|
Байланысты: Күн 4 Оқыту құрылымы қандай болмақ (бүкіл сынып, топ т.б.)? Оқытуды тиімді ету үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз? Оқушылардың тәртібін қалай басқарасыз? Оқушылар білім алуы үшін Сіз нені үйретуіңіз керек? Тілдік мақсаттарды, пән бойынша арнайы лексиканы және негізгі тіркестерді қолдануды естен шығармаңыз. 4-күн, 1-сабақ. Сабақ жоспарының ерекшеліктері (3) Ресурстар: - Сабақ барысында оқушыларға және сізге қажет болатын материалдар мен жабдықтарды анықтаңыз – қандай орын/бөлме қажет болады?
- Қандай денсаулық сақтау және қауіпсіздік шаралары лайықты болмақ?
Бағалау мүмкіндіктері: - Оқу мақсаттарына жеткендігінің дәлелдері қандай болмақ?
- Бұл белгілерді қалай анықтайсыз?
- Бағалаудың нақты қандай әдісін қолданасыз (қадағалау, пікірталас, ескертпе жазбалар, аяқталған жұмыс, фото және жазбалар т.б.)?
Пәнаралық байланыс: - Қандай оқу мүмкіндіктері беріледі?
4-күн, 1-сабақ. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау: білім беру бағдарламасы Тосыннан қосыла отырып, есіндегі қарапайым музыкалық материалды шулы аспаптарда ойнап ән айту. - Тосыннан қосыла отырып, есіндегі қарапайым музыкалық материалды шулы аспаптарда ойнап ән айту.
- Өзге орындаушыларға тосыннан қосылу.
- Дыбыстар, әуендер және ырғақтармен танысу үшін өз дауысы мен шулы аспаптарды пайдалануды бастау.
- Ұлттық музыканы және әлемдік мәдениет музыкасын тыңдауды үйрену.
- Музыканы суреттеу үшін қарапайым музыкалық терминдерді (жоғары, төмен, қатты, ақырын, т.б) қолдануды бастау.
- Қарапайым шулы аспаптардың көмегі арқылы түрлі дыбыстық композицияларды, шығармашылықпен ұсынуды және зерттеуді бастау.
- Қарапайым тілді, қимыл және музыкалық көрсетілімдерді пайдаланып, музыка жайлы өз сезімдері мен әсерін түсіндіре алу.
- Музыкалық қойылымдарды көрсету үшін идеяларды жинақтау.
- Өз жұмысы туралы пікірін айта білу.
- Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|