Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.)
Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):
1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
3) батырға тән балалық шақ;
4) алғашқы ерлік;
5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);
7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
Батырларға тән ерліктер:
1) жаудың шабуылы туралы хабар;
2) жорыққа аттану;
3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);
4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
5) жеңіспен елге оралу.
Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету:
1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);
2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді ниет етуі;
3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде келу;
4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;
5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;
6) той.
88.Жарапазан бір түріне талдау жүргіз
Маусымдық ғұрыптарға байланысты туған өлеңдердің бірі – жарапазан.
Діни сарындық мотив. Жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем. Жарапазанның арнаулы баталары да болған. Онда қораңа мал толсын, әйелге қошқардай қос ұл ту, ол батыр болсын деген жақсы ниеттер айтылған. Ғалым Ә. Қоңыратбаев: «Жарапазанның басы мақтау, хикаялау, аяғы алғыс, бата болып келеді», – дейді. Жұмыста жарамазан, үмбет, ауыз ашар, намаз, екінді, бесін, ораза, сәлде сияқты сөздерге де тілдік салыстырма талдаулар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |