4-сабақ. «Масғұт» поэмасы (сабақтын т ақырыбы/тема занятия) Модуль/пән атауы/Наименование модуля /дисциплины Қазақ әдебиеті Дайындаған оқытушы


Ойтүрткі 1-тапсырма. Бейнероликті көріңіздер, болжам жасаңыздар. Қандай ой түйдіңіздер? Сұрақтарға жауап беріңіздер



бет2/3
Дата26.10.2022
өлшемі72,66 Kb.
#45347
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4-сабақ. Абай. Масғұт

Ойтүрткі
1-тапсырма. Бейнероликті көріңіздер, болжам жасаңыздар. Қандай ой түйдіңіздер? Сұрақтарға жауап беріңіздер
https://youtu.be/VeTUMowUi2k
Жетелеуші сұрақтар:
1. Поэманың бас кейіпкері кім? Ол қандай қасиетімен ерекшеленді?
2. Абай «Масғұт» поэмасын қандай шығарманың желісімен жазды? Оған не түрткі болды?
3. Поэмада қандай мәселе сөз болды?
4. Кейіпкердің қызыл жемісті таңдауынан қандай ой түйдіңіздер?


Поэманың сюжеттік – композициялық құрылысы
Оқиғаның басталуы: Бағдат шаһарында Масғұттың қарақшыдан дәрменсіз шалды құтқарып, өзінің жаралануы. Масғұт пен шалдың диалогы
Оқиғаның байланысы: Шалдың Масғұтты бұзылған тамға ертіп барып, үш түрлі жемісті ұсынуы. Масғұттың қызыл жемісті таңдауы. Қыдыр шалдан бата алуы
Оқиғаның шиеленісуі: Шәмші-жиһан атануы. Масғұттың халифаға уәзір болуы. Қыдыр шалдың аян беруі
Оқиғаның шарықтау шегі: Жаңбыр суын ішкен жұрттың ақылынан адасуы. Жынданған халықтың сарайға келуі.
Оқиғаның шешімі: Хан мен уәзірдің амалсыздан жаңбыр суын ішіп, көппен бірдей болуы.


2-тапсырма. Поэманың композициялық құрылысын негізге ала отырып, берілген шумақтарды сәйкестендіріңіздер.

1

Оқиғаның басталуы:

А

Бұл сөзбен халифаға Масғұт барды,
Хабарын естіген соң хан да аңғарды.
Айтқан кезі жақындап келген шақта,
Ертерек таза судан құйып алды.

2

Оқиғаның байланысы:

В

Шал байғұс айғайлайды аттан салып,
Айырып алған жан жоқ оны барып.
Кім де болса, бір ерлік қылайын деп,
Масғұт ұшты ұрыға оңтайланып.

3

Оқиғаның шиеленісуі:

С

Олар шықты есіктен ханға өкпелеп,
Көшеде шулап және жылаған көп:
-Хан мен уәзір ақылдан айырылыпты,
Өлтірейік екеуін, жынды екен, -деп

4

Оқиғаның шарықтау шегі

Д

Сонымен, бет-бетімен тарқап кетті,
Әйтеуір тарқайтұғын уақыт жетті.
Көрдің бе көп тентектің қылған ісін-
Еріксіз есті екеуін есер етті.

5

Оқиғаның шешімі:

Е

Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған,
Басында үш жеміс бар былқылдаған:
Бірі – ақ, бірі – қызыл, бірі –сары,
-Таңдап ал, мен берейін бірін саған





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет