4-нұсқа у дыбысы қай сөзде жіңішке айтылады



бет25/53
Дата28.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#88097
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
kaz tect

Зат есім 2 нұсқа
1. Заттың жалпы атауын білдіретін жалпы есімдерді белгілеңіз.
А) Қаратау В) Ақсүйек С) Жетісу Д) Қасым Е) Бала
2. Есім сөздерден жасалған зат есімді көрсетіңіз.
А) Етікші, кітапхана, балгер В) егін, егіншілік, тарсыл С) тершіл, қонақ, жиналыс, кемшілік Д) достық, жақсылық, жолдас Е) басқар, басшылық, басқарма
3. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз.
А) Тұздың емдік қасиеті бар В) Аурудан аяған күштірек С) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлқ Д) Бес жүздей жұмыскер қосылды Е) Анам қалаға кетті
4.Біріккен зат есімді табыңыз.
А) Бала-шаға В) Колхоз С) Сары май Д) Белбеу Е) Ата
5. Етістіктен жасалған зат есімдерді көрсетіңіз.
А) Тозық, жатақ, қуаныш В) Бұрғы, келісім, бұрыл С) Көрермен, тілек, зуылдақ
Д) Тербеліс, тарсыл, күңкіл Е) Қуан, қайғыр, ойла
6. Есім сөздерден жасалған зат есімді көрсетіңіз.
А) Етікші В) тершіл С) егін Д) достық Е) баста
7. Толықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
А) Менің бақытым алда В) Бүркіт биікте ұшады С) Қыс келер ұзамай
Д) Атамекен- қасиетті ұғым Е) Білімді кітаптан аларсың
8. Жалқы есім бар сөйлемді табыңыз.
А) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.
В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
Д) Үстінде жетін кестелеген ақ көйлек, қызыл пүліш қамзол.
Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.
9. Берілген сөзден туынды зат есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз. Адам...
А) – дар В) – ға С)- ша Д) – шылық Е) – дікі
10. Тырнақшаға алынып жазылатын зат есімді табыңыз.
А) Отырар В) О. Бөкей С) Зайсан Д) Қорқыт ата Е) Абай жолы романы
11. Жіктік жалғауы жұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.
А) Аспанбыз В) керегесіздер С) шәкіртпіз Д) оқулықтармыз Е) тіліміз
12. Туынды зат есімді тап.
А) Көрікті В) көркем С) жұрнақ Д) жалғау Е) көрікші
13.Жалқы есім қайсы?
А) Мемлекет В) педогогикалық инситут С) орталық басылым Д) Үкілі Ыбырай
Е) ауыл мектебі
14. Зат есімнен болған қос сөзді көрсетіңіз.
А) қадір-қасиет В) көре-көре С) қызыл-жасыл Д) сарт-сұрт Е) кіріп-шығу
15. Зат есім дегеніміз не?
А) Зат, құбылыстың сынын білдіреді
В) Заттың мөлшерін білдіреді
С) Зат құбылыстың атын білдіреді
Д) Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіреді
Е) Қимыл, амал- әрекеттің түрлі белгілерін білдіреді
16. Деректі зат есім дегеніміз не?
А) Бір тектес заттардың ортақ атауы
В) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар
С) Оймен танылатын зат атауы
Д) Кісі аттарына байланысты атаулар
Е) Құбылыстың атын білдіретін атау
17. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.
А) Бүрсігүні, орысша, бұрын В) әдемі, жақсы,таза С) мың,жиырма,жеті жүз
Д) ағаш,адам,уақыт Е) бойшан, ұйымшыл, ауылдық
18. Зат есімнің орнына жүріп, бастауыш қызметін атқарып тұрған есімдікті көрсетіңіз.
А) Бір-біріне сыбырлай сөйлеседі.
В) Әрқашан өзіңді ойлағайсын.
С) Бірде шал сол ұлдарын жинапты.
Д) Сөйлеуші, айтушы адамдар- басқалар.
Е) Бұның- саған көрсеткен назым.
19. Бастауыш қай сөз табынан жасалған.
Кішіпейілдік – кісінің көркі.
А) күрделі зат есім В) дара сын есім С) деректі зат есім Д) туынды зат есім Е) жалқы есім
20. Берілген сөйлемнің ішінен күрделі зат есімді табыңыз.
Ата – анамның Семейге көшіп келуіне байланысты мені лицейге қабылдауыңызды сұраймын.
А) Семей В) байланысты С) ата- анамның Д) лицейге Е) мені
21. Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзді табыңыз.
А) Өлімнен ұят күшті В) Ақ басты Алатаудың Жамбылымын.
С) Антонның ұмытпағандығына Асқар қайран қалды
Д) Ақпанда боран соқты қар, шілдеде қайнап төнді күн.
Е) Ол биыл бесінші сыныпқа көшеді.
22. Берілген сөйлем ішінен тура толықтауыш болып тұрған зат есімді табыңыз.
Оның асы мен көлігі, өң - шырайы адамды дос етеді, тарта біледі.
А) Асы мен көлігі В) өң-шырайы С) адамды Д) дос Е) оның
23. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді белгілеңіз.
А) Ердің сыншысы – елі.
В) Оқуың көп, тоқуың қалай.
С) Досымда жақсы кітап бар.
Д) Бала біліммен көркем.
Е) Темірді қызғанда соқ.
24. Анықтауыштық қызметте жұмсалған зат есімді табыңыз.
А) Есімбектің үлкен үйі лық толған адам.
В) Бекболат шаршап отыр.
С) Қарашада аяз қаусыра қысып кетті.
Д) Ботадай боздап көрістті.
Е) Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен.
25. Зат есім сөйлемнің қай мүшесі? Шетте жүргенмен, ол бұндағы хабарға қанықтұғын.
А) толықтауыш В) баяндауыш С) пысықтауыш Д) бастауыш Е) анықтауыш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет