Мақсаты: бір-бірімен сәлемдесіп, еркін қарым-қатынас жасауға бейімдеу, бір-біріне сенімділіктерін арттыру.
Оқушыларға нұсқау: Орындарыңнан тұрып, тренинг кезіндегі төсбелгілеріңдегі есімдер бойынша бір-біріңмен қарым-қатынас жасап, сәлемдесіп, қал жағдайларыңды сұрасып, бір-бірлеріңе жақсы тілек тілейміз.
Талқылау: Сендерге кімнің сәлемдесуі , кімнің тілектері ұнады? Саған жақсы тілек айтқанда өзің қандай сезімде болдың?
2-жаттығу «Менің мақсатым»
Мақсаты: Оқушыларға алдарына мақсат қоя білуге және де сол мақсатқа жетуде еңбек ету керектігін түсіндіру.
Оқушыларға нұсқау: Әр адамның алдына қойған мақсаты болады. Сол мақсатқа жету үшін еңбектенеді. Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың қандай? Сол мақсатқа жету үшін қалай әрекет жасайсыңдар? Барлықтарың ойларыңды ортаға салып, әңгімелеп беріңдер.
Талқылау: Саған бұл жаттығуды орындау барысында қандай қиындықтар болды?