4-күн Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау



бет1/6
Дата11.12.2023
өлшемі170,4 Kb.
#137223
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

4-күн

Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау

4-күнге шолу жасау

  • 1-сабақ
  • Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау

  • 2-сабақ
  • Сабақты жоспарлау (1)

  • 3-сабақ
  • Сабақты жоспарлау (2)

    Бағамдауға арналған жаттығу: Жоспарлау

  • 4-сабақ
  • Ықшамсабақты жоспарлау

    Бағамдауға арналған жаттығу: Жоспарлау

4-күн, 1-сабақ. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау: сабақ мақсаттары

  • Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлаудың ерекшеліктерін түсіну
  • Оқу жоспарындағы орта мерзімді жоспар мен сабақ жоспарының арасындағы байланысты түсіну
  • Бағалау жөніндегі нұсқаулықты пайдалана отырып қалай жоспарлау керек екенін түсіну

Ұзақ мерзімді жоспар
Орта мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
4-күн, 1-сабақ. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауға шолу
Жоспарлаудың әрбір кезеңінің басты ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

Ұзақ мерзімді жоспар:

  • белгілі бір уақыттағы, айталық бір жыл ішіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны мен ауқымы туралы жалпы түсінік береді;
  • мектептің мақсатын, саясатын және материалдық базасын көрсетеді;
  • бірнеше жылға арналған кезең ішіндегі жалпы, келісілген бағытты бейнелейді;
  • білім беру бағдарламасының «жол картасы» болып табылады;
  • бейімдеуге келеді және жағдайға/қажеттілікке қарай дамиды;
  • білім беру бағдарламасының салалары арасындағы байланысты анықтайды;
  • кезеңдер мен жылдар арасындағы алға ілгерілеуді көрсетеді;
  • кері байланыс арқылы бағамдайды;
  • орта мерзімді жоспарға негіз болады.

4-күн, 1-сабақ. Ұзақ мерзімді жоспарлау

Орта мерзімді жоспар:

  • нақты бір саладағы тиісті мақсаттар мен бағалау нәтижелері бойынша алға ілгерілеуге бағытталған;
  • ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тақырып аясында тоқсан бойында қамтылатын тақырыптарды сипаттайды;
  • мұғалімдердің/ сынып жетекшілерінің жауапкершілігінде;
  • оқу мақсаты мен нәтижесіне ұмтылатын оқушыларға қолдау көрсететін жаттығулар мен әдіс-тәсілдерді анықтайды;
  • сабақтар үдемелілігі үйлесімді/ қызықты түрде ұсынылған;
  • оқуды мағыналы етіп, пәнаралық байланыс орнатады;
  • оқушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге және дамытуға келеді;
  • қысқа мерзімді жоспарға негіз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет