С. Л. Рубинштейн бойынша, тұлғаның бағыттылығы динамикалық тенденцияларды білдіреді, мұнда мінез-құлық мотиві ретінде адамның іс-әрекеті анықталады. Тұлға бағыттылығының құраушыларына оның пәндік мазмұнын сипаттайтын



Дата13.03.2023
өлшемі1,48 Mb.
#73748

ОРЫНДАҒАН : B005
1-КУРСЫ СТУДЕНТІ ФК-203
ЕРАСЫЛ БЕЙСЕНҒАЗЫҰЛЫ
ТЕКСЕРГЕН МҰҒАЛІМ: ӘЙІП.А.Е
СӨЖ № 4
Тақырып:№4 Тұлғаның бағыттылығы құрылымындағы түрткі (мотив) және мотивация
Бағыттылық – адамның әлеуметтік және рухани жағынан даму динамикасы, оның мінез-құлқының негізгі тенденциялары көрінетін ең маңызды феномен. Бағыттылық үнемі әлеуметтік тұрғыда шартталады және онтогенезде оқу, тәрбиелеу процесінде қалыптасып, тұлғаның құрылымы ретінде көрінеді.
С.Л. Рубинштейн бойынша, тұлғаның бағыттылығы динамикалық тенденцияларды білдіреді, мұнда мінез-құлық мотиві ретінде адамның іс-әрекеті анықталады. Тұлға бағыттылығының құраушыларына оның пәндік мазмұнын сипаттайтын мағыналық компонент және динамикалық компонент (бағыттылықтың қайнар көзіне байланысты туындайтын қысым) жатады. «Динамикалық тенденциялар» тұлға өмірінде қажеттіліктер, бағдарлар, қызығушылықтар мен идеалдар арқылы көрінеді. С.Л. Рубинштейн бағыттылықты тұлғаның негізгі қызығушылықтары, қажеттіліктері, бейімділіктері мен ұмтылысының сипаттамасы ретінде қарастырған.
А.Н. Леонтьев бойынша, тұлғаның бағыттылығы оның мотивтерінің иерархиясы арқылы сипатталады, мұндағы ең маңызды, мағыналы мотив – өмірлік мақсат болып табылады.
Ал, Б.Ф. Ломов тұлға бағыттлығын оның бүкіл психикалық құрылымын анықтайтын жүйені қалыптастырушы құрылым ретінде қарастырады.
К.К. Платоновтың пікірі бойынша, тұлға бағыттылығы – бұл тұлға құрылымы, ол деңгей, кеңдік, қарқындылық, тұрақтылық сияқты ерекшеліктермен сипатталады және қалау, бейімділік, идеал, көзқарас және наным-сенімдер деген бірнеше формадан тұрады.
Тұлға бағыттылығының иерархиялық ретте келесідей формалары бар. Ең алдымен құмарлық қарастырылады. Құмарлық – бұл бағыттылықтың биологиялық формасы болып табылады. Психологиялық көзқарас бойынша бұл дифференциалды емес, бейсаналы немесе жеткілікті түрде бейсаналы қажеттілікті анықтайтын психикалық күй. Әдетте, құмарлық уақытша құбылыс, себебі мұндағы қажеттілік жоғалады немесе қалауға айналып саналы таңдалады.
Қалау – бұл саналы қажеттілік және белгілі бір құбылысқа құмарлық. Ол болашақ іс-әрекеттің мақсаты мен оның жоспарын құруды ұштастырады. Бағыттылықтың бұл формасы тұлғаның тек өз қажеттіліктерін саналы ұғынумен ғана сипатталмайды, сонымен қатар, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары да сараланады.
Бағыттылықтың келесі формасы – ұмтылыс. Ұмтылыс – қалаудың құрылымына ерік-жігер компоненті кіргенде туындайды. Сол себепті, ұмтылыс әрекет етуге белгілі итермелеуші ретінде қарастырылады.
Тұлға бағыттылығының көрінуінің келесі формасы – бұл идеал. Идеал – бұл индивидтің нақты образында немесе бейімділіктерінің мақсаты болып табылады, яғни оның ұмтылысы мен бағдарлары. Адамның идеалдары оның көзқарастарының маңызды сипаттамасы ретінде көрінуі мүмкін, яғни, оның объективті әлемге көзқарасы мен ондағы адамдардың орны және адамның қоршаған ортасына, өзәне деген қатынастар жүйесінен тұрады. Көзқараста тек идеалдар бейнеленбейді, сонымен қатар, адамдардың құндылықтық бағдарлары және олардың таным мен әрекет қағидалары, наным-сенімдері бейнеленеді.
Наным-сенім – бағыттылықтың жоғары фомасы, бұл тұлғаның өзінің көзқарастары мен қағдаларына сәйкес әрекет етуге итермелейтін мотивтер жүйесі. Наным-сенімдердің негізінде саналы қажеттіліктер жатыр, олар тұлғаны әрекет етуге итермелеп іс-әрекет мотивациясын қалыптастырады. Сонымен қатар, «тұлға бағыттылының барлық формаларында әс-әрекет мотиві бар».
В.Н. Мясищевтің қарым-қатынас теориясы позициясы бойынша адам мәнділігін түсіну, бұл «доминантты қатынас және оның интегралы» болып келеді және бұл құбылыс тұлғаның бағыттылығын анықтайды [1].
Бағыттылық мәселесі психологияда тұлға қалыптасуында маңызды болып табылады. Тұлға бағыттылығы мәселесін зерттеуде Л.И. Божович өзінің әріптестері – М.С. Неймарк, В.Э. Чудновский және Т.Е. Конникова және т.б. өз үлестерін қосты, мұнда тұлға бағыттылығы тұлғаның басым келетін мотивтерінің иерархиялық құрылым түрінде қарастырылды.
Л.И. Божович дамушы тұлғаның мотивациялық сферасын зерттеу арқылы, бағыттылықтың негізі ретінде мотивтер сферасының иерархиялық құраушыларын анықтады. Осыған орай, бағыттылықтың 3 түрі анықталды: ұжымдық, іскерлік және жеке.
Осылайша, тұлғаның бағыттылығы тұрақты доминантты мотивтердің жүйесі ретінде, стратегиялық және тактикалық мақсаттарын анықтайды және адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне детерминация жасайды, оның белсенділігін бағдарлайды.
Психологиялық әдебиеттерде тұлға бағыттылығының бірнеше түрлері бар.
Жеке даралық бағыттылық – өз игіліктерінің басымдылығымен, жеке басының мүддесі, беделінің басым болуымен туындайды. Мұндай адам үнемі өзінің сезімдерімен, мәселелерімен айналысады және қоршаған ортасындағы адамдарға назар аудармайды. Кез-келген жұмыста өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады.
Ұжымдық бағыттылық – адам қарым-қатынасты қажетсінгенде туындайды. Мұндай адам бірігіп әрекет етуге қызығушылық білдіреді.
Іскерлік бағыттылық – іс-әрекет процесіне қызығушылықтың болуымен, танымды кеңейтуге ұмтылысымен және жаңа дағдыларды меңгеруге ұмтылысымен ерекшеленеді. Әдетте мұндай адам бірігіп жұмыс істеуге тырысады және топтық жұмыстың өнімді болу үшін әрекет етеді, сол себепті, қойылған міндеттерді шешу үшін өзі пайдалы деп есептейтін көзқарасын дәлелдеуге тырысады.
Назарларынызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет