4-тақырып. Топалаң Дəріс жоспары (1сағ)



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі317,25 Kb.
#14787
1   2   3   4   5
Індеттік ерекшсліктері

Топалаңға қой, ешкі, бүғы, сиыр, жылқы, түйе, жабайы сүт

қоректі  жануарлар  аса  бейім.  Шошқа  біршама  төзімді  де,

бұл аурумен созылмалы түрде ауырады. Ет қоректілер :(ит,

мысық)  басқалардан  төзімді.  Мысалы,  топалаңмен  ауырту

үшін ,үй қоянына қоздырушысының 2 спорасын тері астына

жіберу жеткілікті, ал итке ол үшін Імлн спора енгізу қажет.

Бір  түрге  жататын  кейбір  мал  түқымдарының  топалаңға

бейімділігі  əр  түрлі  болуы  мүмкін.  Қойдың  алжирлік

түқымдары  европалық  түқымдардан  əлдеқайда  төзімді.

Сібірде  өсірілетін  сиырдың  жергілікті  тұқымдарынын  бұл

ауруға  бейімділігі  біршама  төмен.  Сондай-ақ,  далалық

қызыл  сиырлар  қараала  түқымдарына  қарағанда  төзімдірек

болады.


Топалаң  қоздырушысының  бастауы  -  ауырған  жануарлар.

Олар  бациллаларды  нəжіс,  несеп,  сілекей  арқылы  бөліп

шығарады. Микроб əсіресе елер алдында жануардың табиғи

тесіктерінен  аққан  қанды  сұйықтықта  көп  болады.

Қоздырушының  ең  басты  берілу  факторы  -  топалаңнан

өлген  малдың  өлексесі.  Оның  барлық  мүшелері  мен

ұлпаларында  бациллалар  мейлінше  көп.  Мұндай  өлексені

союға 


болмайды. 

Теріні 


тілгенде 

ауадағы 


оттегі


қоздырушының  спора  түзуіне  жағдай  жасайды,  сүйтіп

топырақ  пен  басқа  да  сыртқы  ортадағы  заттарды  жаппай

микроб  жайлап  алуы  мүмкін.  Ауырған  малды  лажсыздан

союдың  да  қаупі  мол.  Сойылған  малдың  еті,  терісі,  қаны,

ластанған  жемшөп  арқылы  ауру  үлкен  қашықтыққа

апарылады. Қоздырушының таралуына етқоректі жануарлар

мен  жыртқыш  құстар  да  белгілі  дəрежеде  қатысады.  Олар

өздері ауырмаса да микробтың спораларын ұзақ уақыт бойы

нəжісімен бірге бөліп шығарады.

Дерттенуі.  Зақымданған  кілегейлі  қабық  пен  тері  арқылы

өткен  ауру  қоздырушысы  өзінің  агрессиндері  мен

əкзотоксиндері  арқылы  енген  жеріндегі  дененің  қорғаныс

күштерін бейтараптап, өсіп-өнеді де, сөл жүйесіне өтіп, сөл

түйініне,  одан  соң  қанға  тарайды  да  фагоциттермен

түтылады.  Сөл  арқылы  бүкіл  денеге  жайылып,  лимфалық

макрофагтық 

жүйенің 


əлементтерінде 

бекітіледі.

Бациллалар  əсіресе  көкбауырда  шоғырланып,  онда  елеулі

патологиялық  өзгерістер  туғызады.  Дерттену  процесіне

бацилланың 

қауашағын 

құрайтын 

заттары, 

бөліп

шығаратын  əкзотоксині  мен  протеаза  ферменті  күшті  əсер



етеді.  Қауашақ  топалаң  қоздырушысының  фагоцитозға

ұшырауына  госқауыл  болады,  ал  микроб  бөліп  шығарған

улы заттар оны бекіткен торшаларды ыдыратады. Босанған

бациллалар  тағы  да  қан  ағысына  түсіп,  септицемия  мен

интоксикацияның  өрлеуіне  əкеп  соқтырады.  Гипоксия

байқалып,  қышқыл-сілті  тепе-тендігі  бұзылады,  қан  ұю

қасиетін  жоғалтады.  Егер  əлсіреген  жануар  аса  уытты

микробпен қағынса бірден септицемия (өлі тию) байқалады

да,  мал  бірер  сағаттан  кейін  өліп  қалады.  Топалаңның

қоздырушысы  денеге  тері  арқылы  енсе,  сол  орын  қанталап

ісінеді де, карбункулға (күйдіргі) айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет