Дәрістің қысқаша мазмұны
Оқытушының субъект ретіндегі құрылымы
Жоғарғы мектеп оқытушысының негізгі қасиеттерінің бірі – мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ол – мұғалімнің беретін пәнін білу дәрежесінен, осы мамандық бойынша, сыбайлас пәндерден ғылыми дайындығынан, кең көлемді оқымыстылығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық тәсілдермен таныстығынан құралады.
Сонымен қатар, педагогикалық төзімділіктен, педагогикалық дербестіктен және педагогикалық өнерден тұратын жеке ұстаздық дарынның маңызы зор.
Арнайы оқытушылыққасиеттермен қатар, қажетті жеке адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді: әділдік, ұқыптылық, елгезектік, табандылық, ұстамдылық, байсалдылық және тағы басқа қасиеттерді атап өтуге болады.
Педагогикалық әсер етудің негізгі бағыттары оқушыларды оқыту, білім беру, дамыту және тәрбиелеу болып табылса, ал мұғалімнің ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін басқару болып табылады.
Жоғары мектеп мұғалімі оқыту емес, оқу барысын бағыттау, үйрету емес, ізденісті туындату, тәрбиелеу емес, тәрбие процессін басқару үшін шақырылған. Қаншалық мұғалім өзінің осы рөлін дұрыс түсіне білсе, соншалық оқушыларына өз-бетінше жұмыстануға, ізденуге, дамуға, белсенділік көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді:
тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері оның субъекті рөлін іске асырудың алғашқы негіздері ретінде;
қабілеттілік;
өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық;
кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |