4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

№9 дәріс тақырыбыҚысқарған сөздердің, одағайлардың, шылаулардың 
емлесі 
 
Дәріс жоспары:
1. Қысқарған сөздердің жазылуы.
2. Шылаулардың жазылуы.
3. Одағайлардың жазылуы 
 
Дәріс мәтіні: 
Қысқарған сөздер жасалуына, мағынасына, құрамы мен қолданысына қарай 
бірнеше түрге бөлініп, іштей жіктеледі. Қазақ тіл білімінде қысқарған атаулардың 
түрлерін ажыратып, ғылыми әдебиеттерде негіздеп бірізді беру мен мектеп, жоғары 
оқу орындарына арналған оқулықтарда оларды іштей жіктепжіліктеп оқыту жағы 
әлі кемшін түсіп отыр. Бұл да қысқарған сөздер мәселесінің бізде жан-жақты 
зерттеліп, оларға жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқандығын айғақтайтын 
факторлардың бірі. Жасалу сапасының әркелкі екендігіне қарамастан, жинақталған 
материалдар көлемі бүгінгі таңда қазақ тілінде қолданылып жүрген қысқарған 
атауларды жан-жақты зерттеп, олардың пайда болу, қолданылу үдерісін үнемі 
назарда ұстап отыру қажеттігін анық көрсетті. Қысқарған сөздер мәселесі 
Н.Алдашевтың кандидаттық диссертациясында ғана арнайы зерттелген және тіл 
мамандары тарапынан жазылған бірнеше мақала бар. Сөздің бұл түрінің тілдік 
табиғатын тереңірек тану үшін қысқарған сөздердің жай-жапсарын мамандар әр 
қырынан әлі де қарастыра түсуі қажет деп білеміз. Қазақ тіл білімінде қысқарған 
сөздер түрлері ажыратылып, олардың аты мен заты анықталып, бір жүйеге түсе 
қоймағанымен, өзге тілдерде оларды іштей жіктеу біршама орныққан деуге болады. 
Біз тілдік қолданысымыздағы қысқарған атаулардың дені олардың өзге тілдердегі 
сәйкес баламаларының үлгілері қысқарған сөздер түрін окказионал қысқарымдар, 
мәтіндік қысқарымдар (окказиональные, текстовые сокращения) деп жіктеу бар. 
Баспасөз беттерінен мұндай қысқарымдар түрі көп ұшырасады. Қолданушылардан 
басқаларға мүлде таныс емес, толық нұсқасын қоса көрсетпесе түсініксіз мұндай 
атауларға мысал келтіру қажеттілігі бола қояр деп ойламаймыз. Қысқарған сөздерді 
тілде белсенді немесе өте сирек қолданылуына байланысты да жіктеуші ғалымдар 
бар. Қысқарған сөздер де тілдегі лексикалық мағынасы бар сөздер сияқты қоғам 
өміріндегі тарихи өзгерістерге байланысты қолданыстан шығып немесе өте сирек 
қолданылатын көнерген сөздер қатарына енеді. Белсенді қолданыстан шығып, 
пассив сөздер қатарына енген ондай қысқарған сөздер – тарихи қысқарымдар 
[сокращения-историзмы] деп аталып жүр. Сондай-ақ күрделі атауларды құрайтын 
сөздердің төл сөз немесе кірме сөз болуына байланысты қысқарту кезінде солардың 
негізінде туындаған қысқарған атаулар да құрамына қарай будан (гибрид) болып 
шығады. Біздіңше, оларды будан қысқарымдар деп атауға болады. Мысалы, 
ҚазБытХим(Казахстанская 
бытовая 
химия, 
ҚазМұнайГаз, 
ҚазТрансГаз, 
Мемтерминком, Мемономком, Санпедқадағалау (санпеднадзор) және т.б. 
«ҚазБытХимнің» хош иісті сабындары. («Егемен Қазақстан», 7 қыркүйек 2012 
жыл. №590-591); Бұл туралы кеше санпедқадағалау комитетінің облыыстық 
департаменті хабарлады. («Айқын», 23 сәуір 2010 жыл. № 70). Қысқарған 
атауларды бұлайша жіктеуді біз лингвистикалық әдебиеттерден кездестіре 
алмадық. Қысқарған сөздердің мұндай түрі қазіргі қолданысымызда жиі 


ұшырасатын болды. Сол себепті бұл секілді қысқарымдарды өзінше бөліп қарауға 
негіз бар деп білеміз. Тілімізді кірме сөздер мен терминдер өте көп болғандықтан, 
кейінгі жылдары солардың қатысуымен
Біздің тілімізде қысқарған сөздердің жасалып, қалыптаса бастағанына бір 
ғасырға жуық қана уақыт болғандықтан, ағылшын, неміс, орыс т.б. тілдерімен 
салыстырғанда олардың қоры соншалықты бай емес. Мысалы, орыс тілі қысқарған 
сөздерге өте бай тілдердің бірі. Айталық 1984 жылы жарық көрген «Словарь 
сокращений русского языка» сөздігінің 4-ші басылымында 18 000 мыңға жуық 
қысқарған атау қамтылған. Соған сәйкес орыс тілінде омоним-қысқарымдар да жиі 
ұшырасады. Мәселен, ВП – военный порт, ВП – воздушная подушка, ВП – 
выжидательная позиция, ВП – вторичное предъявление т.б. Бірақ бұдан біз де 
қысқарған сөздер қорын мақсатты түрде орыс тіліндегідей көбейтіп, омоним-
қысқарымдарды да көптеп қалыптастыра беруден қашпайық деген түсінік 
туындамауы тиіс. Әр тілдің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты бар. Соған сәйкес 
қажеттілігіне қарай жасалған қысқарған сөздерімізді жазу мен айтуға қолайлы, 
тілдік нормаға сай қалыптастыру маңызды міндет. Қазір транслитерацияланбаған 
қысқарымдардың (нетранслитерированные иноязычные сокращения) тілдік 
қолданысымызға ене бастағаны байқалады. Олардың қолданысын осы кітаптың 
келесі тармағында берілген мысалдардан көруге болды. Кеңестік кезеңде тілімізде 
ТУ–134, ТУ–144, ТУ–154, МИ–8, ДТ–75, ГАЗ –53, ЗИЛ–130, ЮМЗ –70, К–700 
сияқты әріп пен санның немесе сөзбен санның қосындысынан құралған әріпсан 
қысқарымдар (инициально-цифровые аббревиатуры) баспасөзде, жалпыхалықтық 
тілде жиі қолданылып, көпшілікке түсінікті болса, қазір қысқарымның бұл түрі 
арнаулы сала әдебиеттерінде болмаса, өте сирек кездеседі. Баспасөзде А–20, АН–
24, ЯК– 42 тәрізді бірді-екілі қысқарымдар ғана ұшырасады. Бірреттік немесе 
жекелеген мәтін ішінде ғана қолданылатын
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің қай саласын алсақ та, қысқарған сөздер 
молынан кездеседі. Еліміз әлемнің көптеген мемлекеттерімен саяси-экономикалық, 
дипломатиялық және ғылыми-мәдени байланыстарын қалыптастыруына 
байланысты қазір қысқарған атаулар бұрынғыдай тек орыс тілінен ғана алынып 
отырған жоқ. Халықаралық қатынастардың нығаюы өзге тілдерден тікелей сөз 
алмасуға жол аша бастады. Әсіресе, ағылшын тілінен енген халықаралық сипатқа 
ие қысқарған сөздер қатары біршама артып отыр. Бұрын орыс тіліндегі нұсқасында 
киррил әріптерімен таңбаланып жүрген бірқатар атаулар қазір латынша 
таңбалануы бойынша қолданыла бастады. Қазіргі баспасөз беттерінде латынша 
транцкрипциясы бойынша жазылатын шетелдік компаниялар мен түрлі 
ұйымдардың, мекемелердің күрделі атаулары да көбейіп келеді. Мәселен, 
бұрынырақта, дәлірек айтқанда 90-жылдарға дейін біздің тілімізде орыс тіліндегі 
қысқартылған нұсқасы бойынша қолданылатын қысқарымдар көп болған болса, 
қазір еуропа елдерінің тілдері мен ағылшын тіліндегі күрделі атаулардың 
қысқарған нұсқаларын да мерзімді баспасөз бен ресми құжаттардан, түрлі 
басылымдардан жиі ұшырататын болдық. Олардың қатарына мына төмендегі 
ASEAN, АІВА, ЕХРО, IBA, ISO, IT, ІРО, FILA, FIFA, FIDE, FIAS, NACA, NATO, 
