі түрін бөліп көрсетеді:
әлеуметтік бірегейлендіру
белгілі бір адамға қоғам таңатын (беретін) белгілердің жиынтығы. Олар тасымалдаушысының кім екенін көрсететін бірегейлендіру белгілерінің бір түрі ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге олар қандай да бір адамды оған ұқсас белгілері бар адамдар кіретін белгілі бір топтың мүшесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Адамның студент, ана, адвокат, католик, үйсіз, азиялық, үйленген және т.б. екендігі туралы айтқанда, біз оның әлеуметтік бірегейлігін айтқан боламыз.
өзін-өзі бірегейлендіру (немесе жеке сәйкестендіру)
Өзін-өзі бірегейлендіру жеке тұлғаны дамыту процесінің бөлігі ретінде жүзеге асырылады. Оның барысында біз өзімізді және айналамыздағы әлемді қабылдауды үйренеміз.