танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті.
Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары
буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны жуан болса,
қосымша жуан, соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс болса, қосымша да жіңішке
жалғанады: лагерьге, лагері, бандерольға, фестивальға.
Ескерту. Жінішке ль дыбысына аяқталатын сөздерге тәуелдік жалғаулары (яғни
дауыстыдан басталатын қосымшалар) сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне
қарамай, тек қана жіңішке жалғанады: дизелі, дизеліміз, фестивалі (бірак:
фестивальға, фестивальдан, фестивальдық,), магистралі (бірақ: магистральға,
магистральдық).
Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге де қазақ тілі
қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады. Мысалы: вальсқа, вальсы,
асфальтқа, асфальты,рельске, рельсі.
Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне аяқталған
сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге қазақ тілі
қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады: ансамбльге, тюльді, тюлі, оське,
осінің, княздік, князі, верфьке.
Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен кейін
жазылатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі
жазылмайды:
материальный-материалдық,
феодальный
-
феодалдық,
коммунальный - коммуналдық, патриархальный - патриархалдық.
Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л-дан кейін жіңішкелік белгісі
келетін сөздерде бұл белгі сақталады: моральный - моральдық, артельный -
артельдік, акварельный - акварельді.
Соңғы буынында ю, ё, э дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген сөздерге
қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: полюсті, полюске; шлюзді, шлюзге;
дюймге, дюймі, велюрге, велюрді, парашютке, парашюттер, парашюті, актёрлер,
актёрге, дуэльге, дуэльі, дуэтке, дуэті.
1957 ж. үкіметтің қаулысымен қабылданған ҚТОНЕ-де орыс тіл сөздеріне
қазақ тілі қосымшаларын жалғауда ы, і әріптерінің дәнекерлігін орынсыз
пайдаланбау туралы айтылған: фондқа, шрифтке, банкке;
Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен
енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы
жалғанады: фондысы, фондыны, танкіге, франкісі, лифтімен, фактісі,
рецепттіге.
Соңғы дыбыстары вт болса да, космонавт сөзіне космонавқа, космонавы болып,
соңғы т түсіріліп жалғанады.
Дәнекер дыбыспен жалғанатындардың қатарында дж дыбыс тіркесі
болмағанымен, ондай сөздерге де қосымша дәнекер дыбыс арқылы жалғанады:
колледжіге, колледжісі, коттеджісі, коттеджіге
«Банк» сөзіне 1988, 2000 жылғы Ос-те қосымша і дыбысының дәнекер
болуымен жалғанса ( банкіге, банкісі), соңғы Ос-те нк дыбыс тіркесіне аяқталған
сөздердің ішінде тек «банк»
сөзіне ғана қосымша дәнекер дыбыссыз жалғанған:
банкке, банкі. Яғни банкке барамын, Халық банкі. Бірақ бланкісі, бланкіге,
франкіге, франкісі, митингісі, митингіге.
Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт, рш, нт,
рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге казақ тілі қосымшалары ы, і дәнекерінсіз,
буын үндестігі бойынша тікелей жалғанады: финанска, финансы, авансы,
цементке, цементті, цифрға, цифры, фунтқа.
Сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген жалпы
есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ тілі қосымшалары
жалғанғанда соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады: кросқа, класқа,
Достарыңызбен бөлісу: |