«№4 орта мектеп» (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)



бет1/2
Дата13.11.2022
өлшемі22,77 Kb.
#49802
түріСабақ
  1   2

«№4 орта мектеп_»
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Кіріктірілген функцияларды практикалық тұрғыда қолдану
(сабақтың тақырыбы)

Машықкердің аты-жөні:

Орысбаева Алуа Әскербекқызы

Күні:

11.11.2022 жыл

Сынып: 8 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Үш қиян».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауға тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
8.Б/С1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығымен бағалау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар тура және жанама мінездеулерді жіктеумен танысып, білгенін қайталайды.
Кейіпкерлерге дұрыс мінездеме беріп үйренеді.
Екі шығарманы салыстыра алады, тақырыбы мен идеясын салыстырып, тарихи және көркемдік тұрғыдан құндылықтарға баға бере алады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Машықкердің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру
Кезеңі
Қызығушылықты ояту
8 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлерін сұрап, күндеріне сәттілік тілеу.
Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты қайталау.
Балалар, өткен сабақта не өттіңдер?
Мұрат Мөңкеұлы кім?
Кластер құрастырайық.
Өткен сабақты еске түсіру және үй тапсырмасын тексеру мақсатында әркім өз білгенін тақтаға шығып, Мұрат Мөңкеұлы туралы бір-бір мәліметтен жазайық.


«Тақырыпты болжау»әдісі.


Аудиоматериалмен жұмыс
Оқушылар жырды бастап оқып, сол кездегі заман көрінісін сезініп, жырдан алған әсерімен бөліседі.

Амандасады.
Үй тапсырмасын тексертеді.
Сұрақтарға жауап беріп, кластер құрап жазады.

Оқушылар берілген суреттерге қарап сабақтың тақырыбын анықтайды.


Оқушылар аудиоматериалды тыңдайды.


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді.




Тақырыптық суреттер

https://youtu.be/eJszPOd0n1k



Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
30 мин

Мәтінмен жұмыс.
«Үш қиянды» оқып, талдау жасау.
1-тапсырма. Түсіндірме сөздікпен жұмыс. Дәптерге жазғызу.
Қиян – таудың басынан төмен қарай ағатын, екпінді ағыс (бұл жерде Еділ, Жайық, Ойыл атты үш өзенге қатысты айтылған), кей жерде мекен ұғымымен де байланыстырылады.
Низам – жүйе, заң, тәртіп.

Мұрат ақын қазақ жеріндегі отарлану саясатын ерте жырға қосады. 1868 жылы «жаңа низам» заңы шығып, елдегі шұрайлы қоныстар өзгелерге беріліп, қазақ халқының мал бағатын жайылымдарынан айырыла бастағанын көрген ақын бірден қайғылана жырға арқау етеді. 1873 жылы шыққан «Үш қиян» өлеңі – атажұрт, қоныстың тарылып, халқымыздың рухани тәрбиесіне де кері әсер еткен өзгерістің нақты көрінісін беретін тамаша өлең.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет