83. Өлік жөнелтуғұрпының фольклоры Қай заманда қай жерде болмасын, дүниеден озған жанды қастерлеп шығарып салу, ақырғы сапарға бүкіл жөн-жосығы-мен аттандыру—тірілер алдындағы ұлы міндет. Оның өзі түрлі тарихи даму жолынан өтіп, түрлі формада көрініс тапқан.
Аза тұтуға байланысты: өлім үстінде өкпе-назды ұмыту, қайғылы үйге салмақ түсірмей кәде-міндеттерін бөлісіп әкету, азаға жиналған халықгы күту кезінде даурықпай, дабырламай қабақпен ұғысу тәрізді ізгілікке, қайырым, мейірімге тәрбиелейтін дала мәдениеті қалыптастырған ұлттық құндылықтар осы салт-дәстүрлерде көрініс тапқан. Қазақ фольклорында бірде жоқтау, жылау, жоқтаған жыр, дауыс немесе зар, кейде теріс өлең деп аталып жүрген атаулардың қай-қайсысы да Жоқтау жанрының туу, даму сатыларынан хабардар етеді.
Қазақ дәстүрінде басқа халықтардағы секілді жоқтау айтудың ауыр жүгі әйелдер қауымының иығына түскен. Оны жиналған көпшілік ішінде арнайы тыңдалу үшін орындалатын жоқтау жолдарындағы әйелдің қиналысты халін танытатын мына жолдар айғақтайды.
Басымды салып базарға,
Көп ішінде, жақсылар.
Қиын екен сөз бастау,
...............................
Әрине, мұндай жоқтаулар көп әйелдер қатысып, көп болып
жылайтын ғұрыптың өзге бөліктерінен ерекшеленеді.
Жаназа намазын оқудың шарттары 1. Мәйіт мұсылман болуы керек. Мұсылман емес кісіге жаназа оқылмайды. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде: «Олардың біреу-міреуі өлсе, сен оған сірә да жаназа шығарма», – деген («Тәубе» сүресі, 84-аят).
2. Намазға мәйіттің болуы шарт, жоқ мәйітке жаназа оқылмайды.
3. Мәйіттің таза болуы. Мәйітті жумай немесе тәйаммум жасамай жаназа оқылмайды. Бұған барлық мәзһаб ғұламалары бірауыздан келіскен.
4. Мәйіт қауымның алдында болуы қажет. Имам Малик (р.а.) мәзһабынан басқа мәзһаб ғұламаларының шешімі бойынша, мәйіт қауымның артында болса, жаназа намазы дұрыс болмайды.
5. Жаназа намазын оқитын уақытта мәйіт хайуан үстінде, адамдардың қолдарында немесе иықтарында болмауы керек.
6. Мәйіт денесінің жартысынан көбі немесе жартысымен қоса басы болуы қажет.
Жаназа намазын оқушының тиісті 4 шарты бар:
1) Ниет айту;
2) Дәретті болу;
3) Құбылаға қарау;
4) Әуреттің жабық болуы.