4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

 
 


 №7 дәріс тақырыбы: Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын 
сөздердің емлесі 
 
Дәріс жоспары: 
1. Бірге жазылатын сөздер
2. Бөлек жазылатын сөздер
3. Дефис арқылы жазылатын сөздер
4. Цифрлардың қолданылуындағы дефистің қызметі. 
 
Дәріс мәтіні: 
Біріккен сөздерді жасап тұрған компоненттер, негізінен, түбір тұлғалары 
сақталып, бірігіп жазылады: бірыңғай, бозбала, бозқырау, демалыс, денсаулык, 
еңбеккүн, жарқабақ, кәсіподақ, кәсіпорын, сегізкөз, солтүстік. Бірсыпыра біріккен 
сөздер өзгерген қалпында, айтылуынша жазылады: бүгін, биыл, жаздыгүні, 
қыстыгүні, бүрсігүні, күздігүні, белбеу, қолғап, қолғанат, қолғабыс, қарағаш, 
апару, әкелу, түрегелу, мойынсұну. 
Топонимикалық атаулар, яғни жер-су аттары. Бұлар, негізінен, түбір тұлғалары 
сақталып жазылады: Ақтөбе, Ақжар, Алатау, Жезқазған, Талдықорған, Қызылорда, 
Сарыөзек, Сырдария, Баянауыл, Ұлытау. Қазақша кісі аттары мен ру-тайпа және 
бірен-саран халық аттары. Бұлардың да көпшілігі, негізінен, түбір тұлғалары 
сақталып, бірге жазылады: Акбөпе, Акмарал, Гүлжәмила, Ғалиябану, Жақыпбек
Жанбота, жетіру, қаракалпақ. Бірқатар кісі аттары дыбысталуы жағынан өзгерген 
күйінде жазылады: Амангелді, Жангелді, Нұргелді, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз, 
Әйгерім, Жанғозы, Телғожа, Дәметкен, Ұлбосын, Айғаным. 
Ғыльм мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге ие болған 
атаулар бастапқы түбір тұлғаларын сақтап, бірігіп жазылады: баспасөз, арақатынас, 
еңбеккүн, еңбекақы, жалақы, қырықаяқ, бұзаубас, қарақұрт, жанармай, жағармай, 
соқырішек, сарысу (илену), сарауру, қылқалам, колтаңба. 
Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер (ақ, сары, қызыл, қара т.б.), немесе 
мал, аң-құстардың жалпы атаулары (қой, сиыр, түйе, қозы, бөрі, аю, коян, каз т.б.), 
я болмаса тау, шөл, құм, дала, су, тас, у деген сияқты сөздер болып, екінші сыңары 
нақты өсімдік немесе аң-құстардын аты болса, бұлармен жасалған сөздер 
биологиялық терминдер ретінде қосылып жазылады: коянжоңышқа, қойжусан, 
қызылжусан, қаражусан, қойқарақат, аққайың, қотырқайың, үлпекқайың, 
кызылқайың, итжуа, итбүлдірген, теміржолшы, жолсерік.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет