4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын
ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Бағалау критерийіБілім алушы
Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты
аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың
қызметін түсіндіреді
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты: 20 мин
Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз:
Бірлік пен татулық Татулық пен бірлік- мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым қатынаста болу-береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «алтын алма, алғыс ал, алтын деген — жер сыйы, алғыс деген — ел сыйына» ие болады.
Татулық пен бірлік, менің ойымша, сонымен қатар айналадағы дос құрбыларыңның өзіңе деген құрметі дер едім. Ойыңдағы сырды айтып бөлісер, адал дос адамға әрқашан қажет. Досыңа адал болу қасиеті де арадағы татулық пен сыйластықтан туады. Ал ешкіммен тату болмасаң, досыңа көмек керек жерде болыспасаң, олармен бірікпесең кімді серік етесің! Ендеше «татулық — бұзылмайтын қорған» екені рас.
Татулық пен бірлік- қазақ жерін мекен ететін түрлі ұлт пен ұлыстың барлығы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқаны. Елбасымыз Н.Назарбаевтың көп ұлтты қазақ елінде барлық дәстүрлі діндердің дамуына мүмкіндік бар екенін атап айтқанын білеміз.
Ия, олай болса, бірлік пен татулық, тұрақтылық пен рухани келісім бар жерде береке де бар. Еліміздің болашақта қарыштап дамуы үшін үлес қосатын ұрпақ өсіп келеді. Татулық пен бірліктің жеңісі жалғасын таба берсін деп тілейік!
Мәтіннің мақсаты қандай? Кімдерге арналып жазылған?