4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Мәлік Ғабдуллин – фольклортанушы



бет20/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
ха общий

35.Мәлік Ғабдуллин – фольклортанушы
Мәлік Ғабдуллин ( 1915-1973) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
Ол 1947 жылы «Қобыланды батыр жырын зерттеу проблемалары» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты атанса, 1958 жылы «Қазақ халқының дәстүрлі ауыз әдебиеті» атты зерттеуі үшін филология ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды.
М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды.

  «Қазақ әдебиеті» газетінің 1940 жылғы 28 қаңтардағы санында жарияланған «Халық фольклоры жайында» деген мақаласында М.Ғабдуллин фольклортанушы ғалым әрі жинаушы, әрі зерттеуші болу керек екенін тағы да ескертеді. «Фольклорда, әсіресе, батырлар жырын зерттеуде біздің алдымызда бірнеше күрделі міндеттер тұр», -деп жазды ғалым.

М.Ғабдуллин өз мақаласында былай деген еді: «Шынын айту керек, фольклор туралы жалпылама әңгіме айту, жалпылама шолақ қорытынды жасау оңай, ал, жеке жырды алып талдау, сол жөнінде зерттеу жазу анағұрлым қиын».
М.Ғабдуллин өзіне тән батылдықпен оңайға емес қиынға барды, зерттеу тақырыбы етіп «Қобыланды батыр» дастанын алды. Оның «Қобыланды батыр» жайындағы алғашқы ғылыми мақаласы «Әдебиет және искусство» журналының 1940 жылғы 3-ші санында басылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет