Қызығушылықтың үш түрі: • іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы; • танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі; • іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері
Тәсілдері: • студентке оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру; • талап қою; • талаптарды орындауға үйрету; • өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау; • керек жағдайда жазалау әдісін қолдану; • студентке кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері
Мадақтау түрлері: • баға қою; • тапсырмалар арқылы студентті табысқа жеткізу; • студентті тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу; • топтық тәжірибелік жұмыс кезінде студентке бөлімшелерді басқарту; • үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару; • білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау; • жақсы оқитын студенттердің үлгерімі төмен студенттерге көмектесуі, т.б.
Жазалау түрлері:
• сабақта студентке ауызша ескерту жасау; • күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою; • қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, студенттердің жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану; 2. ЖОО-ның материалдық - техникалық негізін ескеру; 3. ЖОО-ның орналасқан жерін ескеру.
4. Оқытушының шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе студенттердің іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.