Алгоритм - студентке зат не құбылысты толық білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Студенттерге конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі. Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы, себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді. Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Студенттер өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек. Аталған әдісті шектен тыс қолдану жаттандылыққа әкеліп, студенттің шығармашылығын, ақыл-ойын дамытпайды. Себебі репродуктивтік әдісті қолданғанда студенттер үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді.