№8 дәріс тақырыбы: Шеттілдік сөздердің орфографиясы мен орфоэпиясы
Дәріс жоспары:
1. Шеттілдік сөздерді таңбалау тарихынан
2. Э, Ё, Ц, Щ, Ч әріптері бар сөздердің жаңа емлесі және оларға қосымшалардың
жалғануы
3. Ю, Я, Ъ, Ь әріптері бар сөздердің жаңа емлесі және оларға қосымшалардың
жалғануы
4. Сөз соңындағы нг әріп тіркесінің жазылуы, дж әріп тіркесі бар сөздердің
жазылуы және қосымшаладың жалғануы.
5. Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу
әріптерінің жазылуы
6. ст, сть, вт, фт әріп тіркестерімен аяқталған сөздердің жазылуы
7. ск, кт, пт әріп тіркестерімен аяқталған сөздердің жазылуы
8. ог әріп тіркесiмен аяқталған сөздерге, п, х әріптерiне аяқталған сөздерге
қосымшалардың жалғануы
Дәріс мәтіні:
Қазақ жазуы қалыптасқаннан бастап-ақ орфографиялық норма, емле
мәселелері, оның қиындықтарын шешіп, біріздендіру сияқты тілдік саясат жүйесі
қызметін бәсеңдеткен емес. Яғни сауаттылықтың бірізді заңдылығын тілдік
тұрғыдан шешу мәселесі қазақ тіл білімі үшін өміршеңді зерттеу нысанына
айналды. Жазуы даму үстіндегі, тілі өркендеген елдің тіл саясатында орфография
мәселесі өзекті болары сөзсіз.
Қазақ тілі емлесі мен әліпбиінің тарихын терең үңілетін болсақ, ереженің
өзгеруі тілдің ұлттық болмысын тұрақты сақтап қалу үшін емес, қоғам талабына
қарай бейімделу уәжі басым тұратынын байқаймыз. Қазіргі таңда латыннегізді
қазақ әліпбиі бойынша емле жасауда қазақтың табиғатына тән сөйлеу ерекшелігіне
сүйене отырып, бірқатар сөздердің жазылуын «Ахмет Байтұрсынұлыша»
таңбалауды қайта енгізу керек деген пікірлер өз ұсыныстарын жариялауда. Бұдан
да басқа ескеретін жайттар көп. Бүгінгі күні қоғамда емле ережелеріне бағынбаудан
туындайтын жағдайлар дұрыс жазудың бірізділік қалпын сақтай алмай отыр.
Демек, емле ережелеріне қатысты мәселелерді жиі талқылап, жұртшылыққа
насихаттап отыруымыз керек. Осыған байланысты жаңа латыннегізді әліпби
бойынша емле ережелеріне қатысты ұсыныстарды былайша беруді жөн көрдік: 1.
Я әрпінің таңбалануы. Жаңа әліпбиде бұл әріп жоқ. Сондықтан кирил жазуындағы
я-ның орнына йа жазыла ма, иа жазыла ма, әлде тек и немесе а жазыла ма деген
мәселенің басын ашып алу қажет. Мысалы, сөз басында кездесетін Ясауи, япыр-
ау, яғни, ядро, яһуди, т.б. сөздерді ıа дифтонг дыбысымен таңбалаймын. Жаңа
әліпбиде и мен й дыбысына бір ғана Іı таңбасы берілгендіктен және өзінен кейін а
жалғасатын болғандықтан, оны дауыссыз й дыбысы деп ойша қабылдаймыз да
соған орай тасымалған, буынға бөлеміз. Мысалы, Iasaýı - Ia -sa -ýı. Iaǵnı - Iaǵ - nı.
Сөз ортасында және сөз соңындағы «ия»-мен берілген сөздердегі я-ның жазылуы.
Зияткер, қиямет, қиял, қиян, қияр, қияқ, алдияр, қияш, қиятас. И (ı) соңынан
дифтонг дыбыс я (ıа) жалғанғанда екі «ı» қатар келейін деп тұр. Сондықтан бір ı
(и) түсіріліп жазылуы тиіс. Мысалы, zıatker (зиаткер), qıamet (қиамет), aldıar
(алдиар) деп жазылады.
Н.Сауранбаев «І мен J әріптерінің жазылуы туралы» атты мақаласын 1938
жылғы емле қаулысына қатысты қабылданған өзгерістерді айқындап жеткізу үшін
жариялаған болатын. Онда қысаң дауысты ы, і дыбыстарының қай жерде жазылуы
керек, қай жерде жазылмауға тиісті ерекшеліктері нақты көрсетілді. Мысалы, сөз
басында негізгі сөздің мағынасы өзгермейтін жағдайда қысаң езулік дауыстылары
жазылмайды. Мәселен, ьskaf емес skaf, ьstadion емес stadion, ьlai емес lai, jret емес
ret. Ал сөз басында келетін қысаң дауыстылар сөздің түбіріне тікелей қатысты
болса, сақталып жазылады. Мәселен, jnj, ьza, jrj, ьdьs, js, ьs, jn болып ы және і
дыбысталып сақталады. Сондай-ақ ы, і әріптері халықаралық сөздердің аяққы
бітеу буынында жазылмайды: silindr, internasionalizm. Бұнымен қоса Н.Сауранбаев
1938 жылға дейін жазылып келген «ьj» және «іj» қосарлы дыбыстарының орнына
тек бір ғана «і» әрпі алынғанын айта отырып, жазу каллиграфиясын жеңілдететін
оңтайлы үлгі екенін мысалдармен дәйектеп өтеді. Сонымен қатар бұрынғы «і»
әрпінің орнына «j» әрпін таңбалау қаулысына халықтың тез бейімделе қалуы
қиындық келтіретінін де айтады. Ол үшін тәжірибелік жұмыстар, оқу курстары
өтілу қажеттілігін ескереді. Осы мақаласында Н.Сауранбаев бұрынғы таңбалану
«ый», «ій» әріптерінің кейбір сөздердің мән-мағынасын айқындап көрсету үшін аса
құнды екенін айта отырып, «тый», «сый» сөздерін етістікті ти, си сөздерімен
шатастырмас үшін, соның ықпалында алдыңғы сөздердің мәні жойылып кетпес
үшін жазылуын бұрынғы күйінде қалдыру туралы ережені дұрыс деп құптайды.
Бұған қоса ғалым: «Орыс тілі арқылы енген сөздердегі «и»дыбысы біздің «і»
әрпімен тура келеді. Осы күнге дейін орыстың толық «и» әрпінің орнына ьj, іj
кейде тек «і» әрпінің өзін жазып келдік. Енді бұдан былай қосарлы дыбыстардың
орнына жалғыз «і» әрпін жазатын болдық. Мысалы, бұрын Іjnstijtut, ijnçener болса,
енді бұдан былай іnstitut, inçener деп жазамыз. (І мен J әріптерінің жазылуы. Төте
оқу, 1938 жыл, 3 февраль). Расында да, 1938 жылға дейін орфографиялық емленің
өзінде тұрақсыздық, яғни бірнеше түрде жазылу үлгілері қатар қолданыста болған.
1938 жылғы емле қаулысы жазу нормасын біріздендіруге лайықты ережелерін
ұсынды. Ал оны халыққа оңтайлы түсіндіріп, тиімді үйрету жұмыстары аса қажет
болды. Міне, осы күрделі істі жүзеге асыру кезінде Н.Сауранбаевтың жоғарыда
аталған мақалалары үлкен көмек болды. Дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз
дыбыстардың да таңбалануына да бірқатар өзгерістер енген болатын. Соның ішінде
интернационал сөздерді жазуда ф, х, в дыбыстарын қазақтың төл дыбыстарымен
дәл таңбалау мүмкін болмағандықтан F, X, V әріптерін таңдап алуға тура келді.
Н.Сауранбаев пікірінше, әсіресе термин сөздерді, ғылыми сөздерді айтылуы
бойынша қазақ дыбыстарымен емес, термин екенін айқындайтын кірме
дыбыстармен белгілеген тиімді болады деп есептеді. Соның артынша Емле
қаулысында да халықаралық кірме сөздерде кездесетін ф,х, в дыбыстарын F, X, V-
мен белгілеу ережесі ұсынылды. Сонымен бұрын қыймыйа деп жазылып жүрген
сөз ximia болып белгіленетін болды. Qlor емес xlor, pәnetika емес fonetika, kөpedra
емес kafedra, pәbrik емес fabrika, rappak емес rabfak. (F,X,V әріптерінің жазылуы
туралы, Төте оқу, 1938 15 февраль). Латын әліпбилі қазақ жазуында 1929 жылы
түпнұсқалыққа жақындық принципі бойынша кірме х, ф, в дыбыстарын әліпбиден
алынып тасталған болатын. Оған арнайы мынадай: «Еуропаның сһ-сы, орыстың
«х»-сы, арабпарсының қ-сы» жуан айтылатын сөздерде қ, жіңішке айтылатын
сөздерде к арқылы жазылады» , «Шеттен кірген сөздерде «ф» орнынан «п»
жазылады» деген ережелер қабылданған болатын. Бірақ өмір тәжірибесі,
халықаралық мәдени достастықта өмір сүріп отырған қоғам сұранысы х, ф, в
дыбыстарының әліпбиге енуін талап етті. Ол туралы алғаш рет 1930 жылы
Қ.Жұбанов қазақ орфографиясы мен әліпбиін өзгертуге байланысты жобасын
ұсынып, онда ф, х дыбыстарын қазақ әліпбиі құрамына алуды былайша ұсынды:
«Ни одна из существующих букв (употребляемых) для (изображения) согласных
звуков, не может быть исключена из алфавита: они необходимы и затруднений с
ними в письме мало» [8]. Қ.Жұбановтың осы тұжырымдамасын іске асырушы
ретінде, оның дұрыстығын дәлелдеп насихаттаушы ретінде Н.Сауранбаев үлкен
үлес қосты. Себебі, осы тұрғыдан алғанда екеуінің ғылыми көзқарастары үндес
болатын. Жалпы 1929-40 жылдардағы латын әліпбилі қазақ тілінде қысаң ы, і
дауысты дыбыстарымен келетін сөздерді жазу көп қиындықтар тудырды әрі түрлі
жазу нұсқалары да көбейіп кетті. Емлені тұрақтандыруға кері әсер еткен осындай
әр алуан жазу нұсқаларын біріздендіру мақсатында Н.Сауранбаев қысаң
дауыстылардың жазылу емлесіне қатысты мақалаларын ұсынып отырды. Мысалы,
біріншіден, түбір сөздің ішінде екі дауыссыз дыбыстың арасында көмескі ы, і
дыбыстары естілетін жерде, егер ол сөздер кірме сөздер болса, ы, і жазылмайды.
Мәселен, pьlan емес plan, Pьravda емес Pravda, pьroletariat емес proletariat , tьramvai
емес tramvai. Екіншіден, түбір сөздің орта буынында екі дауыссыз дыбыстың
арасында буындалуға лайықты келетін ы, і дыбыстары жазылмайды. Мәселен,
Axьmet емес Axmet, telegьramma емес telegramma. Осы үлгі-ереже қабылдағаннан
кейін, жапырақ пен топырақ сөздерінің де екі дауыссыз арасындағы дәнекер ы
дыбысы түсіріліп (жапрақ, топрақ) жазылатын болды. Кейінгі емле қаулысында
осы соңғы екі сөзде дәнекерлі ы дыбысының сақталып жазылуына рұқсат етілді.
Үшіншіден, бір буынды үнді бітеу түбір сөздегі қысаң ы, і –лер тәуелді жалғауы
жалғанғанда түсіріліп жазылады. Orьnm емес Ornьm, auьlьm емес aulьm, myljkjm
емес mylkjm, qalьqьm емес qalqьm.
Төртіншіден, бір буынды бітеу сөздегі қысаң ы, і –лер аяғына тәуелді жалғаулар
жалғанғанда соңғы қатаң дыбысы ұяңдап келетін болғанда ы, і дыбыстары
жазылады. Мысалы, tyljk – tyljgj, kөrjk – kөrjgj, syljk – syljgj. (Қысаң ь, j
дыбыстарының жазылуы туралы. Төте оқу, 1938. 8 март). Н.Сауранбаев үсті-үстіне
өзгерген емле ережелерін ғана емес, жалпы орфографиялық ережені жасау
принциптерінің де ретке келмей жатқанын талқылаған болатын. 1938 жылы
Социалистік Қазақстан газетіне жариялаған «Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар»
атты мақаласында емле жасаудың морфологиялық принципін дұрыс қолданылмай
жүргенін былайша түсіндіреді: «Емле қаулысының негізінде емленің принципіне,
сонымен байланысты құбылмалы сөздердің жазылуына күрделі өзгерістер
ендірілді. Бірақ қаулы шыққаннан бері аз күнгі тәжірибені алсақ, осы өзгерістерді
не асыра ұғынып, не шала ұғынушылық бар екені байқалады. Сөздердің жазылуы
жайындағы ережені дұрыс қолданбаушылық та бар. Морфологиялық принцип
бойынша сөздерді айтылуынша жазбай, тұрпатын сақтап жазамыз деп, әлдеқашан
бірігіп, кірігіп кеткен сөздердің түбірін қуалаушылық бар. Бұл дұрыс емес, өйткені
морфологиялық принцип сөздің түбірін іздеп тауып жазу деген сөз емес, әртүрлі
айтылатын сөздерді бірыңғай жазу деген сөз, яғни жазуды бір ізге түсіру деген сөз.
Олай болса, сөздің түбірін қуып жату қажет емес». (Емле жөнінде бірқатар
ұсыныстар. Сондай-ақ морфологиялық принциппен шешілетін емле мәселелерінің
қиындықтарын қалай айқындау керектігін нақты көрсетеді: «Морфологиялық
принципке сүйеніп сөздер көбіне айтылуы екі түрлі болатын сөздер. Мысалы:
saudaker – sәudeger, вesçьldьq – вesсьldьq сияқты сөздер. Мұндай сөздердің
формасын сақтап жазу керек. Олай болатын себебі мұндағы өзгешелік сөз құрау
мағынасымен байланысты емес, сөздердің айтылуындағы орфографиялық заң. Ал
Вelвeu, Acudas деген сөздерде «tas»тың «das» болып, «ваu»- дың «веu» болып
өзгеруі мағынамен байланысты» (Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар). Бұнымен
қоса Н.Сауранбаев мағынаға байланысты жазылуы әртүрлі болып келетін кейбір
емле заңдылығын түсініспеушіліктің басын ашып көрсету үшін былайша дәйектеп
көрсетеді: «Вúlai-вьlai деген есімдіктерінің негізі бір болғанмен мағыналары басқа-
басқа. Мәселен «вúlai болуының себебі мынау» дегендегі «Вúlai» үстеулік
мағынаны білдіріп тұр. Ал «Вьlai қарай кетті» дегендегі «вьlai» бағытты көрсетіп
есімдік болып тұр. Мұның орнына «вúlai қарай кетті» деп айтуға болмас еді». (Емле
жөнінде бірқатар ұсыныстар). Н.Сауранбаев осы кезеңдегі орфографиялық заңның
лингвистикалық тұрғыдан сауатты құрылуына елеулі үлес қосты. Орфографиялық
принциптердің (фонетикалық, морфологиялық) әрқайсысына тән белгілерін,
критерийлерін, заңды ережелерін де ұсынған болады. Соның ішінде кейбір
келіспейтін тұстарын да айтқан еді. Мысалы: «Кәіtjp (qalai etjp), Byitjp (вúlai etjp)
сөздерін жазудың морфологиялық принципіне қайшы келетін бір мәселе бар, ол -
қазақ тілінде тоғыспалы заң бар деушілік. Шынында тоғыспалы заң бар екені рас,
бірақ ол заң грамматикалық заң емес, орфографиялық заң. Мысалы, Qúnanвaev
Ҫiengali дегенімізде «в» дыбысының әсерінен «n» дыбысы «m» дыбысына
айналады да, «q» дыбысының әсерімен «n» дыбысы «ŋ»-ға айналады. Мұны
грамматикалық заң десек, онда осы заңға сүйеніп Qúnamвaev, Ҫieŋgali деп
жазуымыз керек. Сондықтан жаңа программада тоғыспалы заң дегенді
шығаруымыз керек». (Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар). 1938 жылғы соңғы емле
қаулысындағы бірігіп жазылатын сөздердің нақты ережесі болмауын сынға ала
отырып, оның салдарынан тілімізде бірге, бөлек берілетін сөздердің әртүрлі
жазылуы кең етек алғанын, бұл сауатсыздықтың денін күшейтетінін атап өтеді.
Ереже ұсынбас бұрын бірге, бөлек жазылатын сөздердің критерийлерін анықтап
алуды ұсынады: «Айта кететін бір мәселе қосылып жазылатын қос түбірлі сөздер
жайы. Мысалы, веsçьldьq, веskyndjk, orьnвasar, әrtyrlj деген сөздер бірыңғай
сияқты. Емле жөніндегі ережеде бұл жөнінде айрықша ереже берілмей, тек ескерту
ғана берілген. Солай болса да күнделікті тәжірибеде бұл мәселе өзінен өзі дұрыс
өріс алып кетті. Бірақ көп сөздер бірыңғай болмай әртүрлі жазылып жүр. Әзірше
қандай сөздердің қосылып жазылып, қандай сөздердің бөлек жазылуының ешбір
критерийі жоқ. Әркім өз бетімен кетушілік бар. Бұл әрине дұрыс емес. Ендігі жерде
бұл жағы тағы бір ізге салынуы керек. Біздің бұл жөніндегі бір ұсынысымыз: екі
сөзден құралған жер, су аттары қосылып жазылуы керек (Alatau, Itөlgen, Qantәŋrj,
Веlвúlaq, Baiserke, Ҫaŋaturmьs). Мұндай бір мағына білдіретін сөздердің қосылып
жазылуы неміс тілінде көп қолданылады» (Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар).
Сөз соңында кездесетін я-ға байланысты емле де нақ осындай болуы тиіс.
Мысалы, мия -mıa (миа) , автономия - avtonomıa (автономиа), биология - bıologıa
(биологиа), химия - hımıa (химиа) Әсия - Ásıa (Әсиа). Бильярд, коньяк,
итальян сияқты сөздерде «ь» белгісінің әсерінен я (йа) әрпіндегі «й» дауысты «и»
қызметіне көшуі мүмкін. Мысалы, билиард - bılıard (би-ли-ард), италиан ıtalıan (и-
та-ли-ан). Дауыссыз дыбыстан кейін келетін Я дифтонгінің орнына иа жазылады
да, екі буынды құрайды.
Мысалы, герцогиня - герцогиния (гер-цо-ги-ни- а), графиня- графиниа - гра-
фи-ни -а, князь - книаз - кни-аз. Ю әрпінің таңбалануы. Жаңа әліпбиде бұл әріп жоқ.
Дегенмен, осы әріппен таңбаланған сөздер өте көп. Оны қалай жазамыз деген
мәселені анықтау қажет. Ю - дифтонг дыбысы йу-мен, иу-мен немесе у-мен
таңбаланады. Сөз соңында «ют» және «юс» болып аяқталатын сөздерде у
жазылғаны дұрыс. Мысалы парашют - parashýt (парашут), абсолют - absolýt
(абсолут), плюс - plýs (плус). Сөз соңында және ортасында ию-мен берілетін
сөздерде ю орнына у жазылғаны дұрыс. Мысалы, кию - киу, қию- қиу, ию-иу. Сөз
ортасында «юз»-бен берілетін сөздерде ю орнына у жазылғаны дұрыс. Мысалы,
эксклюзив - (эксклузив), иллюзион - (иллузион). Бірбуынды сөздерде ю орнына
йу жазылғаны дұрыс. Мысалы, ою - ойу, аю - айу. ИЙ дыбыстар тіркесінен
жасалған сөздер емлесі. Соңы ий-мен аяқталатын сөздер: таллий, фермий,
цикорий, элювий, эпителий, алюминий, барий, ванадий, галлий, гелий, гербарий,
гидроксоний, элювий. Жаңа әліпбиде и және й бір әріппен (ı) берілгендіктен,
қосақталған и мен й орнына бір ғана ı жазылуы тиіс. tallı, fermı, sıkorı, eliývı. Кірме
араб сөздерінің ішінде жарыспалы қолданылып келген дублет сөздер жиі
қолданылу нәтижесінде жеке мағынаға ие болып бөлек-бөлек лексикалық бірлік
ретінде танылуы тиіс. Мысалы: үкімет (правительство) - өкімет (власть), хабар
(известие) - ақпар (сводка), ғылым (наука) - ілім (учение), әрекет (действие) -
қарекет (тіршілік -поступок, попытка). Қарекет болмай берекет болмас (без
попытки нет добра). Пейіл (доброжелательность) - пиғыл (умысел). Пейіл -
жағымды коннотаттық мағынада жиі қолданысқа ие болып, ақпейлі, кішіпейіл,
шын пейілімен, кеңпейіл сөздері арқылы дәйектеле түсті. Ал пиғылдың негативті
мағынасы басым түсті. Арам пиғылды, пиғылы тар, т.б қолданыстардағы жиілігі
арқылы дәлелденді. Сондықтан олардың бірі әдеби, бірі сөйлеу тілінің варианты
емес, екеуі де әдеби тіл қатарынан орын алған лексема ретінде сөздікке енгізу
қажет. Қазақтың сөздік қорына енбеген, тек қолданыста жүрген паркинг сияқты
сөздердің жазылуына неге аса мән беруіміз керек? Паркинг - әлемдік сәнді
қолданыстың легімен келген сөз. Ол бірде-бір қазақ сөздіктеріне енген емес. Оның
автотұрақ, тұрақжай деген төл тіліміздегі баламасы бар. Ендеше оның дұрыс
жазылуын паркиң деп алып, ерекше назар аударудың қажеті қанша? Паркинг сөзі
түсіндірме, емле сөздіктерінде болуға тиіс емес, ол тек аударма сөздіктерінде қазақ
тіліндегі аудармасымен ғана тұруы тиіс. Сонда дағдылы түрде тілдік қолданыстан
шығады деп ойлаймын. Сол сияқты митинг сөзін митиң деп тұрпаты
танылмайтындай өзгерткенше, жиын деген төл атаумен ауыстыруға тырысу қажет.
Собрание - жиналыс болса, митинг - жиын болуы керек. Демек, митинг сөзін де
қазақ тілі сөздіктеріне енгізудің қажеті жоқ. Педагог сөзін педагок деп жазғаннан
не ұтамыз? Шындығына келгенде, төл тілімізде педагогтың орнына ұстаз деген
атау бар. Соңы -ог, ок, -ист-пен аяқталатын шеттілдік сөздерді икемдеп жазудан
гөрі, төл тілімізге аудару әлдеқайда пайдалы. Мәселен, филолог - сөзтанушы
немесе сөз маманы, лингвист - тілтанушы немесе тіл маманы, психолог -
жантанушы, офтальмолог - көз дәрігері, кардиолог - жүрек дәрігері, стоматолог -
тіс дәрігері, хирург - оташы, теолог - дінтанушы, түрколог - түркітанушы, социолог
- әлеуметтанушы, зоолог - жануартанушы, биолог - ағзатанушы, эколог -
табиғаттанушы, эпидемиолог - індеттанушы, археолог - мұратанушы, астролог -
жұлдызшы, геолог - жертанушы, пролог - алғысөз, эпилог - соңғысөз, диалог -
сұхбат деп қазақша атаумен беру арқылы шеттілдік сөздердің белсенді қолданысын
жоюға болады.
Шеттілдік сөздерді қазақ тілінің айтылуына икемдеп жазу арқылы сөздік қорды
молайту - амалсыз шаралардың бірі. Қазірге дейінгі енген кірме сөздердің (жәшік,
бәтеңке, самаурын) жазылуы бірнеше жылғы икемделу қолданысының
нәтижесінде болған үдеріс. Бұл сөздерді тіл мамандары әдейілеп икемдеп жазу
үлгісін ұсынған емес. Осылай жазуға алып келген халық. Демек, шеттілдік
сөздердің кірмелену үдерісі жалпыхалықтық мұқтаждан туындауы керек.
Кез келген тілде терминжасам процесі, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы,
ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асырылады. Демек, терминдер тілде бұрыннан
бар сөздер мен түбірлерден жасалады. Осыған орай, терминдер қатарында сол тілге
тән әр түрлі құрылымдылық типтері кездеседі: түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз,
сөз тіркесі және т.б. Медицина терминдерінің төл тілімізге аударылуында кейбір
олқылықтар бар екені байқалады. Жаңа латын әліпбиіне көшу қарсаңында термин
аудармаларында кездесетін күмәнді нұсқаларды өз алдына бөлек жинақтап, арнайы
талдаған дұрыс деп ойлаймын. Осыған орай күмән келтірілген, аударылған
терминдер жиналды.
Мысалы, амастия - емшексіздік, аменория - етеккірсіздік, амиелия -
жұлынсыздық, амимия - ымсыздық, адентия - тіссіздік, адермия - терісіздік,
аноксемия - оттексіздік, анорексия - тәбетсіздік, анорхизм - атабезсіздік, апраксия
- ептейсіздік, асинергия - әрекетсіздік, аспермия - шәуетсіздік, атрихоз - жүнсіздік,
ахейлия - ерінсіздік, ахилия - сөлсіздік, ахромия - түссіздік, безрассудство - ессіздік,
беспомощность - дәрменсіздік, декомпозиция - үйлесімсіздік, диспропорция -
сәйкессіздік, импотенция - белсіздік, меланхолия - көңілсіздік, недостаточность -
жеткіліксіздік, непрерывность - үздіксіздік, авитаминоз - дәруменсіздік, аглоссия -
тілсіздік аденостения - безәлсіздік Демек, жоғарыда аталған аударма баламалардың
терминжасам жүйесіндегі моделі - «сіздік» - «а» префиксінің орнына қызмет етіп
тұр. Дегенмен, қазақ тілінде «сіздік» қосарлы жұрнағы жалғанғанмен, термин
ретінде қолданыс таба алмайтын жағдайы ескерілмегені байқалады. Себебі кейбір
сөздердің лексикалық мағынасында жағымсыз реңктер болатыны ескерілмеген.
2014 жылы ұсынылған «Қазақша - орысша, орысша-қазақша» терминдер сөздігін
жасау барысында медицина қызметкерлері тікелей қатысқаны, олардың
халықаралық терминдерді төл тілімізге аударылуына ерекше көңіл бөліп, төл
терминдер қатарының көбеюіне елеулі үлес қосқаны анық. Дегенмен,
лингвистикалық терминжасам заңдылықтарын қатаң сақтамағаны, бағынбағаны
байқалады. Жаңа латын әліпбиіне көшу қарсаңында жоғарыда аталған
аудармаларды сұрыптап, тек дұрыс аудармаларды төл термин ретінде
қабылданатынын қалдырған дұрыс. Мысалы, меланхолия - халықаралық термин,
темпераменттің (туа біткен мінездік) бір түрі. Оған «көңілсіздік» деген балама
келмейді. Себебі меланхолияның бүкіл болмысын таныта алмайды. Көңілсіздік -
меланхолияның тек бір қыры ғана және бұл ассоциативті таным көрінісі.
Сондықтан «меланхолия - көңілсіздік» - ұғымды аударма деп саналмайды. Сол
сияқты «атрихоз - жүнсіздік». Атрихоз негізінен адамның шашсыз болуы. Шаштың
толықтай түсіп қалуы немесе шашсыз болуы. Сондықтан жүнсіздік атрихоз
мағынасына балама болуға сәйкес келмейді. Оның үстіне жүнсіздік деген
жағымсыз, ұнамсыз естіледі.
Сондай-ақ терминдердің әртүрлі нұсқада жазылуына байланысты көп
қателіктер туындап жатады. Әсіресе ресми ісқағаздарын рәсімдеу жұмыстарында
кейбір терминдерді жасау жүйесі орфографиялық сөздіктегі емлеге бағынбайды.
Мәселен тілімізде хат сөзінің тіркесуі арқылы жасалған құжат атаулары көп.
Хатпен тіркесіп келетін сөздер бірде бөлек жазылады, бірде бірге жазылып жатады.
Оған халықаралық байланыс, ісқағаздары ісінің қоғам дамыған сайын жетілуі ,
соған орай кірме терминдерді аудару ісіндегі бірізділік пен емленің сақталмауы
басты себеп болып отыр. Мәселен, хаттың түрі көбейген сайын, оның жазылу
бірізділігінде де ауытқулар болып жатыр. «Сопроводительное письмо» тіркесімен
жазылатын кірме сөз төл тілімізге ілеспе хат болып аударылып енді.
Орфографиялық сөздікте қазақ тілінің заңдылығына сәйкес оны біріктіріп жазды.
Бірақ көпшілік қолданыста екі тіркеспен бөлек жазылатын орыс нұсқасына
бейімдеп тіркеспен жазатындар жиілеп бара жатыр. Сондай-ақ «благодарственное
письмо» баламасы алғысхатта бөлек жазылуға дағдыланып отыр. Осындай бір
сөзбен тіркесетін бірнеше атаулардың бірге немесе бөлек жазылатынын айқындап
көрсету қажет. Себебі әрбір бес жыл сайын оның қатары көбейіп отырады.
Қазақ жазуы қалыптасқаннан бастап-ақ орфографиялық норма, емле
мәселелері, оның қиындықтарын шешіп, біріздендіру сияқты тілдік саясат жүйесі
қызметін бәсеңдеткен емес. Яғни сауаттылықтың бірізді заңдылығын тілдік
тұрғыдан шешу мәселесі қазақ тіл білімі үшін өміршеңді зерттеу нысанына
айналды. Жазуы даму үстіндегі, тілі өркендеген елдің тіл саясатында орфография
мәселесі өзекті болары сөзсіз. Тарихқа үңілер болсақ, 1924 жылы 12-18 маусымда
Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінің күн тәртібінде жазу
ережелері, әліппе, қазақша пән атаулары мәселелері сөз болса, 1927 жылы 28-29
сәуірде Ташкентте өткен бас қосуда жазу‚ әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал
1929 жылы 2 – 4 маусымда Қызылордада өткен ғылыми-орфографиялық
конференцияда емле, атау мәселесі қаралды.
Әліпби, емле, оны реформалауға байланысты пікірталастар алғашқыда «Дала
уәлаяты газеті», «Айқап» журналы, «Қазақ» газеттерінен көрінді, одан кейін
«Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттер төңірегіне ұйысып отырғаны белгілі. Демек,
қазақ жазуының емлелік қағидаларын заңдастыру ісінде тұрақтылық бірден бола
қоймады. Оның басты себебі - әліпбидің өзгеруі. Өзімізге белгілі жалпыхалықты
жаңа әліпбиге үйрету және оған көндігіп, сіңісіп кету үлкен уақытты талап етеді.
Бұнымен қоса әліпбимен қоса, оның емлелік ережелерін де қатар меңгерту
қажеттілігі туындайды. Тәжірибесі аз алғашқы әліпби өзгерісі реформасында емле
заңдылығының толық дайын болмауына байланысты көптеген қиындықтар
туындап, оның салдарынан тіл салаларындағы зерттеу жұмыстарының кереғар
тұжырымдамаларға бой ұрғаны айқындалды. Соның ішінде 1929-40 жылдардағы
латын әліпбиіне бейімделу, бұрын соңды болмаған бас әріпке үйрену, кейбір кірме
сөздерді барынша ыңғайлы сауатты жазуға лайықтау мәселелері ұзақ талқылауды,
кең зерттеуді, үлкен тәжірибені қажет етті. Емлеге қатысты сол жылдарды екі
кезеңге бөліп қарауға болады. 1938 жылға дейінгі латын әліпбиіндегі қазақ тілі
орфографиясының қалыптасу кезеңі болса, 1938 жылдан кейінгі сауаттылыққа
орай оңтайландырылған емле заңдылықтарының қызмет ету кезеңі болды.
Н.Сауранбаев кейінгі кезеңдегі емле мәселелерінің дұрыс, бұрыстығын сараптап,
сауаттылыққа жетелейтін үлгілерін насихаттау тұрғысында қыруар еңбек етті.
Атап айтар болсақ, «Қазақ тілінің емлесі туралы» («Төте оқу» газеті, 1938 жыл.)
[1], «U мен У» әрпінің жазылуы («Төте оқу» газеті, 1938жыл.) [2], «І мен J
әріптерінің жазылуы» («Төте оқу» газеті, 1938 жыл) [3], «Ғ,Х,V әріптерінің
жазылуы туралы» («Төте оқу» газеті, 1938 жыл.) [4], «Жуан Ь,J дыбыстарының
жазылуы туралы» (Төте оқу газеті, 1938 жыл.) [5], «Емле жөніндегі бірқатар
ұсыныстар» («Социалистік Қазақстан газеті, 1938 жыл») [6] атты мақалалары
жарық көрді. Н.Сауранбаев осы мақалаларында 1938 жылға дейін қабылданып
келген ұу – «uv»; үу – «yv» және ый – «ьj»; ій - «іj» қосарлы дыбыстарының
қолайсыз екенін дәйектей отырып, оларды бір ғана дыбыспен, яғни «u» және «у»
деп белгілеу туралы орфографиялық қаулының қажеттілігін атап өтеді. Негізінен
латын әліпбиіне көшкеннен бастап-ақ «и» мен «у» дыбыстарын таңбалау даулы
мәселе болған болатын. Бірсыпыра ғалымдар [і+й], [ы+у], [ұ+й], [ү+у] дыбыстарын
қосар әріппен таңбалау керек десе, екіншілері бұл дыбыстарды бір таңбамен
таңбалауды ұсынды. Сондай-ақ осы дыбыстарды жарты дауысты дыбыс демей,
оған толық дауысты дыбыс деген статус беру керек дейтін пікірлер айтылды.
Н.Сауранбаев әсіресе кірме сөздерде осы дыбыстардың қолданысы буын үндестігін
сақтау заңдылығын аса қажет етпейтінін, сондай-ақ қосарлы дыбыстардың
жазылуы сөзді тым шұбаландырып, орфографиялық сәнін келтірмейтінін ескере
келіп, бір таңбалы дыбыс үлгісімен жазуды дұрыс деп санайды.
С.Аманжоловтың пікірінше: «іj-дің қосарлы жазылуына себеп болған бізде
орыстың «и» дыбысы сияқты толық әріптің жоқтығы. Бізде j дыбысы тек
жіңішкелік үшін, дәнекер үшін жүреді, біздегі «j»-дыбысы тек қысқалықты,
шолақтықты көрсетеді. Ол екеуі де жарымжан, екеуі де толық әріптік қабілеті
жоқтар» (Әміржанова Н. Қазақстандағы латын жазуының тарихи тағылымы,
Алматы, 2012) [7]. Н.Сауранбаев «у» және «и» дыбыстарының қосарланған uv, іj
таңбаларымен халықаралық сөздерді жазуда көп қиындықтар келтіріп, сөздің мән-
мағынасын шатастыратын жағдай тудырғанын да жасырмады. Сондықтан
ғалымның пікірінше, мүмкіндігінше дыбыстарды жеке бір таңбамен белгілеп жазу
емленің тұрақталуына мүмкіндік беретіндігін, ал емле ережелері икемді әрі
тұрақты болса, еңбекшілердің сауаттылығы да, жазу, қарым-қатынас мәдениеті де
дамитынын алға тартады. Латын әліпбиіндегі қазақ тілінің емле өзгерістері туралы
қаулының насихаттау мақсатында және халықты жаңа емле ережесіне үйрету
бағытында Н.Сауранбаев «Төте оқу» газетіне дүркін-дүркін мақала жариялап
отырды. Емле қаулысындағы өзгерісті бұрынғысымен салыстыра отырып, тиімді
жағын мысалдармен айқындап көрсетіп отырды.
Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқасына ұқсас жазылады, оларға қосымша
буын үндестігіне сәйкес жалғанады: moderator (-dyń, -y, -ǵa, -lar), marker (-diń, -i, -
ge, -ler), stepler (-diń, -i, -ge, -ler), vaýcher (-diń, -i, -ge, -ler), sýpervaızer (-diń, -i, -ge, -
ler), banknot (-tyń, -y, -qa, -tar), bankomat (-tyń, -y, -qa, -tar), planshet (-tiń, -i, -ke, -ter),
onlaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), oflaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), dızaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), barmen
(-niń, -i, -ge, -der), resepshn (-niń, -i, -ge, -der), skrınshot (-tyń, -y, -qa, -tar), blokbaster
(-diń, -i, -ge, -ler).
Бірқатар кірме сөздер айтылуы бойынша жазылады: taýar, nómir, poshta, kástóm,
pálte, poıyz, sıez, slesir, vedimis, vedimistik, ketchúp.
ё әрпі о́ әрпімен таңбаланады. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес
жалғанады: manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -
ler), amóba (-nyń, -ny, -ǵa, -lar), dırıjо́r (-diń, -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń, -i, -ge, -ler).
ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sement; desımetr,
proporsıonal, kvars, korporasıa, senarı, abses, plebısıt.
щ әрпі sһ әрпімен жазылады: ýchılıshe, praporshık, borsh, shı (тағам).
э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, poetıka, koefısent.
ю әрпі ú әрпімен жазылады: parashút, absolút, glúkoza, debút, prodúser,
lúks, valúta, búdjet, búro, sújet, búleten, fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt.
Қосымшалар соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.
я әрпі а́ әрпімен жазылады: zarа́d, knáz, narád, razrád, grıláj. Қосымша §16
бойынша жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: |