Бұл әдіс арқылы оқытушы студенттің іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын студенттерге қайталатады. Репродуктивтік әдіс оқытушынен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Оқытушы сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал студенттер оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Студенттерге берілетін нұсқаулар жетілдіріліп, жауаптары бар бағдарламаланған оқулықтар жасалуда. Оларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс істеуді айтумен қатар, жұмыс істеуге керек сызбалар, кинодан үзінділер көрсетіледі. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. студенттерге алгоритм беріледі.