30
экстракорпорального оплодотворения // Психические расстройства в общей медицине. - 2008. -
№ 4. – С. 6-8.
2.
Пестрикова А.А. Суррогатное материнство в России: монография. – Самара: Самар. Гуманит.
Акад., 2008. – 180 с.
3.
Майфат А.В. «Суррогатное материнство» и иные формы репродуктивной деятельности в
новом Семейном кодексе РФ // Юридический мир. - 2000. - № 2. - С. 32-37.
4.
Мошкович Ю.И. Морально-этические вопросы правоприменения суррогатного материнства.
[Электронный ресурс] – Режим доступа: http://research-journal.org/featured/law/moralno-
eticheskie-voprosy-pravoprimeneniya-surrogatnogo-materinstva/.
5.
Свитнев К.Н. Обзор правоприменительной практики по делам, связанным с оспариванием
отказов органов ЗАГСа в регистрации детей, рожденных в результате реализации программ
суррогатного материнства // Семейное и жилищное право. - 2012. - № 1. - С.12-15.
6.
Свитнев К.Н. Вспомогательные репродуктивные технологии: Правовые коллизии. // Правовые
вопросы в здравоохранении. - 2011. - № 5. - С. 52-61.
7.
Шевчук С.С. Некоторые проблемы правового регулирования применения искусственных
методов репродукции» // Юрист. - 2002. - № 9. - С.18-25.
8.
Афанасьева А.И. Суррогатное материнство // Семейное право. - 2009. - № 8. - С 23-29.
ӘОЖ 94(524)
«ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕ» ЗАМАНЫ НЕМЕСЕ АЛТЫН ОРДАНЫҢ
ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ
Брімжан М.Н., Бимақанова З.Ш.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
XIII ғасырда Қазақстан монғол мемлекетінің құрамына кірді. Міне, осы кезеңнен
бастап ел билеуде моңғолдық дәстүр қалыптасты. Бұл дәстүр кейіннен Моңғол
империясының мұрагерлері болып табылатын ұлыстық мемлекеттерде, оның ішінде
кейінгі Қазақ хандығында да биліктік қарым-қатынастарды белгілейтін жүйені анықтап
берді.
Еуразиялық кеңістікте моңғол кезеңінде биліктің жаңа құрылымы мен көшпелілер
әлемінің жаңа саяси ұйымына негізделген жаңа этносаяси қоғамдар пайда болды. Бұл
этносаяси қауымдастықтардың ішінде халық ретінде қалыптасуы моңғол мемлекеттері
және олардың ыдырауымен тікелей байланысты болған бүгінгі қазақ халқы да бар еді.
[1, 3]
XIII ғасырдың басында ерекше геополитикалық жағдай қалыптасты. Түркі
руларының бірнеше ғасырға созылған үстемдік дәуірі аяқталды, енді олар бытырап,
отырықшы қоныстарға икемденген әлсіз қауымдарға айналды. Олардың жігер-күші
әлсіреп, қайраты мұқалды. Осынау шақта Ішкі Азиядан Шыңғыс хан бастаған
моңғолдар туын желбіретіп, тарих кеңістігіне ат ойнатып шықты. 1205-ші жылға дейін
Шыңғыс (Темучин) маңайындағы ірілі-ұсақты түркі-моңғол тілді тайпалардың бәріне
бас игізді, мақсатына жету үшін көшпелі рулардың ұйымшыл одағын құрды. Оларды
отырықшы елдерге қарсы ұлы соғысқа дайындады. Шыңғыс құрған мемлекеттің
құрамына әртүрлі тайпалар кіргенімен (моңғол-түркі), өзара даму деңгейі бір еді, тілі
ортақ болатын, мәдени тұғыры мен әлеуметтік құрылымы Түркі Қағанаттарының
мұрасын толық қабылдаған. Шыңғыс мемлекетінің кеңсесін, ханзадалардың тәрбиесін
ұйғыр ұстаздары жүргізгені де сол себепті. Темучинді – Шыңғыс деп жариялады.
Шамасы – Шыңғұз – бейне сөзінен шыққан болар. Шежіренің айтуына қарағанда, осы
31
жиынға үйсін Майқы би, қоңырат Сәңкеле би сияқты ел ағалары да қатысқан, он екі
ұлыстың басшысы қатарында ақ киіздің бір пұшпағын көтерген. Сол заманда Хорезм
мемлекетінің қарамағында болған Сыр бойындағы қалаларды жаулап алуды Шыңғыс
хан 1218-ші жылы бастады. Бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде Әму мен Сыр
арасындағы отырықшылар қонысын түгел бағындырып, моңғол әскері Солтүстік
Үндістан мен Иран жеріне аяқ басты. Ал Жебе мен Сүбедей бастаған 30 мыңдық әскер
Кавказды талқандап, Еділ бойындағы қыпшақ, алан, славян елдерін мойынұсындырып,
1223 жылы Жетісуға қарай оралды. Таяу Шығысты тұтас жаулап алу 1260 жылы
ханның немересі Хулагудың тұсында аяқталды. Ал енді Батыс Еуропаны жаулап алуды
Бату жалғастырып, 1242 жылы «жеті жылдық» жорықтың негізінде өзіне қаратты.
Қытайды бағындыруды 1207-ші жылы басталып, 1259 жылы Құбылай ханның
заманында толық іске асты. Яғни, Шыңғыстың бастаған шаруасын оның ұлдары мен
немерелері аса табандылықпен жалғастырып, жарты ғасырға жетпейтін уақытта
әлемнің негізгі бөлігін бір Ордаға топтастырды.
Шыңғыс хан өзінің көзі тірісінде қол астындағы иелікті төрт ұлына бөліп берген.
Үлкен ұлы – Жошыға – қыпшақ даласын, Шағатайға – Жетісу мен Түркістан өңірін,
Үгедейге – Шығыс Түркістаннан шығысқа қарайғы жерлерді, ал Төлеге – моңғол
қонысын еншіге берген еді. [2, 98]
Шыңғыс ханның тау суындай қарқынды жорығы XIII ғасырдың 40-шы
жылдарына дейін, бір ұрпақтың көз алдында Еуразияның Ұлы даласына толық
үстемдік жасап үлгерді. Алғашқыда Жошы ұлысы деген атпен шаңырақ көтерген
мемлекет кешікпей-ақ қанатын кеңейтті. [3, 53] Жошының көзі тірісінде оның ордасы
Ұлытауда болды (1227-ж.), ал ол өлгеннен кейін, Шыңғыс немерелерін шақырып алып,
он төрт ұлдың ішінде билікті Батуға берген болатын. Оның билік басына келу себептері
Өтеміс қажының еңбегінде суреттелген. 1236-шы жылы Бату империяның әскери
күштерін біріктіріп, кеңесшілікке Сүбедей баһадүрді алып, батысқа аттанады. Ал енді
Батыс жорығынан қайтқан соң, ордасын Еділ бойына тікті. Осының нәтижесінде
моңғол империясының батыс бөлігі «Алтын Орда» деп атала бастады. Оның ішкі
әкімшілік бөліктері есебінде еншілес інісі Сыбанға (Шибан) берген үлесі – «Көк Орда»
- Батыс Қазақстан жері мен Еділ жұрты, Батудың өз ағасы Орда Еженге берген үлесі –
«Ақ Ода» - қазақ жерінің көпшілігі. Бұл өлкені мекендеген елді «ноғайлы» деп атау
Алтын Орда заманында қалыптасты. Шығыс деректері бұрынғы дәстүрмен бұл өлкені
«Дешті Қыпшақ» деп атады.
Шығысында Балқаш көлі мен Ертіс бойынан бастап, батысында Қаратеңіз бен
Дунай өзеніне дейінгі өңір Алтын Орданың иелігінде болды. Әсіресе, Жошының бел
баласы Бату ханның бел баласы Бату ханның (1236-1256 жж.) батыл қимылдары Алтын
Орданың мемлекеттігін біржола орнықтырып, батысында Польша мен Венгрияға
дейінгі жерлерді, оңтүстігінде Кавказдың біраз бөлігін қол астына қаратты. Бату ханнан
кейін Берке (1257-1266 жж.), Мөңке Темір (1266-1280 жж.), Туда-Мөңке (1280-1287
жж.), Төле-Бұқа (1287-1291 жж.), Тоқты (1291-1312 жж.), Өзбек (1312-1342 жж.),
Жәнібек (1342-1351 жж.) сияқты хандар тұсында Алтын Орданың даңқы асқақтап, аяқ
жетер жердегі елдерді ықтырып отырды.
Алтын Орданы көлемі жағынан қарастырсақ, ол орта ғасырдағы ірі
мемлекеттердің бірі болып табылады. XIV-XV ғасырлардағы араб және парсы
авторлары оның көлемін жуықтап көрсетеді. Араб авторларының көрсетуі бойынша,
оның ұзындығы 8 айлық, ені 6 айлық жолды құраған. Басқа авторлар бұл мерзімді 6
айлық және 4 айлық деп көрсетеді. Дегенмен бұл сандар Алтын Орданың жалпы
аумағының көлемін ғана байқатады.
Алтын Орданың шекаралық аумағын саралай келе, оның орта ғасырлар
кезеңіндегі аса ірі мемлекет болғандығына көз жеткіземіз. Қуатты әскери күші мен
32
ұлан-ғайыр аумақты иеленіп жатқан мемлекеттің халқының саны да сәйкесінше болуы
тиіс еді. Этникалық тұрғыдан алғанда Алтын Орда халқы түрлі халықтардың басын
қосқан ала-құла мемлекет болды. Өкінішке орай, Алтын Орда құрылғаннан кейін
моңғол хандары жүргізген халық санағының материалдары ғылым үшін мәңгілікке
жоғалғандықтан, Жошы ұлысы халқының этникалық құрамы мен саны туралы нақты
мәліметтер беру өте қиын. Ең алдымен, Алтын Орда тұрғындарын құраған халықтар
ретінде моңғолдарға бағыныштылыққа түскен Еділ бұлғарлары, орыстар, башқұрттар,
мардовалар, ястар, шеркештерді атап өту керек. Сондай – ақ олардың қатарында
парсылар, армяндар, гректер, әзірбайжандар да болды. Дегенмен Алтын Орданың
негізгі халқын моңғолдар келгенге дейін Дешті Қыпшақ даласын мекендеген
қыпшақтар да құрады. Алтын Орда халқының этникалық құрамы әр текті болғандықтан
оның шаруашылық-мәдени типтері де алуан түрлі болды. XIV ғасырда моңғолдар іс
жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы татарлар деп атала бастады.
Белгілі шығыстанушы Л.Н. Гумелев атап көрсеткендей «жеңген моңғолдар өздері
құрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген және бағындырылған халықтар шын
мәніндегі қуатты күшке айналып шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған
басқарушылар бұл күшпен барған сайын жіті санасуға тиісті болды».
Алтын Орданы мемлекеттігін әлсіретіп, ақыр аяғында ыдырауға соқтырған
себептер: бірінші – этникалық әр тектіліктен туған сепарациялық ұмтылыстар, екінші –
ақсүйектер арасындағы билікке таласушылық, үшінші – сырт күштің бел алуы. Бұрын
славян әскерін қызық үшін жеңетін көшпелілер 1380 жылы әйгілі Куликов даласында
Мәскеу кінәзі Дмитрий Донскойдың әскерімен болған шайқаста итжығыс түсті.
Жығылған үстіне жұдырық дегендей, 1931 жылы 1399 жылдары Ақсақ Темірдің әскері
Алтын Ордаға есеңгірете екі дүркін соққы берді. Ол аз болғандай, өз ішінде Тоқтамыс
хан мен Едіге хан бірінің түбіне бірі жеткенше қырқысты. Нәтижесінде, XV ғасырдың
соңын ала Алтын Орда өз ішінде Қазан, Қырым, Астрахан, Қазақ, Өзбек хандықтарына
бөлініп тынды. [4, 102]
Бір кезде атағы дүние жүзіне мәлім болған Алтын Орда империясының тарихы
туралы зерттеу еңбектер тым аз болып келуінің де сырын түсіну қиын емес.
Тарихшылар Алтын Орда жайында айта қалса, жамандап қана сөйлеуді дағды еткен. Ал
Алтын Орда деген көптеген түрік халықтарының басын құрған, өзіндік мәдениет
қалыптастырған айбынды мемлекет еді. Қазақ тарихшылары осы кезге дейін Алтын
Орда тарихына қалам тарта алмай келуі, ғылыми ойдың мүлде балаңдығын көрсетеді.
жазушыларымыздың ішінде І. Есенберлин ғана тақырыпқа батыл барып, трилогия
жазғанын ризалықпен еске алуымыз керек. [5, 102]
Алтын Орда, Шағатай дәуірі – Қазақстан мәдениетінің жарқын беттерін құрайды.
Оның бөліктері – қалалық мәдениет, мемлекет құру мәдениеті, далалық эпос, жыраулар
поэзиясы. Бұл дәуірді жеке-жеке ұлыс тарихы деп қарағаннан, тұтас мәдени феномен
туғызған орта деп ұққанымыз жөн. Бұл дәуірдің аса өркендеген тұстары көшпелілер
мен отырықшылардың өркениет нышандарын біріктіріп, сәнді сембиоз туғызғаны
анық. Этномәдени тұтастық көшпелі түркі-монғол жұртында анық әлеуметтік құрылым
идеяларын туғызды және өзінен кейінгі пайда болған мемлекеттерге негіз қызметін
атқарды. [6, 55]
Әдебиет:
1.
Жанат Құндақбаева. Кейінгі орта ғасырлар кезеңіндегі Қазақстан тарихы. «Қазақ
университеті». Алматы, 2011. – 3 б.
2.
Ж.О. Артықбаев. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. «Фолиант» баспасы. – Астана, 2003.
– 98 б.
33
3.
Тарақты Ақселеу. Көшпелілер тарихы. «Атамұра-Қазақстан». – Алматы, 1995. – 53 б.
4.
Ләззат Динашева. Түркі мемлекеттерінің тарихы. – Алматы, 2014. – 98 б.
5.
Хайруш Абдрахман. Түркілер: тарихы мен тағдыры. «Дәнекер». – Алматы, 2002. – 102 б.
6.
Алтын Орда. // Айқап. – 2011. - №2(35). – 55 б.
УДК 82-398
ПРЕЦЕДЕНТНЫЕ ФЕНОМЕНЫ
В НАЦИОНАЛЬНО-ОБЩЕСТВЕННОМ ЛЕКСИКОНЕ
СОВРЕМЕННОЙ ЛИЧНОСТИ
Бучина А.В.
(СКГУ им. М.Козыбаева)
Люди, иногда целенаправленно, а порой сами случайно, используют в
разговорной речи прецедентные единицы, заимствованные ими из различных сфер
общения человека. Поэтому интересно поставить вопрос об определении
прецедентного контекста как явления общекультурных знаний. Важна также проблема
восприятия смысла высказывания с прецедентным феноменом. Для правильного и
полного понимания текстов с прецедентными феноменами читателю необходимо
выполнить целый ряд сложных ментальных операций. Во-первых, адресат должен быть
способен обнаружить явления прецедентности в соответствующем тексте, во-вторых,
осознать источник прецедентности, а в-третьих – оценить особенности использования
прецедентной единицы в данном тексте. А для этого необходима эрудиция и
подготовленность к восприятию текстов, включающих данные прецедентные
феномены. В соответствии с наиболее авторитетными современными концепциями
выделяют следующие виды прецедентных феноменов: прецедентные имена,
прецедентные высказывания, прецедентные тексты и прецедентные ситуации.
1.
Прецедентная ситуация понимается как некая эталонная ситуация, связанная
с набором определенных коннотаций, дифференциальные признаки которых входят в
когнитивную базу; означающим прецедентных ситуаций могут быть прецедентное
высказывание или прецедентное имя. Прецедентные ситуации в русском языке очень
часто метонимически обозначаются через указание при помощи указания на место, где
произошло соответствующее событие. Так, Чернобыль - это не только город, но и
колоссальная
экологическая
катастрофа.
Соответственно
Беслан
-
это
террористический акт, в результате которого погибли сотни детей.
2.
Прецедентный текст понимается как законченный и самодостаточный
продукт речемыслительной деятельности. К числу прецедентных текстов принадлежат
произведения художественной литературы, конечно не все, а известные широкому
кругу читателей и имеющие внутреннюю форму прецедентности (например, "Евгений
Онегин", "Война и мир"), тексты песен, рекламы, анекдотов, политические
публицистические тексты. Название некоторых широко известных текстов могут
использоваться метафорически. Например, Одиссея - это образное обозначение
длительного и опасного путешествия.
3.
Прецедентное имя, которое понимается как «индивидуальное имя»,
связанное или с широко известным текстом, как правило, относящимся к
Достарыңызбен бөлісу: |