NTI, UNESCO, UNICEF, USAID, UNEP, USIA, UNPF, OPEC, WBA, WBO, WBC, 
WiMAX, WWF, UBS, VIP, CNN, CARICC, SMS, TIMSS, G-20, REACH, PNB, РR 
және т.б. сияқты қысқарымдарды осы қатарға қосуға болады. Кеңестік кезеңдегі 
қоғамдық құрылыс, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар атаулары мен қоғамдық 


саяси лескиканы құрайтын күрделі сөздердің қысқарған нұсқаларының көпшілігі 
жасалған будан терминдер мен осындай будан қысқарымдар саны күрт көбейіп 
келеді. Мұндай үдеріс үздіксіз жалғасып, кірме дыбыстар мен кірме сөздерді өз 
тілімізге икемдемей, түпнұсқа тілдегі қалпында өзгеріссіз қабылдай берсек, соған 
сәйкес қазақ сөз құрамының елеулі өзгеріске ұшырайтынын болжау қиынға 
соқпайды. Қысқарған сөздердің осы аталған түрлерімен қатар окказионал 
қысқарымдар, мәтіндік қысқарымдардан кейбір авторлық қысқарымдарды бөліп 
қараған жөн деп санаймыз. Авторлық қысқарымдар оның авторы тарапынан белгілі 
бір мақсатты көздей отырып жасалып, бір емес, бірнеше рет арнайы 
қолданатындығы тұрғысынан ерекшеленеді деген пікірдеміз. Қазіргі баспасөз бен 
көркем шығармаларда кейбір авторлық қысқартулар кездеседі. Авторлық 
қысқартуларды жиі қолданытындардың бірі – ақын Мұхтар Шаханов. Белгілі ақын 
өзінің ауызша сөйлеген сөздерінде, сұхбаттары мен мақалаларында, өлеңдерінде 
«ТЖ» – туфли жалағыштар қысқарымын, «жағымпаздар, жарамсақтар» деген 
мағынада қолданады. «ШҚ» – шала қазақтар, «МҒ», «МҒҚ» – мордиясы ғана 
қазақтар. Автор осы қысқарымдарды бірнеше мақалаларында, ауызша сөйлеген 
сөздерінде, өлеңдерінде мақсатты қолданады. Ж.Кеттебектің «Қарағаш» 
әңгімесіндегі мына қысқарымдар да мақсатты қолданыстар.«ТҚ-ларға» жаққан 
нәрсе «ҚҚ-ларға» жақпай, «ҚҚ-ларға» жаққан нәрсе «ТҚ-ларға» жақпай, екі тайпа 
бір-бірімен аңдысып, қырық пышақ қырқысып жататын (Жәлел Кеттебек. Қарағаш. 
«Жас Алаш», 14 мамыр 2013 жыл. № 37). Мұндағы ТҚ – Түзу Қалпақтылар, ҚҚ – 
Қисық Қалпақтылар. Бұл іспетті қысқарған сөздердің поэзия мен прозада, көркем 
шығармалар тілінде қолданылуын да арнайы қарастырған жөн. 
Қазіргі кезеңде коғам өмірінің қай саласын алсақ та, қысқарған сөздер 
молынан кездеседі. Олардың өзге тілдерден қалай қабылданып, өз тілімізде қалай 
жасалып, қолданыс тауып жатқандығын анықтап, бұл бағыттағы жақсы үрдістерді 
үлгі ретінде ұсынып, кемшіліктерді түзету жолдарын көрсету тіл мамандарының 
міндеті. Осы тұрғыдан қарағанда кейінгі жылдары тілшілер қауымының қысқарған 
сөздер мәселесіне көп көңіл бөлмегені байқалады. Соның салдары да анық 
аңғарылып отыр. Баспасөз беттерінде, ғылыми, танымдық, оқулық әдебиеттер мен 
салалық сөздіктерде кездесетін қысқарған атаулардың жасалуында, қолданысында 
көптеген кемшіліктер орын алып жүр. Ондай олқылықтарды уақытында анықтап, 
түзетіп, қысқарған атаулардың қолданысын қадағалап отырмаса, ретсіздіктің белең 
алары белгілі. Сөз қысқарту тәсілі - қазақ әдеби тілі жүйесінде 1920 жылдардан 
бері қарай, яғни соңғы бес-алты жыл көлемінде ұлттық сипатта бекемдік таныта 
бастаған сөзжасам әдістерінің бірі. Сөз кысқартудың әріптік, буындық, аралас 
қысқарту және контракциялық суспенциялық, сондай-ақ шартты қысқарту сияқты 
түрлері бар. Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар 
әсер етеді. Олар: а) қазақ тіліне қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастың түбегейлі 
өзгеруі, қоғам және ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, ұлттық 
дүниетанымдағы жаңғырулар; ә) тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, 
сөйленіс 
машықтарының 
синонимдік 
қатарларға 
мұқтаж 
болады. 
Қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар. А. Ысқақов 
«күрделі атау» сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіліп 
жұмсалу жолы орыс тілінің әсерінен туғандығын, қысқарған сөздер әдеби тілдің 
жазбаша нысанында күрделі сөздің белгілі бір түрі болып қалыптасқандығын 
баяндап, осы термин ұғымына тек қана орыс тіліндегі үлгі бойынша жасалған төрт 


түрлі жолмен аббревиатураларды жатқызады. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарымдар 
(қысқарған күрделі зат есімдер) өмірмен өзектес дамып келеді. Олар - қоғамдық-
саяси ұйымдардың қысқартылған аталымдары, мемлекеттердің, мекемелердің т.б. 
қысқартылған атаулары жиі ұшырайды. Әсіресе соңғы жылдарда жарнамалық 
қызметте, баспасөз беттерінде кең қолданыс тапқан. Қысқарымдардың негізгі 
ерекшелігі - тілдік ықшамдау, үнемдеу зандылықтарына сәйкес туындаған 
жасалымдар, жаңа мәтіндегі сөздер және тиімді әдіс, икемді тұлғалар. Тілімізде бар 
күрделі атауларды қысқартуда белгілі бір үлгіні сақтаудың маңызы зор. Өз 
тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып та қысқарған сөздер қорын жүйелі 
қалыпқа келтіруге болатындығын ғылыми негізге алудың қажеттілігі өз құнын 
жойған жоқ. Әсіресе күрделі атауларды бас әріптерімен қысқарту жолы кеңінен 
тараған. Мысалы: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достығы), ҚХР (Қытай Халық Республикасы), ХДП (Халықтық-демократиялық 
партия), АҚ (акционерлік қоғам), ААҚ (ашық акционерлік қоғам), ЖШС 
(жауапкершілігі шектеулі серіктестік), ОҚО (Оңтүстік Қазақстан облысы), СҚО 
(Солтүстік Қазақстан облысы), ҚР (Қазақстан Республикасы), АҚШ (Америка 
құрама штаттары) т.б. Жоғарыда келтірілген мысалдар жалпыхалыққа түсінікті 
болып келеді. Бірақ баспасөз беттерінде жұртшылықтың көз-құлағы үйреніп, жиі 
қолданылатындай дәрежеге жете қоймаған атаулар да кездеседі. Мұндайда газет-
журналды бос уақыты болғанда ғана оқитындар емес, оны үзбей қадағалап 
отыратын оқырманның өзі қысқарған сөздің толық нұсқасының қалай болатынын 
тауып, оның мағынасын түсіну біршама қиынға соғады. Мысалы: А-20 – «Азия 
жиырмалығы». Елбасымыз «А-20» деген атпен «Азия жиырмалығын» құруды 
ұсынды. «Егемен Қазақстан», 21 сәуір 2009 жыл. ӘКК (СПК) — әлуметтік-
кәсіпкерлік корпорация. Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, 
«Каспий» ӘКК ҰК» АҚ басқармасының экс-төрағасы Асқар Нұрғалиев мемлекетке 
келтірген шығынды толық өтеді. «Егемен Қазақстан», 12 қазан, 2014 жыл. АХАЖ 
(ЗАГС) — Азаматтардыi хал актілерін жазу. АХАЖ саласы бойынша «Жеке тұлға» 
бағдарламасы аудандарда іске асып жатыр. «Егемен Қазақстан», 5 тамыз 2008 жыл. 
№237. Осы орайда АХАЖ органдары ата-ананың құқығын шектеп, балаға қандай 
ат қою керектігін айтуға құқықтары жоқ. «Солтүстік Қазақстан», 17 шілде 2009 
жыл. ШОБ (МСБ) - шағын және орта бизнес. Осы пайыздық көрсеткіштерден 
өндіріс салаларындағы ШОБ-тардың үлес салмағын да байқауға болады. 
«ЕгеменҚазақстан», 25 шілде 2008 жыл. Біздің өңірімізде “Бизнестің жол картасы 
– 2020” бағдарламасы бойынша 120 жоба мақұлданса, ШОБ субъектілерінің 
лизингтік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша 650 жоба қолданды. 
«Солтүстік Қазақстан», 28 желтоқсан 2012 жыл. ҚЕБА – UазаXстандағы Еуропа 
Бизнес-ассоциациясы. Оның үйіне тінту жүргізу кезінде алынған флэш-картадағы 
«В.Козловтың қосымша куәгерлік мәлімдемесі» атты анықталған электронды 
құжатында Әбіләзов 2002 жылдан ДВК (ҚДТ) деп құрылған. «Егемен Қазақстан», 
13 желтоқсан 2012 жыл. Тілімізде күрделі атауларды қысқартудың екінші түрі 
ретінде бірінші сөздің бірінші буыны және келесі сөздердің бас әріптері арқылы, 
алғашқы сөздің бастапқы буыны мен соңғы сөздің толығымен жазылуы арқылы, 
әрбір сөздің басқы буындарының қысқаруын жатқызамыз. Мысалы: АтМӨЗ 
(АНПЗ) - Атырау мjнай hiдеу зауыты. Ал жергілікті экологтар АтМӨЗ-дің 
санитарлық аумақ шекарасын анықтауды, сонымен бірге, қоршаған ортаның 
тазалығына ұдайы мониторинг жасайтын кұрылғы орнатуды кешіктірмеу 


қажеттігін атап көрсетті. «Егемен Қазақстан», 15 шілде 2008 жыл. ЕурАзЭҚ 
(ЕврАзЭС) - Еуразия экономикалыX Xоғамдастығы. Үш мемлекеттің 
көшбасшылары ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлестері үшін 
марапатталды. «Солтүстік Қазақстан», 16 желтоқсан 2012 жыл. ҚАЗБАТ (КАЗБАТ) 
- UазаX батальоны. Сол күші басым жаумен қиян-кескі ұрыста Қазбаттың 17 
жауынгері қаза тапты. «Егемен Қазақстан», 9 сәуір 2013 жыл. ҚазБСҚА (КазГАСА) 
- UазаX Бас сәулет-Xjрылыс академиясы. Бүгінгі күні ҚазБСҚА студенттерінде 
толық компьютерлік техникамен жабдықталған екі тәжірибелік аудитория бар. 
«Егемен Қазақстан», 11 мамыр 2014 жыл. ҚазБШҒЗИ (КазНИИРХ) - UазаX БалыX 
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сондықтан Ауыл шаруашылығы 
министрлігінің комитеттері мен зертханалары, «Қазагроиновацияның» ҚазБШҒЗИ 
ЖШС ғалымдар түзген зерттеулер мен болжамдар негізінде уақыт оздырмай нақты 
тұжырымдар жасап, жергілікті кәсіпкерлер, жеке қожалықтар бірлесе атқаратын 
бағдарлама жасауға, соны заң тұрғысынан бекітуге ықпал етуі керек. «Егемен 
Қазақстан», 25 ақпан 2009 жыл.
ҚазГЗУ (КазГЮУ) - UазаX ГуманитарлыX Заi университеті. ҚазГЗУ түлеп, 
түрленіп, оның ғимаратының өзі Астананың көркіне көрік қосып, жасанып шыға 
келді. «Егемен Қазақстан», 27 наурыз 2010 жыл. «ҚазМұнайТеңіз» АҚ - «UазаX 
мjнай-теiіз» акционерлік Xоғамы. Баржаның операторы «Қазмұнайтеңіз» теңіз 
мұнай компаниясы» АҚ-тың еншілес. «Егемен Қазақстан», 7 қазан 2011 жыл. 
ҚазТАГ (КазТАГ) - UазаX телеграф агенттігі. Оның сайраған сөздері Мәскеуден 
ТАСС арқылы тарап, ҚазТАГ-тың қоржынынан өтіп, күнделікті газеттердің бетіне 
түскенше сан мәрте түзетілетінді шығарды. «Егемен Қазақстан», 15 қазан 2012 
жыл. 26 қарашада ҚазТАГ республикалық қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 
жүргізген сайлаушылардың көңіл күйін социологиялық зерттеудің нәтижелерін 
жариялады. «Солтүстік Қазақстан», 30 қазан 2012 жыл. Күрделі атауларды 
қысқартудың үшінші түрі - техника түрлерінің (ұшақ, трактор, автокөлік т.б.) 
маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер. Бұндай қысқарған сөздер бас 
әріппен жазылады. Мысалы: ЯК-40. 1992 жылдың 17 шілдесі күні жолға шығып 
Баян-Өлкеден Өскеменге, одан Петропавл қаласына “АН-22”, “ЯК-40” ұшақтары 
арқылы жеттік. «Солтүстік Қазақстан», 8 ақпан 2013 жыл. Кешеннің бас 
кіреберісінде кеңестік көп мақсатты МИ-4 тікұшағы, АН-2, ЯК-40 ұшақтары тұр. 
«Егемен Қазақстан», 23 тамыз 2012 жыл. ИЛ-18. Өзі айтқандай дарылдаған төрт 
моторлы «ИЛ-18» ұшағымен бақандай төрт сағат ұшып, Қарағандының ескі 
әуежайына қонады ғой. «Егемен Қазақстан», 2 қазан 2013 жыл. ГАЗ-53. Әкімжан 
Ғайбуллаев, тұрғын: – Менің «ГАЗ-53» маркалы көлігім бар. «Егемен Қазақстан», 
5 маусым 2013 жыл. Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласының Котов 
көшесінде “ГАЗ-53” автокөлігі жанып, жүргізушінің кабинасы мен мотор бөлігі 
жойылды. «Солтүстік Қазақстан», 7 қараша 2013 жыл. АН-2. Төрт адам тірі қалды 
Ресейдің тергеу комитеті Камчаткада апатқа ұшыраған АН-28 ұшағына қатысты үш 
жағдайды атады. «Егемен Қазақстан», 13 қыркүйек 2012 жыл. Сонымен ақын 
ағамыз 1964 жылдың 9 мамырында ауданнан облысқа “АН-2” ұшағымен баратын. 
«Солтүстік Қазақстан», 29 мамыр 2013 жыл. ЗИЛ-130. «МТЗ-80» 25 «ПМ-130» 
техникасы, «ЗИЛ-130» базасындағы 9 құмшашқыш, 2 қар жинағыш, 2 «К-701», 
«Урал» базасындағы роторлы техникалар мен тіркемелерді қосқанда барлығы 160 
арнайы техника. «Егемен Қазақстан», 18 қазан 2011 жыл. Нақтырақ айтқанда, отын 
тиеп, орманнан келе жатқан “ЗИЛ-130" жүк көлігі Қызылжар ауданының 


Николаевка ауылының маңында жаңбырдан кейін саз болған жолда батып қалған. 
«Солтүстік Қазақстан», 31 шілде 2013 жыл. ТУ-154. Осыдан екі жыл бұрын 
Смоленск әуежайына қонар кезде Польша президенті Лех Качиньский мінген ТУ-
154 ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі. «Егемен Қазақстан», 11 сәуір 2011 жыл. Сол 
айтқаны рас екен, әлгі 18 тонна жүкті тау-тасты асып түсе алатын машинаға да, 
пойызға да, тіпті мұхиттарды жүзіп өтетін кемелерге де тиемей, құласаң нардан 
құла дегендей, ТУ-154 ұшағына сылқита салады. «Солтүстік Қазақстан», 7 
желтоқсан 2012 жыл. ВАЗ-2107. Ал Есіл ауданының Бұлақ ауылында сарай мен 
гаражды өрт шарпып, ақыр соңында ағаш құрылымдарымен бірге “ВАЗ-2106” 
автокөлігі толықтай жанып кетті. «Солтүстік Қазақстан», 31 шілде 2013 жыл. БТР-
80. Оның ішінде “БТР-80”, әскери “КАМАЗ” және “УАЗ” көліктері балғындардың 
ерекше ықыласын туғызса, атыс қаруының түрлері де көрмеде алдыңғы орында 
болды. «Солтүстік Қазақстан», 5 қазан 2012 жыл. Күрделі сөздерді қысқарту 
кезінде тілдегі дыбыстардың бір-бірімен қатар тұру мүмкіндігі, олардың тарихи 
қалыптасқан орны болады. Көп жағдайда, әсіресе, әріптік қысқарту барысында 
қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі сақталмайды. Дыбыстар үндестігі бұзылғандықтан 
айтуға келмейтін, құлаққа жағымсыз естілетін, айтуға қолайсыз атауларды да 
кездестіріп жатамыз. Мысалы: ОАӨАҮО (ОрталыX Азиядағы hiірлік аXпараттыi 
cйлестіру орталығы), ПҮАЖ (Президент пен -кіметтіi актілер жинағы), ӨСЕҚ 
(ртке Xарсы еріктілер Xоғамы), БӨҚжА (баXылау-hлшеу Xjралдары және 
автоматика), ҚҚХҚИ (UазаX XjXыXтану және халыXаралыX Xатынастар 
институты), ӨОАӘ (hлшемдердіi орын алмастыру әдісі), АОМКДИ (Алматы 
облыстыX мамандар кәсібін дамыту институты), АӨСШК АЛТК (Азиядағы hзара 
ыXпалдастыX және сенім шаралары жhніндегі Аға лауазымды тjлғалар комитеті), 
АӨІСШК (Азиядағы hзара іс-Xимыл және сенім шаралары кеiесі), ҚИК АҚ 
(«UазаXстан ипотекалыX компаниясы» Акционерлік Xоғамы) т.б. Әр түрлі мағына 
беретін күрделі атауларды бір ғана қысқарған сөзбен беру – қазіргі кезде тілімізде 
орын алып отырған кемшіліктердің бірі. Мысалы, Халықаралық кәсіпкерлер 
ұйымын да, Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымды да ХКҰ деп бір-ақ 
қысқарған сөзбен беріп жүрміз. Осы сияқты Еуропалық Кеңес те, Еуропалық 
комиссия да ЕК түрінде, стандарттық үлгі де, сауда үйі де СҮ түрінде, сәйкес келу 
сертификатын да, стандарт санатын да СС үлгісінде, көп ұлтты компания да, көп 
ұлттық корпорациялар да КҰК түрінде, коммерциялық банк та, конструкторлық 
бюро да КБ түрінде, Еуропа көлік конференциясы да, Еуропа кәсіподақтар 
конференциясы да ЕКК түрінде, Азия даму банкі мен Африка даму банкі АДБ 
түрінде, қалалардың халықарарлық ассамблеясы да, Қазақстан халқы ассамблеясы 
да ҚХА түрінде, су электр стансасы мен санитарлық эпидемиологиялық станса да 
СЭС түрінде қолданылып келеді. Осындай сөз қысқартуларды жиі ұшыратуға 
болады. Бұл нұсқалар бір қысқарған сөздің тілде орнығуына екіншісі кедергі 
келтіреді. Мәселен, Еуропалық Кеңесті - қазіргі қалпында ЕК деп әріптік қысқарту 
үлгісімен, ал Еуропалық комиссияны - ЕуКом түрінде буындық қысқарту жолымен, 
сол сияқты Африка даму банкін АДБ түрінде, ал Азия даму банкін АзДБ, 
коммерциялық банкін КомБанк түрінде, конструкторлық бюроны сол қалпында КБ 
түрінде, қалалар халық ассамблеясын ҚХА түрінде, ал Қазақстан халқы 
ассамблеясын ҚазХА түрінде де алуға болар еді. Негізінен әр түрлі атаулардың бір 
нұсқа түрінде қолданылуының өзі қысқарған сөздерді жинақтап, сұрыптап, ретке 
келтіру жұмыстары тиісті дәрежеде қолға алынбай жүргендігінің айғағы. 


Қысқарған атаулардың қолданысындағы кемшіліктің бірі - олардың түрліше 
қысқартылып алынып, бірнеше нұсқада жарыса жұмсалуы. Азиядағы өзара 
ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі атауының қысқарған нұсқасы 
орыс тілінде СВМДА түрінде бір ғана нұсқада қолданылып жүрсе, бізде бұл 
қысқарым - АӨСШК, АӨЬІСШ, АӨСІШК болып үш түрлі нұсқада жарысып 
жұмсалып жүр. Осы қатарға ТКШ// ТҮКШ (тjрғын-cй коммуналдыX 
шаруашылығы), Қаз АТУ// ҚАТУ (UазаX агротехникалыX университеті), ЕҚЫҰ // 
ЕҚЫК (Еуропадағы Xауіпсіздік пен ынтымаX келісімі), БСҰ//ДСҰ (Бcкіләлемдік 
сауда jйымы, Дcниежcзілік сауда jйымы), ЭСК// ЭСЖК (ЭкономикалыX саясат 
жhніндегі кеiес), БДҰ//ДДҰ (Бcкіл дcниежcзілік денсаулыX саXтау jйымы, 
Дcниежcзілік денсаулыX саXтау jйымы), ІЖӨ//ЖІӨ (ішкі жалпы hнім, жалпы ішкі 
hнім) сияқты жарыса қолданылып жүрген атауларды да қосуға болады. Сондай-ақ 
бірде қазақша, бірде орысша, кейде ағылшынша қысқартылуы бойынша 
қолданылып жүрген атаулар да едәуір. Мысалы, СЭС//ГЭС (су электр стансасы, 
гидроэлектростанция), ҒІҒА//ФИФА, АҚТҚ //ВИЧ, ОББ //ЦРУ, ЖҚТБ//СПИД, 
ЖЭО//ТЭЦ және т.б. Тілімізде қысқарған сөздерге қосымша жалғау тәртібі бірізді 
сақталып жүрген жоқ. Тілші ғалым Шерубай Құрманбайұлы "Әріптерден 
қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары соңғы әріптің немесе соңғы 
цифрдың айтылу әуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол 
дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке жалғанады да, дефис арқылы 
жазылады" деген ереженің ескеріле бермейтінін атап өтеді. Мысалы, АҚШ 
(айтылуы: а-қы-шы), ТМД (айтылуы: ты-мы-ды), БҰҰ (айтылуы: бы-ұ-ұ) деген 
қысқарған сөздерге қосымша орфоэпиялық нормаға сәйкес АҚШ-тың, ТМД-ға, 
БҰҰ-ға деген ретпен жалғанады. 
Қысқарған сөздердің жазылуы. Жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып 
қысқарған сөздер бас әріптермен жазылады, ол әріптердің ара-арасына ешқандай 
тыныс белгісі қойылмайды: БҰҰ (Біріккен Ұлтгар Ұйымы), АҚШ (Америка 
Құрама Штатгары), ҒА (Ғылым академиясы). 
Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас оріптерінен қысқарып 
жасалған сөздің алғашқы қысқарған буынының бірінші әрпі бас әріппен, 
қалғандары кіші әріппен жазылып, кейінгі әріптер бас әріппен жалғастырылып 
жазылады: КазТАГ (Қазақ Телеграф Агенттігі), КазМУ( Қазак мемлекетгік 
университеті). 
Буындардан және буын мен тұтас сөз араласып қысқарған сөздер кіші 
әріптермен бірігіп жазылады: ауатком, Түрксіб. 
Адамның аты-жөні (көбінесе өз есімі мен әкесінің аты) қысқартылып, бас 
әріппен белгілегенде, әр әріптен кейін нүкте қойылады: М.О.Әуезов, С.Мұқанов. 
Басқы әріптерінен қысқарған күрделі атаулар бас әріппен жазылады: EQYU 
(Eýropadaǵy qaýipsizdik jáne yntymaqtastyq uıymy); AQ (Aksıonerlik qoǵam); AAQ 
(Ashyq aksıonerlik qoǵam); JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU 
(Dúnıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу 
заңдылықтарына сәйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-ǵa; ЕO-ǵa; JShS-nyń, 
JShS-ǵa; AQ-nyń; DDSU-ǵa; TMD-ǵa, MKK-ge. Бірақ AQSh-qa деп жазылады.
Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған әлемдік мәртебесі жоғары 
халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, 
NATO, EXPO. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай дефис арқылы 
жалғанады: UNESСO-nyń, -ǵa; USAID-tyń, -qa; NATO-nyń, -ǵa; EXPO-nyń, -ǵa.


Аралас қысқарған сөздер төмендегідей жазылады: QazUÝ (Qazaq ulttyq 
ýnıversıteti); Eýroodaq (Eýropalyq odaq). Қосымшалар соңғы буынға үндесіп 
жалғанады: QazUÝ-dyń, -ǵa; Eýroodaq-tyń,-qa.
Шылаулардың жазылуы. Шылаулар, негізінен, бөлек жазылады. Ак, ай, ау, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет