4-тақырып. Топалаң Дəріс жоспары (1сағ)



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі317,25 Kb.
#14787
1   2   3   4   5
Тарихи  деректер.  Ауру  біздің  дəуірімізден  көп  бұрын

белгілі. Ертедегі араб дəрігерлері "парсы күйдіргісі", ал грек

жəнс  рим  ғалымдарь/  "теқті  күйдіргі"  деп  атаған.  Орта

ғасырларда  топалаң  қырғын  індет  ретінде  көптеген  Европа

жəне  Азия  елдерінде  байқалып  түрды.  Ресейде  аурудың

"сибирская  язва"  аталуы  Сібірде  қызмет  еткен,  дəрігерлер

А.ƏшкетЖƏне  Ң.Ножевшиков  (1758)  адам  мен  малда  осы

дерттің  ғылми  сипаттамасын  беруіне  байланысты  болатын.

Топалаңның  қоздырущысың  Гермаңияда  Поллсндер  (1849),

Фраңцияда Райне мен Давен (1850) өлген малдың қанынан

тапты.  Бүл  микробтың  қоректік  ортадагы  таза  өсіндісін

1876  ж.  Р.Кох  бөліп  алды  да,  оның  спора  түзетіндігің

анықтады. Л.Пастер (1881) бірінші болып жануарларды осы

микробтың əлсіретілген өсіндісі арқылы вакциналау мүмкін

сксндігін  тəжірибе  жүзінде  дəлелдеді.  Бүл  əдіспен  вакцина

дайындауды  Ресейде  Л.С.  Цснковский  (1883)  іске  асырды.

1944  ж.  Н.Н.  Гинзбург  СТИ  вакцинасын,  ал  1956  ж  С.  Г.

Колесов  пен  басқалар  ГНКИ  гидроокись  аллюминий

вакцинасын  үсынды.  Топалаң  дүниежүзінде  көптеген

елдерде байқалып түрады

Қоздырушысы.

Bacillus anthracis ірі (3-10x1-1,5 мкм) қозғалмайтын грам оң,

спора  түзетін  ауасыбағалы  таяқша.  Жануар  организмінде



,жəне  табиғи  белогі  мол  қоректік  ортада  қауашақ  түзеді

жəне  бүл  қасиет  уытты  штамдарына  тəн.  Өсуіне  қолайсыз

жағдайда, 

ауадағы 


оттегінің 

қатысуымен, 

15...42°

С.температура  аралығында  спора  түзеді.  Сойылмаған

өлекседе спора түзілмейді де, өлексе шірігенде микроб өліп

қалады. Спора түзу арқылы бұл микроб түр ретінде сыртқы

ортада сақталады.

Төзімділігі.

Микробтың 

вегетативтік 

түрі 


əр 

түрлі 


қолайсыз

жағдайларға  төзімсіз.  Сойылмаған  шіріген  өлекседе  7

тəулекте  ыдырайды.  60°С  қыздырғанда  15  минутта,

қайнатқанда  -  қолма-қол,  тура  түскен  күн  сəулёсінен

бірнеше  сағаттан  соң  өледі.  Кəдімгі  Дезинфектанттардың

əсерінен  тез  арада  өледі,  -10°  С  кезінде  24  күн,  ал  -15°  С

жағдайында етте 15 күнге дейін сақталады. Споралары өте

төзімді.  Олар  шіріген  өлекседе  тіршілігін  сақтайды,  суда

жылдар бойы, топырақта ондаған жылдар сақталады. Ет пен

теріні  тұздау,  кептіру  спораларының  сақталуына  жағдай

жасайды. Құрғақ ыстық ауада 120- 140°С кезінде споралары

тек 2-3 сағаттан кейін, ал 120 С жағдайында автоклавтау 5-

10  мин  өткенде,  қайнату  15-30  мин  соң,  күйдіргіщ

натрийдың  10  %  ертіндіеі,  формальдегидтің  1  %  ертіндісі

екі  сағат  өткен  соң  өлтіреді,  ал  хлорлы  дезинфектанттар

күштірек əсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет