4 Мүмкіндігі шектеулі балалар психологиясы
Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблеммаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959ж) Деклорациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты-аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы:
Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және де басқа адамдардың сүйіспеншілігі мен түсіністігіне, егер ағайын –туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы...».
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда осы орайда біздің міндетіміз- қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни денсаулық жағдайын, бала ағзасының дамуындағы бөгеттерді анықтап, мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне мүмкінділігі щектеулі балаларға әркез жәрдем беруге әзәрләгән қамтамасыз етуге үйрету. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасынада психикалық өзгерістерге алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі – жалпы педагогикалық принциптерімен анықталған, яғни оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі баланың кенжелігіне сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асқаны орынды. Және бұл қарым-қатынас қалыпты жағдайда өзара түсіністік, бір-біріне көмек беру жағдайында өткені дұрыс. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және олардың оптимистік рухта, өз -өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарам-қарсы екі ұғымнан тұрады. Бірі – «шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттілігіне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Ата-аналардың сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл-күйі түсіп, өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп, балалардың тіл дамуында, тәрбиесінде депрессияға тән көріністер пайда болады. Сонымен қатар психологиялық шеттету баланың интелектуалдық дамуына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар баланы тым бос ұстап еркелетеді, кез-келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қйындықтарға тап болады.
Алғаш рет ата-ана баланың үлгермеушілігін, басқа балалармен салыстырғанда қалыс қалушылық бар екендігін естігенде оларды үрей билейді. Одан кейін ата-аналар бір-бірін кінәлі санап, үйде ұрыс, жан-жал туындайды, бұл баланы күйзеліске әкеп соғады.
Балалардың ақыл-ой дамуындағы жеңіл ауытқулар «психикалық дамудың тоқтап қалуы» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар болып табылады. Сонымен қатар, дамудың тоқтап қалуы жоғары жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы соматикалық жағдайлармен, бас мидың жарақаттануымен, эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты болуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |