4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер



бет21/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
ха общий

36. Бақсы сарыны.
Көне заманнан келе жатқан бақсылыққа байланысты туып, ата-баба аруағын қастерлеу, Көк тәңірге табыну, болашақты болжау, ауруды жын-перілердің жәрдемімен айықтыру, т.б. байланысты қалыптасқан.

Оның негізгі сипаты — синкреттілігі. Бақсы сарынын орындаушы әрі ақын, әрі биші, әрі сазгер. Ол аруақтармен өлең-жыр арқылы тілдесіп, іс-әрекетін би қимылдары арқылы жүзеге асырған. Бақсы сарыны халық поэзиясына тән 7 — 8 буындық жыр немесе 11 буындық қара өлең өлшемінде құрылып, арнайы музыкалық сарынмен орындалған. Ерте кездерде бақсылар асатаяқ, кепшік секілді ұрмалы аспаптарды пайдаланса да, негізгі құралы — құлағына қоңырау, шанағына айна орнатқан қасиетті қобыз. Бақсы сарыны ұлттық музыка мәдениетінің тарихи негіздерін, стильдік ерекшеліктерін зерттеу үшін аса қажетті, маңызды мұра болып табылады. Оның фольклорлық-этнографиялық үлгілерін әдебиетші-ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, т.б. зерттеп, өнер саласында А. Затаевич, Б. Ерзакович, Б. Қарақұлов, Т. Бекхожиналар бірқатар үлгілерін жазып алып, нотаға түсірген. Бір-біріне ұқсай бермесе де, сол негізде Бақсы сарынының кейбір стильдік ерекшеліктерін саралауға болады. Олар: музыкалық-әуенді-сөздік құрылымы, октава көлемінен аспайтын шектеулі диапазоны, аралас метрикалық өлшемі және бірде диатоникалық, бірде хроматикалық жүйеге жуық әуендік негізі. Бақсылық үрдістің бірте-бірте жойылуына байланысты бақсы сарыныда сирек құбылысқа айналып, қазірде өмірден өшіп бара жатқан әдет-ғұрыптардың санатына қосылған.



37. Тарихи жырлар - белгілі тарихи окиғаға байланысты туған эпиалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдіп сақтала бермейді. әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік. коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан корытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалык мақсаттар қаға беріс калып, жалпы халыктық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар Тарихи жырларда ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе көркемдеу құралы (гипербола) Тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі - ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары - көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды. "Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" (Әуезов М., "Уакыт және өдебиет", 1962, 75-бет). Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде Тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар). Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды. Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б. Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет