Дизентерия



Дата07.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#106583
Байланысты:
Дизентерия

Дизентерия

Орындаған: Әлімжан Ақбота, 006-OЗ

Тексерген: Бейсенбинова Ж.Б.


АИТВ инфекциясы курсы бар Эпидемиология кафедрасы

Дизентерия

  • Бактериялық дизентерия (disenteria) немесе шигеллездер – Shigella туыстастығына жататын, көптеген сероварлары бар (48), 4 түрлі (S.disenteriea, S.boydii, S.flexneri, S. Sonnei) бактериялармен қоздырылатын антропоноздық жедел ішек инфекцияларының үлкен тобы.
  • Аталған қоздырғыштар тұрмыстық, сулық, тағамдық жолдармен іске асып, тек бір ғана нәжістік-ауыздық механизммен таралады. Ауру әсіресе тоқ ішектің шеткері бөлігінің сілемейлі қабатының зақымдалуымен, асқазан ішек жолдары қызметінің бұзылуымен және ұзақ мерзімде өтуге бейімділігімен (1-5%), әр түрлі клиникалық белгілердің көрінуімен сипатталады.

Эпидемиялық процестің сипаттамасы


Жұқпа көздері

Беріліс жолдары

Беріліс факторлары
  • Манифесті түрімен науқастанғандар;
  • Жеңіл немесе айқын емес түрлерімен науқастанғандар (S.sonnei кезінде 80%).
  • Созылмалы түрлерімен науқастанғандар;
  • Бактерия тасушылар (1-5%) S.flexneri кезінде, S.sonnei-ге қарағанда сирек. 
  • Григорьев-Шига дизентериясында тұрмыстық .
  • Флекснер дизентериясында - сулық.
  • Зонне дизентериясында - тағамдық (көбінесе), сүт арқылы (жиірек).
  • Боид дизентериясында – сулық, жанасу.
  • Шигеллалармен зарарланған тұрмыстық заттар.
  • Зарарланған су (ауыз су, ашық су қоймаларының сулары).
  • Шигеллалармен зарарланған тамақ өнімдері (әсіресе сүт тағамдары).
  • Шыбындар микробты тағамдық өнімдерге залалданған объектілерден механикалық тасымалдаушы фактор ретінде.

Этиологиясы

Қоздырғышы Shigella туысына жатады. Shigella 4 тобы (А,В,С,Д) және 4 түрі ажыратылады:

  • - Sh. dysenteria
  • - Sh.flexneri
  • - Sh.boydi
  • - Sh.sonnei
  • Sh.sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксионнен тұрады, ал Sh. dysenteria, Sh.flexneri, Sh.sonnei экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді. Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді.

Қауіп-қатер топтары және факторлары


 Балалар ұйымдастырылған ұжымдарда болу (МДБМ, мектептер, балалар стационарлары) топтаса орналасу және жеке бас гигиенасын сақтамау.
 Коммуналдық шаруашылықтарды, сумен қамтамасыздау және тағам объектілеріндегі санитарлық талаптардың орындалмауы.
Тағамдық өнімдердің ретсіз, бақылаусыз сатылуы.
 Миграциялық процестер т.б.

Патогенезі

Симптомдары

Клиникасы

Дизентериялық микробтар негізінен тоқ ішекте орналасады, қабыну шақырып, беткей эрозиялар және жаралар дамытады.
Бірінші кезекте орталық жүйке жүйесі және перифериялық жүйке жүйесі, және жүрек қантамыр жүйесі, бүйрекүсті безі және асқорыту жүйелері зақымдалады.

Сулы немесе қанды диарея;
Жоғары температура;
Жүрек айнуын және құсуды қамтуы мүмкін. Бұл белгілер басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін.

Инкубациялық кезеңі 6 сағаттан 7 күнге дейін.
Басталуы жедел, дене t жоғары сандарға дейін жоғарлауымен, интоксикациядан, іштің төменгі аймағындағы ауру сезімінен басталады. Ауру сезімі әсіресе сол жақ іш аймағынан орналасады, әсіресе дефекация алдында күшейіп, тенезмдар пайда болады.
Кіші дәрет жиі, нәжіс сипаты бастапқы кезде қалыпты болады, кейіннен шырыш және қан аралас сипаттағы нәжіс пайда болады. Ал соңына қарай тек аз көлемде шырыш, қан қалдықтарымен бөлінеді.

Дизентерия оқиғасының стандарттық анықтамасы

Дизентерия эпидемиясына қарсы шаралар жүргізудің алгоритмі  

  •  Сырқаттану оқиғасы туралы шұғыл хабарлама (науқас анықталған соң 12 сағат ішінде) жіберу.
  • Ошақты эпидемиологиялық тексеру* жұқпаның ары қарай таралуын болдырмау мақсатында эпидемиялық процестің келесі детерминанттарын анықтау:
  • ошақтың шекарасын анықтау;
  • жұқпаның қоздырғыш көзін белсенді анықтау, қоздырғыш көзі - жіті және созылмалы түрлермен ауыратын науқас немесе бактерия тасымалдаушы болуы мүмкін;
  • науқастанғандар мен ауырмағандарға (бақылау тобы) «факторлық сауалнама» жүргізу.
  • зақымдалудың нақты жағдайлары анықталады: тығыз жанасу, әсіресе жас балалар арасында, сапасыз тағамды (сүт тағамдары), суды, көкөністерді, жемістерді және т.б. қолдану; тұрғылықты орындардың, өндірістерін әсіресе тағам өндіруші объектілердің санитарлық гигиеналық жағдайының қанағаттанғысыз болуы; т.б.;
  • санитарлық көрсеткіш микрофлораны және энтеропатогенді ішек таяқшасын (шигеллаларды қосқанда) анықтау үшін қоршаған орта объектілерінен шайынды және тағамдық өнімдер мен судан сынамалар алу;
  •  Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты науқасты ауруханаға жатқызу.

Әлем бойынша эпид көрсеткіштер:

Қазақстандaғы жағдай:

Көршілес Ресейде:

Қолданылған әдебиеттер:

  • Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары және іс-шаралар алгоритмдері // Практикалық нұсқаулық. 1 том. // С. Әміреев, Т.Ә. Момынов, Б.Л. Черкасский, К.С. Оспанов.
  • Эпидемиология (Н. Д. Ющук, Ю. В. Мартынов, 2003.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет