Обьективті педагогикалық шындықты тану, түсіндіру үшін педагогикалық зерттеулер жүргізіледі. Педагогикалық зерттеу ол оқытудың тәрбиелеу мен мамандандырудың заңдылық туралы және олардың құрлымы мен механизмдері, мазмұны, принціпі және технологиялары туралы жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми әрекеттің процесі мен нәтежесі.
Педагогикалық зерттеудің теориялық және тәжіребелік сипаты болуы мүмкін. Бағыты бойынша педагогикалық зерттеулер : әдістемелік; түпкілікті; қолданбалы; тәжірибелі- құрастырушылық болып қарастырылады .
Негізгі зерттеулердің нәтежесі болып педагогикалық теоретикалық және практикалық жетістіктеріне қорытынды келтіретін немесе болжамдық негізде педагогикалық жүйелердің даму үлгілерін ұсынатын қорытынды тұжырымдамалар болып табылады.
Қолданбалы зерттеу - бұл педагогикалық процестің жеке жақтарын терең зеріттеуге, көпқырлы педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар.
Жоспарлы білім теоретикалық жағдайларды ескеретін нақты ғылыми - практикалық ұсыныстарды негіздеуге бағытталған.
Педагогикалық зерттеуді жүргізгенде келесі принціптерді басшылыққа алу керек.
Педагогикалық құбылыстың келісілгенділігінен және обьективтілігінен шығу олар ішкі обьективті заңдардың қарама - қайшылықтардың, себеп - салдары байланыстардың әрекет ету күші мен тіршілік етіп, дамиды.
Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде тұтас амалды қамтамасыз ету.