Самат 11 ай. Салмағы 8,9 кг. Диареяға 3 күн. Баланың санасы бар. 3 рет құсу байқалды. Құрысу болған жоқ. Тексеруге жылап жауап береді. Ана сүтімен қоректенеді. Емшек емізуді тоқтатқаннан кейін жылайды. Бала құшырлана сұйықтық ішеді. Баланың көзі кіртимген. Іштегі тері қатпары тез жазылады. ДДҰ жоспары бойынша емді анықтаңыз: Б жоспары
Ару 2 жаста. Салмағы 12,3 кг. 2 күннен бері диарея бар. Құсу жоқ. Температура 36,8С, жақсы ойнайды. Сұйықтықты шөлдеп ішеді. Тәбеті төмен. Көзі кіртимеген. Іштің тері қатпары тез жазылады. Анасына қашан қайта келуі және қайта қаралуын түсіндіріңіз: 2 күннен кейін
Наташа 18 ай. Салмағы 11,5 кг. Т 36,80 с. Диареяға 7 күн. 4-5 рет құсу байқалды. Ұйқыда сияқты. Құрысу болған жоқ. Медициналық қызметкер алақандарын қағып, анасына баланы қағуды сұрады, Наташамен сөйлесуге тырысты. Ол көзін ашты, бірақ бетіне тура қарамады. Ол бір нүктеге көрінбейтін көзқараспен қарады және айналадағы болып жатқан жағдайларға назар аудармады. Наташа сұйықтық іше алмайды. Іштегі тері қатпары 1,2 сек жазылады. Жалпы қауіп белгілерін анықтаңыз: летаргиялы, есінің болмауы
Алия 3 жаста. Салмағы 14,3 кг. Дене температурасы 36,5С. Баланың көзі кіртиген. Ол тез шаршайды және тітіркенеді. Нәжісінде қан бар. Тәбет төмен. Сұйықтықты жақсы ішеді. Іштегі тері қатпары 1 сек жазылады. Жіктеңіз: Шамалы сусыздану. Дизентерия
Катяда апта бойы дене қызуы жоғарлаған. Сұйықтық іше алмайды. Қайталамалы құсу. Әлсіз. Жалпы қауіп белгісін анықтаңыз: іше алмайды, құсу
Медет 18 ай. Салмағы 10 кг. Медетте диарея 18 күн. Нәжісінде қан жоқ. Дене температурасы 37,0С. Бала мазасызданады, тітіркенгіш. Нашар ішеді. Көздері кіртиген. Тері қатпары 2 сек жазылады. Жіктеңіз: ауыр сусыздану