№4144 Р. Бегимбетовке Жұмыс үшін А. Шериязданов


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата31.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10670
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1-бөлім. Магистратура

1 Жалпы ережелер

1. Осы  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға

міндетті  стандарты (бұдан  əрі – стандарт) «Білім  туралы» 2007 жылғы

27 шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  Заңының  негізінде  əзірленді  жəне

жоғары  оқу  орындарында, оның  ішінде  əскери, арнаулы  оқу  орындарында

(бұдан  əрі – ƏАОО) олардың  типтеріне, түрлеріне  жəне  меншік нысандарына,

сондай-ақ  оқыту  тіліне  қарамастан  білім  алушылардың  білім  беру

бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім

беру  құрылымы  мен  мазмұнына, магистранттардың  дайындық  деңгейін  жəне

дəрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандартта «Білім  туралы» Қазақстан  Республикасының  Заңына  сəйкес

терминдер  қолданылады. Оларға  қосымша  мынадай  терминдер  мен

анықтамалар енгізілген:

1) магистратура – білім беру бағдарламалары  тиісті мамандық бойынша

«магистр» дəрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу

орнынан кейінгі білім беру;

ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыт  бойынша  кемінде 2 жыл  нормативті

оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кəсіптік практиканың

кемінде 6 кредитін  жəне  ғылыми-зерттеу  жұмысының  кемінде 7 кредитін

міндетті түрде меңгерту;

бейіндік  бағыт  бойынша  кемінде 1 жыл  нормативтік  оқу  мерзімімен

теориялық  оқытудың  кемінде 18 кредитін, практиканың  кемінде 2 кредитін



2

жəне  эксперименттік-зерттеу  жұмысының  кемінде 4 кредитін  міндетті  түрде

меңгерту;

2)магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;

3) магистрлік  диссертация – ғылымның  қазіргі  заманғы  теориялық,

əдістемелік жəне технологиялық жетістіктеріне негізделіп таңдалған мамандық

саласындағы  өзекті  проблеманың  теориялық  жəне/немесе  практикалық

əзірлемесін  қамтитын  өзіндік  ғылыми  зерттеуден  тұратын  ғылыми-

педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы;

4) магистрлік  жоба – таңдалған  мамандықтың  өзекті  проблемаларының

қолданбалы  міндетін  шешуге  мүмкіндік  беретін  теориялық  жəне/немесе

эксперименттік  нəтижелерді  қамтитын  өзіндік  ғылыми  зерттеуден  тұратын

бейінді магистратура магистрантының оқу бітіргендегі біліктілік жұмысы;

5) əскери, арнаулы  оқу  орнындағы  магистрлік  диссертация – ғылымның

заманауи теориялық, əдістемелік жəне технологиялық табыстарына негізделген

таңдалған  мамандық  саласындағы  маңызды  проблемалардың  теориялық

жəне/немесе  практикалық  əзірлемелерінен  тұратын  дербес  ғылыми  зерттеуді

білдіретін магистранттың бітіру жұмысы;

6) жоғары оқу орны компоненті – мамандықтың білім беру бағдарламасы

шеңберінде  игеру  үшін  дербес  əскери, арнаулы  оқу  орны  анықтайтын  оқу

пəндерінің тізбесі жəне кредиттердің тиісті көлемі;

7) кəсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесіндегі жəне тиісті

лауазымдағы кəсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік

жəне дағды;

8) біліктілік  сипаттамасы – Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс

министрлігі жүйесіндегі жəне тиісті лауазымдағы кəсіби қызметті тиімді жүзеге

асыру үшін қажетті білім, шеберлік жəне дағды;

9) біліктілік  талаптары – құқық  қорғау, ұлттық  қауіпсіздік  органдары

жүйесіндегі жəне тиісті лауазымдағы кəсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін

қажетті білім, шеберлік жəне дағды.

2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан əрі – ЖОО)

магистрлер даярлауды:

1) осы  стандартқа  жəне  магистратура  мамандықтарының  үлгілік  оқу

жоспарларына;

2) Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі

білім мамандықтарының жіктеуішіне;

3) оқу жұмыс жоспарларына;

4) академиялық күнтізбеге;

5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;

6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына;

7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады.

ƏАОО магистрлерді даярлауды:

1) ƏАОО-да  іске  асырылатын  білім  беру  бағдарламалары  бойынша

мамандықтар жəне біліктілік тізбесіне;

2) осы стандартқа;


3

3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарына;

4) пəндер бойынша үлгілік жəне жұмыс оқу бағдарламаларына;

5) академиялық күнтізбеге;

6) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады.

3. Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға

міндетті стандарты:

1) жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мазмұны  мен  оқытуды

анықтайды;

2) магистранттардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне жəне даярлық

деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

4. Стандарт талаптары:

1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;

2) білім беру бағдарламаларын;

3) оқу жұмыс жоспарларын;

4) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;

5) пəндер бойынша оқу бағдарламаларын;

6) магистранттардың жеке жоспарларын əзірлеу кезінде міндетті.

5. Магистратураның  білім  беру  бағдарламаларын  ведомостволық

бағыныстылығы  мен  меншік  нысанына  қарамастан  магистратураның  тиісті

мамандықтары  бойынша  білім  беру  қызметін  жүргізуге  құқық  беретін

лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

6. «Білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар»

оқытудың  нəтижелері  Дублин  дескрипторларының 2-деңгейі (магистратура)

негізінде  айқындалады  жəне  құзыреттілік  арқылы  көрінеді. Оқыту  нəтижелері

бағдарламаның  барлық  деңгейінде  де, модульдің, жеке  пəннің  деңгейінде  де

сипатталады.

Екінші деңгейдегі дескрипторлар:

1) ғылыми  зерттеулер  контексiнде  идеяларды  қолдану  немесе  өзіндік

дамыту  үшiн  негiз  немесе  мүмкiндiк  болып  табылатын  жоғары  бiлiм

деңгейінде меңгерген дамытылып отыратын бiлiмі мен түсiнігін көрсете білу;

2) зерттеп отырған саламен байланысты  контекстер мен  одан да кеңірек

(немесе  пəнаралық) салаларда  жаңа  немесе  белгісіз  жағдайлардағы

проблемаларды шешуде бiлiмін, түсінігін жəне қабілетін қолдана алу;

3) бiлiмдi интеграциялау, қиындықтарды  жеңе  білу  жəне  толық  емес

немесе 


шектеулі 

ақпарат 


негізінде 

тұжырымдамалар 

жасау, осы

тұжырымдамалар  мен  білімін  этикалық  жəне  əлеуметтік  жауапкершілікті

ескере отырып қолдана білу;

4) өз  қорытындыларын  жəне  бiлiмін, олардың  негіздемесiн  мамандар

мен маман еместерге айқын жəне ашық хабарлау;

5) білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

7. «Білім  беру  мазмұнына  қойылатын  талаптар» деген  бөлімде  жоғары

оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  мақсаты  мен  құндылығы, білім  беретін  оқу

бағдарламаларын  игерудің  нормативтік  мерзімдері, жоғары  оқу  орындарында

білім  алушылардың  міндетті  меңгеруін, олардың  типіне, түріне  жəне  меншік



4

нысанына, сондай-ақ  оқыту  тіліне  қарамастан  міндетті  түрде  меңгеруі  тиіс

мазмұнның көлемі көрсетілген.

8. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын

талаптар» деген  бөлімде  магистранттың  оқу  жүктемесінің  көлемі  оның  оқу

жылы  ішінде  əр  пəн  немесе  оқу  жұмысының  түрі  бойынша  игеретін  кредит

санымен өлшенетіні көрсетілген.

9. Осы  стандарт  магистранттарды  даярлау  деңгейіне  жəне  жоғары  оқу

орындарының  білім  беру  қызметіне  міндетті  қойылатын  талаптар  негізінде

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді көздейді.



2. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

10. Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  тиісті  мамандық  бойынша

«магистр» дəрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.

Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ƏАОО-да  тиісті  мамандық

бойынша «магистр» дəрежесін  бере  отырып  жəне/немесе  біліктілік  бере

отырып кадрларды даярлауға бағытталған.

11. Кəсіптік құзыреттіліктер магистратураның əрбір мамандығы бойынша

кəсіптік  стандарттар  негізінде  жұмыс  берушілердің  талаптары  мен  қоғамның

əлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады.

ƏАОО-да  оқу  нəтижелері  кəсіби  құзыретке (біліктілік  сипаттамаларына,

біліктілік  талаптарына) сəйкес  бітірушінің  құзырет  моделіне  сəйкес  келуі

қажет.


12. Бейіндік  магистратура  экономика, медицина, құқық, білім, өнер,

қызмет  көрсету  жəне  бизнес, қорғаныс  жəне  ұлттық  қауіпсіздік  салалары,

құқық  қорғау  қызметі  үшін  кəсіптік  даярлығы  терең  басқарушы  кадрларды

даярлау  бойынша  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  кəсіптік  оқу

бағдарламаларын іске асырады.

Бизнес  ортасы  үшін  мамандар  даярлау  мақсатында  жоғары  оқу  орны

MBA бағдарламасын іске асыра алады. MBA кəсіптік білім беру бағдарламасы

шеңберінде  мамандар  даярлау  мазмұны  мен  деңгейіне  қойылатын  ең  төменгі

талаптарды білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.

13. Ғылыми  жəне  педагогикалық  магистратура  жоғары, жоғары  оқу

орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйесі  жəне  ғылым  саласы  үшін  ғылыми-

педагогикалық  даярлығы  терең  ғылыми  жəне  педагогикалық  мамандарды

даярлау  бойынша  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  білім  беру

бағдарламаларын іске асырады.

ƏАОО-да  ғылыми  жəне  педагогикалық  магистратура  тереңдетілген

кəсіби  жəне  ғылыми-педагогикалық  даярлыққа  ие  болатын  қорғаныс  жəне

ұлттық қауіпсіздік саласы, құқық қорғау қызметі үшін басшылық, ғылыми жəне

педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім

беру бағдарламаларын іске асырады.


5

14. Магистратурада  білім  алу  тек  күндізгі  оқу  нысанында  жүзеге

асырылады.

ƏАОО-да магистратурада оқу күндізгі, кешкі нысанда жүзеге асырылады.

Білім  алушылардың  санатына  байланысты  қашықтықтан  білім  беру

технологияларын қолдана отырып оқытуға жол беріледі.

15. Магистранттың  магистратураға  түсер  алдында  тиісті  білім  беру

бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті

пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды.

Қажетті  пререквизиттер  болмаған  жағдайда  магистрантқа  оларды  ақылы

түрде  меңгеруге  рұқсат  етіледі. Бұл  жағдайда  магистратурада  білім  алу

магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.

16. Ғылыми, педагог жəне басқарушы кадрларды магистратурада даярлау

екі бағытта:

1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми жəне педагогикалық;

2) кемінде  бір  жыл  оқу  мерзімімен  бейіндік  бағыттарда  жүзеге

асырылады.

Жоғары  оқу  орны  магистратурада  оқу  мерзімін  алдыңғы  дайындық

деңгейінің  білім  беру  бағдарламасының  бейініне  сəйкес  келуіне  жəне

пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.

17. Оқу  процесін  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  ұйымдастыру

кезінде əр оқу пəнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пəн,

əдетте, кемінде 2 немесе 3 кредит көлемімен бағаланады.

ƏАОО-да  əрбір  пəннің  көлемі  кредиттердің  бүтін  санын  құрайды  жəне

пəнді 1 кредитке бағалауға жол беріледі.

18. Магистранттар  əрбiр  оқу  пəнін  бiр  академиялық  кезеңде  меңгеріп,

аяқталған  соң  емтихан  нысанындағы  қорытынды  бақылауды  тапсырады.

Кəсіптік  практиканың  барлық  түрлері, курстық  жұмыстар (жобалар), ғылыми-

зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы, тағылымдамалар 

бойынша


қорытынды  бақылау  магистранттың  оқу  жұмыстарының  түрлерін  қорғау

нысанында белгіленген бағалау шкаласына сəйкес бағаланады.

19. Базалық пəндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті

пəндерінен тұрады.

ƏАОО-да  базалық  пəндер  циклі (БП) міндетті  пəндерден  жəне  жоғары

оқу орны компоненттерінен тұрады.

20. Ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыттағы  магистратурада  БП  циклінің

көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 48%-ын құрайды, оның ішінде

40% міндетті  компонент  пəндеріне, ал 60% - ы  таңдау  компоненті  пəндеріне

тиесілі.


 Бейіндік  бағыттағы  магистратурада  БП  циклінің  көлемі  үлгілік  оқу

жоспарының жалпы көлемінің 44%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) жəне 28%-ын (оқу

мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның  ішінде 62% жəне 50% міндетті  компонент

пəндеріне, ал 38% жəне 50% таңдау компоненті пəндеріне тиесілі.

ƏАОО-да  магистратурадағы  базалық  пəндер  көлемі  үлгілік  оқу

жоспарының  пəндік  жалпы  көлемінің 40% құрайды, оның 20% міндетті



6

компонент  пəндеріне  жəне  кемінде 80% кемінде  жоғары  оқу  орны

компонентіне тиесілі, бұл ретте:

1) ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада  БП циклінің  көлемі

кемінде 17 кредитті  құрайды, оның  ішінде  кемінде 3 кредиті  міндетті

компонентке тиесілі;

2) салалық  бағыттағы  магистратурада (оқу  мерзімі 1 жылдық) БП

циклінің  көлемі  кемінде 7 кредитті  құрайды, оның  кемінде 1 кредиті  міндетті

компонентке тиесілі;

3) салалық  бағыттағы  магистратурада (оқу  мерзімі 1,5 жылдық) БП

циклінің  көлемі  кемінде 14 кредитті  құрайды, оның  ішінде  кемінде 3 кредиті

міндетті компонентке тиесілі.

21. Ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыттағы  магистратурада  бейіндеуші

пəндер  циклінің  көлемі  үлгілік  оқу  жоспарының  жалпы  көлемінің 52%-ын

құрайды, оның ішінде 9%-ы міндетті компонент пəндеріне жəне 91%-ы таңдау

компоненті пəндеріне тиесілі.

Бейіндік  бағыттағы  магистратурада  бейіндеуші  пəндер  циклінің  көлемі

үлгілік  оқу  жоспарының  жалпы  көлемінің 56%-ын (оқу  мерзімі 1 жыл) жəне

72%-ын (оқу  мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның  ішінде 10% жəне 12% міндетті

компонент пəндеріне, ал 90% жəне 88% тиісінше таңдау компоненті пəндеріне

тиесілі.

ƏАОО-да бейіндеуші пəндер (БП) циклінің көлемі магистратурада үлгілік

оқу жоспары пəндерінің жалпы көлемі кемінде 60% болады, олардың 10%-нан

аспайтыны міндетті компонент пəндеріне жəне кемінде 90% жоғары оқу орны

компонентіне бөлінеді, бұл ретте:

1) ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада  БП циклінің  көлемі

кемінде 25 кредитті  құрайды, оның  ішінде  кемінде 2 кредиті  міндетті

компонентке тиесілі;

2) салалық  бағыттағы  магистратурада (оқу  мерзімі 1 жылдық) БП

циклінің  көлемі  кемінде 11 кредитті  құрайды, оның  ішінде  кемінде 1 кредиті

міндетті компонентке тиесілі;

3) салалық  бағыттағы  магистратурада (оқу  мерзімі 1,5 жылдық) БП

циклінің  көлемі  кемінде 22 кредитті  құрайды, оның  ішінде  кемінде 2 кредиті

міндетті компонентке тиесілі.

22. Міндетті  компонент  пəндерінің  тізбесі  үлгілік  оқу  жоспарымен

айқындалады. Міндетті  компонент  пəндерінің  көлемін  қысқартуға  жол

берілмейді.

23. Таңдау  компоненті  пəндерінің  тізбесін  жоғары  оқу  орны  өзі

анықтайды. Бұл  ретте  жұмыс  берушілердің  талаптары  мен  еңбек  нарығының

сұранысы ескеріледі.

ƏАОО-да  жоғары  оқу  орны  компонентінің  пəндер  тізбесін  ƏАОО  өз

бетінше  айқындайды. Оқудың  қосымша  түрлері  міндетті  компоненттен  жəне

жоғары  оқу  орны  компонентінен  тұрады. Міндетті  компоненттің  көлемі

кемінде 13 кредитті  құрайды  жəне  кемінде 6 кредиттен  тұратын  кəсіби

практикадан, кемінде 7 кредиттен  тұратын  магистранттың  ғылыми-зерттеу


7

жұмысынан  тұрады. Оқудың  қосымша  түрлерінің  жоғары  оқу  орны

компонентіне  əскери  тағылымдама  жəне/немесе  оқудың  басқа  да  түрлері

қосылады.

24. Ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыттағы  магистратураның  білім  беру

бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 1-қосымшаға сəйкес белгіленеді.

ƏАОО-да ғылыми жəне педагогикалық бағыт бойынша магистратураның

білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  осы  стандартқа 2-қосымшаға  сəйкес

белгіленеді.

25. Бейіндік  бағыттағы  магистратураның  білім  беру  бағдарламасының

мазмұны осы стандартқа 3-қосымшаға сəйкес белгіленеді.

ƏАОО-да  салалық  бағыт  бойынша  магистратураның  білім  беру

бағдарламаларының мазмұны осы Стандартқа 4-қосымшаға сəйкес белгіленеді.

26. Бейіндік  магистратураны  бітірген  магистрант  педагогикалық

қызметке  кəсіптік  педагогикалық  бейіндегі  бағдарламаларды  қосымша

меңгеріп, негізгі  дипломға  қосымша  тиісті  куəлік  берілгеннен  кейін  ғана

жіберіледі.

27. Бейіндік  магистратураны  бітірген  тұлғалар  үшін  педагогикалық

бейіндегі  білім  беру  бағдарламасының  мазмұны, ƏАОО-ны  қоспағанда  осы

стандартқа 5-қосымшаға сəйкес белгіленеді.

28. Магистратурада  оқыту  мемлекеттік, орыс  жəне  ағылшын  тілдерінде

жүзеге асырылады. Оқу тілін магистранттың өзі таңдайды.

Үш  тілде  білім  беру  бағдарламаларын  енгізуші  ƏАОО-лар  үш  тілде:

қазақ, орыс  жəне  ағылшын  тілдерінде  білім  беруді  жүзеге  асырады. Екі  тілде

білім  беру  бағдарламаларын  енгізуші  ƏАОО-лар  екі  тілде: қазақ  жəне  орыс

тілдерінде білім беруді жүзеге асырады. Сонымен бірге түрлі тілдерде берілетін

пəндердің пайыздық арақатынасын ƏАОО анықтайды.

3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

29. Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мақсаты  жоғары  рухани

жəне  өнегелі  қасиет  иесі  болатын  тұлғаның  дамуында  перспективаларын

ескере  отырып  еліміздің  бəсекеге  қабілетті,  жоғары  білікті,  өзіндік  ойлау

қабілетті  жəне  қоғамның  прогрессивті  техникалық, ғылыми, əлеуметтік-

экономикалық  жəне  мəдени  дамуын  қамтамасыз  ететін  жоғары  білікті

кадрларды дамыту жəне даярлау болып табылады.

ƏАОО-да  өз  бетінше  ойлауға, басқаруға  жəне  елдің  қорғаныс  жəне

ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау  қызметін жүзеге асыруға

қабілетті, моральдық-адамгершілік  қасиеті  жоғары, жоғары  білікті  кадрларды

даярлау жоғары білімнен кейінгі білім берудің мақсаты болып табылады.

30. Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  мазмұнында  айқындалған

негізгі құндылықтар:

1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

2) құрмет;


8

3) ынтымақтастық;

4) ашықтық.

31. Бейіндік  магистратураны  бiтiрушiлердің  негізгі  құзыреттіліктеріне

қойылатын талаптар:

оның:


1) мынадай:

ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

жаратылыстану (əлеуметтік,

гуманитарлық, экономикалық)

ғылымдарының  əдіснамалық  жəне  философиялық  өзекті  проблемалары

туралы;


жаһандану  процестерінің  қарама-қайшылықтары  мен  əлеуметтiк-

экономикалық салдары туралы;

əлемдік  бизнес  əріптестiктің  экономикалық, саяси, құқықтық, мəдени

жəне технологиялық ортасының қазiргi жай-күйі туралы;

кəсiпорынды  стратегиялық  басқаруды  ұйымдастыру, инновациялық

менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы;

кəсiпорынның 

жұмыс 


істеуінің 

негiзгi қаржылық-шаруашылық

проблемалары туралы түсінігі болуы тиіс;

2) мыналарды:

ғылыми танымның əдiснамасын;

экономика құрылымын өзгертетін негiзгi қозғаушы күштерді;

инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiктері мен қағидаларын;

ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкiндiк

беретін кемінде бір шет тiлiн кəсiптік деңгейде білуі қажет;

3) мыналарды:

кəсiптік қызметте танымның ғылыми əдiстерiн қолдана білуі;

процестер 

мен

құбылыстарды 



зерттеудiң 

қолданыстағы

тұжырымдамаларын, теориясы мен тəсілдерін сын-көзбен талдай білуі;

əртүрлi пəндер бойынша меңгерген бiлiмді интеграциялауы, оларды жаңа

белгісіз  жағдайларда  талдамалық  жəне  басқарушылық  мəселелерді  шешуде

қолдана білуі;

кəсiпорынның  шаруашылық  жұмысына  микроэкономикалық  талдау

жүргiзе алуы жəне оның нəтижелерiн кəсiпорынды басқаруда қолдана білуі;

маркетинг пен менеджменттi ұйымдастыруға жаңа тəсілдерді практикада

қолдана алуы;

кəсiпорынның (фирманың) шаруашылық  жұмысын  ұйымдастыру  мен

басқарудағы қиын жəне қалыптан тыс жағдайларда шешiм қабылдай білуі;

экономикалық  қатынастарды  реттеудегi Қазақстан  Республикасының

заңнамалық нормаларын практикада қолдана білуі;

жаңа  проблемалар  мен  жағдайларды  шешуде  креативтi ойлауы  жəне

шығармашылықпен қарауы;

ақпараттық-талдамалық  жəне  ақпараттық-библиографиялық  жұмысты

қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;



9

диссертация, мақала, есеп, талдамалық  жазбалар  жəне  т.б. түрінде

эксперименталды-зерттеу жəне талдамалық жұмыс нəтижелерін жалпылай білуі

тиіс;


4) мынадай:

қалыпты ғылыми жəне кəсiптік міндеттерді шешу;

ұйымдар  мен  кəсiпорындардың  экономикалық  қызметiн  ұйымдастыруда

жəне басқаруда ғылыми талдау жəне практикалық проблемаларды шешу;

менеджмент  жəне  маркетинг  саласында  проблемаларды  зерттеу  жəне

алынған нəтижелерді кəсiпорынды басқару əдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;

кəсiптік қарым-қатынас жəне мəдениетаралық байланыс;

шешендік  өнер, өз  ойын  ауызша  жəне  жазбаша  түрде  дұрыс  жəне

логикалық ресiмдеу;

күнделiктi кəсiптік  қызметте  жəне  докторантурада  білімін  жалғастыру

үшін қажет бiлiмін кеңейту жəне тереңдету;

кəсiптік 

қызмет 

саласында 



ақпараттық 

жəне 


компьютерлік

технологияларды пайдалану дағдыларының болуы тиіс;

5) мынадай:

мамандық бойынша зерттеу əдіснамасы саласында;

қазiргi əлемдiк  экономика  проблемалары  жəне  əлемдік  шаруашылық

процестердегі ұлттық экономикалардың қатысуы саласында;

кəсiпорын қызметiн ұйымдастыру мен басқаруда;

əртүрлi ұйымдармен, оның  ішінде  мемлекеттiк  қызмет  органдарымен

өндiрiстiк байланыстарды жүзеге асыруда;

бiлiмнің  үнемі  жаңаруын  қамтамасыз  ету, кəсiптік  дағдыны  жəне

біліктілікті тереңдету тəсілдерінде құзыретті болуы қажет.

ƏАОО-да  салалық  магистратураны  бітірушілердің  басты  құзыреттеріне

талаптар  кəсіби  құзыреттермен (біліктілік  сипаттамаларымен, біліктілік

талаптарымен) анықталады.

32. Ғылыми  жəне  педагогикалық  магистратура  бiтiрушiлерінің  негізгі

құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:

оның:

1) мынадай:



қоғамдық өмiрдегi ғылым жəне бiлiмнiң рөлі туралы;

ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

жаратылыстану (əлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық)

ғылымдарының

əдіснамалық  жəне  философиялық  өзекті  проблемалары

туралы;


жоғары мектеп оқытушысының кəсiби құзыреттілігі туралы;

жаһандану  процестерінің  қарама-қайшылықтары  мен  əлеуметтiк-

экономикалық салдары туралы түсінігі болуы керек;

2) мыналарды:

ғылыми танымның əдiснамасын;

ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын;

оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;


10

оқыту  тиімділігі  мен  сапасын  арттырудың  психологиялық  əдістері  мен

құралдарын білуі тиіс;

3) мыналарды:

алған  білімін  ғылыми  зерттеулер  контекстiнде  идеяларды  қолдану

немесе өзіндік дамыту үшiн қолдана білуі;

процестер 

мен


құбылыстарды

зерттеудiң 

қолданыстағы

тұжырымдамаларын, теориясы мен тəсілдерін сын-көзбен талдай алуы;

əртүрлі пəндер  аясында  алған  білімін  жаңа  таныс  емес  жағдайларда

зерттеу міндеттерін шешу үшін интеграциялауы;

бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар

негiзiнде тұжырымдама жасап, шешiм қабылдай алуы;

жоғары  мектеп  педагогикасы  мен  психологиясынан  алған  бiлiмін  өз

педагогикалық қызметiнде қолдана білуі;

оқытудың интерактивті əдiстерін қолдана білуі;

ақпараттық-талдамалық  жəне ақпараттық-библиографиялық  жұмысты

қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;

жаңа  проблемалар  мен  жағдайларды  шешуде  креативтi ойлауы  жəне

шығармашылықпен қарауы;

ғылыми  зерттеулер  жүргізуге  жəне  жоғары  оқу  орнында  арнайы  пəндер

бойынша  сабақ  жүргізуді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретіндей  кəсіптік

деңгейде шет тілін еркін меңгеруі;

диссертация, ғылыми  мақала, есеп, талдамалық  жазбалар  жəне  т.б.

түрінде ғылыми-зерттеу жəне талдамалық жұмыс нəтижелерін жалпылай білуі

тиіс.

4) мынадай:



ғылыми-зерттеу əрекеттері, қалыпты ғылыми мəселелерді шешу;

кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  білім  беру  жəне  педагогикалық

қызметті жүзеге асыру;

кəсiптік пəндердi оқыту əдiстемесі;

білім беру процесінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

кəсiптік қарым-қатынас жəне мəдениетаралық байланыс;

шешендік  өнер, өз  ойын  ауызша  жəне  жазбаша  түрде  дұрыс  жəне

логикалық тұрғыдан ресiмдеу;

күнделiктi кəсiптік қызметте жəне докторантурада білімін жалғастыру

үшін бiлiмін кеңейту жəне тереңдету дағдысының болуы қажет;

5) мына:

ғылыми зерттеулердің əдіснамасы саласында;

жоғары оқу орындарындағы ғылыми жəне ғылыми-педагогикалық қызмет

саласында;

қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мəселелерде;

кəсiптік салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

бiлiмдi үнемі  жаңартуды, кəсiптік  дағдылар  мен  білікті  кеңейтуді

қамтамасыз ету тəсілдерінде құзыретті болуы тиіс.

33. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:


11

ғылыми жəне педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік 

диссертация 

қорғалатын 

мамандықтың 

негізгі

проблемасына сəйкес келуі;



2) өзекті  болып, ғылыми  жаңалықты  жəне  практикалық  маңызды

қамтамасыз ету;

3) ғылым  мен  практиканың  қазіргі  теориялық, əдістемелік  жəне

технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

4) ғылыми зерттеулердің қазіргі əдістерін қолдана отырып орындау;

5) негізгі  қорғалатын  ережелер  бойынша  ғылыми-зерттеу (əдістемелік,

практикалық) бөлімдерінің болуы;

6) тиісті  білім  саласында  алдыңғы  қатарлы  халықаралық  тəжірибеге

енгізу.

34. Магистранттың 



экспериментті-зерттеу  жұмысына  қойылатын

талаптар:

бейіндік магистратурадағы эксперименттік-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік  диссертация (магистрлік  жоба) қорғалатын  мамандықтың

негізгі проблемасына сəйкес келуі;

2) ғылым  мен  практиканың  қазіргі  теориялық, əдістемелік  жəне

технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

3) ақпараттық технологияның қазіргі əдістерін қолдана отырып орындау;

4) 

негізгі 


қорғалатын 

ережелер 

бойынша 

экспериментті-зерттеу

(əдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы.

35. Магистратура  мамандықтары  шеңберінде  жоғары  оқу  орындары

Ұлттық  біліктілік  шегіне, кəсіптік  стандарттарға  сəйкес  жəне  Дублин

дескрипторларымен  жəне  Еуропалық  біліктілік  шегімен  келісілген  білім  беру

бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді.

магистратураны  мамандандыру  аясында  ƏАОО-да  кəсіби  құзыреттерге

сəйкес (біліктілік  сипаттамаларына, біліктілік  талаптарына) түрлі  білім  беру

бағдарламаларын ƏАОО дербес əзірлейді.

Білім беру бағдарламалары оқыту нəтижесіне бағдарлануы тиіс.

36. Магистратураның  білім  беру  бағдарламалары  модульді  оқудың

қағидаттары негізінде құрылымданады.

Магистратураның  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  білім  беру

мазмұнын айқындайтын оқу жəне ғылыми жұмыстардың түрлерінен тұрады.

37. Магистратураның білім беру бағдарламасында:

1) базалық  жəне  бейіндеуші  пəндер  циклдерін  меңгеруді  қамтитын

теориялық оқыту;

2) магистранттардың 

практикалық  даярлығы: практика, кəсіптік

тағылымдама түрлері;

3) ғылыми жəне педагогикалық магистратура үшін магистрлік жоспардың

орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы;

4) бейіндік  магистратура  үшін  магистрлік  жоспардың  орындалуын

қамтитын эксперимент-зерттеу жұмысы;

5) аралық жəне қорытынды аттестаттау қамтылады.



12

38. Білім  беру  бағдарламалары  мамандық  пен  пəндердің  оқу-əдістемелік

кешендерінің  негізінде  іске  асырылады. Мамандық  пен  пəндердің

оқу-əдістемелік  кешендерінің  нысаны, құрылымы  жəне  əзірлеу  тəртібін  білім

беру ұйымы өзі айқындалады.

ƏАОО-да  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  пəндердің

оқу-əдістемелік  кешендері  негізінде  жүзеге  асырылады. Пəндердің  оқу-

əдістемелік кешендерін əзірлеу нысаны, құрылымы мен тəртібін ƏАОО дербес

айқындалады.

39. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген

материалдың  көлемі  бойынша  жүзеге  асады  жəне  оқудың  нақты  нəтижесіне

жетуге  қажетті  магистранттар  мен  оқытушылардың  еңбек  шығындарының

өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.

Бұл  ретте  алдыңғы  білім  деңгейлерінде  игерілген  кредиттерді  ескеретін

жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.

40. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын

жоспарлау, оқу  сабақтарын  жүргізу  тəсілдерін, магистранттың  өзіндік

жұмысын, олардың  оқу жетістіктерін  қорытынды  бақылау  нысандарын таңдау

арқылы жүзеге асады.

41. Білім  беру  мазмұнының  құрылымы  білім  берудің  есептеу-өлшегіш

құралдары: оқу  жоспары  мен  бағдарламаларына, оқу  жүктемесінің  көлеміне,

академиялық  кезеңдер  ұзақтығына, академиялық  сабақ  түрлеріне, оқу

материалының көлеміне қойылатын талаптарға сəйкес анықталады.

42. Білім  беру  қызметін  жоспарлау  мен  ұйымдастыру  оқу  жоспарының

негізінде жүзеге асырылады.

Оқу  жоспарлары  үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) жəне  жұмыстық (ОЖЖ)

болып бөлінеді.

ƏАОО-да  оқу  жоспарлары  үлгілік (ҮОЖ) жəне  жұмыс (ЖОЖ) жоспары

болып бөлінеді.

43. ҮОЖ  осы  стандарт  негізінде  магистратураның  нақты  мамандықтары

бойынша əзірленеді жəне оны білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.

ƏАОО-да  ҮОЖ  осы  стандарттың  негізінде  магистратураның  нақты

мамандықтары  бойынша  əзірленеді  жəне  білім  беру  саласындағы  уəкілетті

органмен келісу бойынша тиісті уəкілетті орган бекітеді.

ҮОЖ-да  міндетті  компоненттің  əрбір  оқу  пəнінің  еңбек  сыйымдылығы

жəне  əрбір  оқу  қызметінің  түрі (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешендi емтихан,

магистрлік  диссертацияны  жазу  жəне  қорғау) кредитпен  айқындалады, ал  оқу

пəндерінің əр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен

көрсетіледі.

ƏАОО-да міндетті компоненттің жəне оқу қызметі əрбір түрінің əрбір оқу

пəнінің  көлемділігі (практиканың, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді  емтиханын,

кредиттердегі  магистрлік  диссертацияны  ресімдеу  жəне  қорғау  ҮОЖ-да

айқындалады, ал  жоғары  оқу  орны  компонентін  оқу  пəндерінің  əрбір  циклі

бойынша кредиттердің жалпы санын көрсетеді



13

44. ҮОЖ-ға  қосымша  жыл  сайын  жоғары  оқу  орны  таңдау

компонентіндегі  барлық  пəндердің  жүйеленген, ƏАОО-ны  қоспағанда

аннотацияланған  тізбесі  болып  табылатын  элективті  пəндер  каталогын (ЭПК)

жасайды.

ЭПК-де əр оқу пəнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі.

ЭПК  магистранттарға  элективті  оқу  пəндерін  баламалы  таңдау  мүмкіндігін

қамтамасыз етуі тиіс.

45. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде магистрант эдвайзердің

көмегімен  ƏАОО-ны  қоспағанда  ЖОЖ  құрады. ЖОЖ  əрбір  магистранттың

жеке білім алу траекториясын анықтайды.

ЖОЖ-ға  ҮОЖ-дан  міндетті  компонент  пəндері  мен  оқу  əрекетінің

түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді  емтихан, магистрлік

диссертацияны  ресімдеу  жəне  қорғау) жəне  ЭПК-дан  таңдау  компоненті

пəндері кіреді.

ƏАОО-да  магистранттың  білім  беру  траекториясы  ЖОЖ  жəне

магистранттың жеке жұмыс жоспарымен анықталады.

46. ОЖЖ  оқу  жылына  мамандықтардың  ҮОЖ-ы  мен  магистранттардың

ЖОЖ-ы негізінде жасалады жəне оны Ғылыми кеңестің  шешімі негізінде білім

беру ұйымының басшысы бекітеді.

ОЖЖ-да  оқу  жылында  оқытылатын  пəндер  тізбесі  жəне  олардың

кредитпен  санағандағы  еңбексыйымдылығы, оқытылу  реті, оқу  сабақтарының

түрлері, бақылау  нысандары, сондай-ақ  оқу  қызметінің  басқа  да  түрлері

(практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді  емтихан, магистрлік  диссертацияны

ресімдеу жəне қорғау) айқындалады.

ƏАОО-да  ЖОЖ  мамандықтың  ҮОЖ  негізінде  оқудың  жалпы  мерзіміне

əзірленеді  жəне  білім  беру  мекемесінің  басшысы  бекітеді. ЖОЖ-да  пəндердің

тізбесі  жəне  олардың  кредиттегі  еңбек  көлемі, зерттеу  тəртібі, оқу

сабақтарының түрлері жəне бақылау түрлері, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да

түрлері (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), тағылымдама, кешенді емтихан,  магистрлік

диссертацияны  ресімдеу  жəне  қорғау  жəне  т.б.) айқындалады. ЖОЖ

оқытушының  сабақ  кестесін  жəне  оқу  жұмысының  еңбек  көлемін  есептеуін

жүргізу үшін негіз болып табылады.

47. ЭПК, ЖОЖ  жəне  ОЖЖ-ның  нысанын, құрылымын, əзірлеу  жəне

бекіту ретін жоғары оқу орны өзі айқындалады.

ƏАОО-да ЖОЖ-ны əзірлеу жəне бекіту нысаны, құрылымы мен тəртібін

ƏАОО дербес айқындайды.

48. Барлық 

оқу  пəндерінің  мазмұны  оқу  бағдарламаларымен

айқындалады.

49. Үлгілік  оқу  бағдарламалары (ҮОБ) міндетті  компонент  пəндері

бойынша  əзірленеді  жəне  оларды  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  орган

бекітеді.

ƏАОО-да  ҮОЖ  міндетті  компонент  пəндері  бойынша  əзірленеді  жəне

оларды тиісті мемлекеттік уəкілетті орган бекітеді.


14

50. Жұмыс  оқу  бағдарламалары (силлабустар) оқу  жоспарының  барлық

пəндері бойынша əзірленеді жəне оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте,

оларды  əзірлеу  міндетті  компонент  пəндері  бойынша  үлгілік  оқу

бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пəндері

бойынша  жоғары  оқу  орны  өзі  əзірлейді. Жұмыс  оқу  бағдарламалары  мен

силлабустардың  нысанын, құрылымын, əзірлеу  жəне  бекіту  тəртібін  жоғары

оқу орнының өзі айқындайды.

51. Магистрант  ғылыми  жетекшінің  басшылығымен  жасалатын  жеке

жұмыс жоспары негізінде оқиды.

52. Магистранттың  жеке  жұмыс  жоспары  оқудың  толық  кезеңіне

жасалады жəне мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

2) ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу  жұмысы (тақырыбы, зерттеу

бағыты, мерзімі жəне есеп беру нысаны);

3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі жəне есеп беру нысаны);

4)негіздемесі  мен  құрылымы  көрсетілген  магистрлік  диссертация

тақырыбы;

5)магистрлік диссертацияны (магистрлік жоба) орындау жоспары;

6)ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.

ƏАОО-да  магистранттың  жеке  жұмыс  жоспары  оқудың  жалпы  кезеңіне

жасалады жəне мынадай тараулардан тұрады:

1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу 

жұмысы (зерттеудің

тақырыбы, бағыты, есептілік мерзімі жəне түрі);

2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі жəне түрі);

3) негіздемесі  жəне  құрылымы  бар  магистрлік  диссертацияның

тақырыбы;

4) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;

5) ғылыми 

жарияланымдардың 

жоспары, ғылыми-практикалық

конференцияларға қатысу (ғылыми-теориялық конференцияларға) жəне т.б.

53. Магистратурадағы  оқу  сабақтары  инновациялық  технологиялар  мен

оқытудың интерактивті əдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

54. Оқу  процесін  жоспарлау  кезінде  жоғары  оқу  орны  білім  беру

бағдарламасы  компоненттерін  бөлу  нормаларын  осы  стандартқа 6-қосымшаға

(ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыттар  үшін) жəне 8, 10-қосымшаларға

(бейіндік магистратура үшін) сəйкес басшылыққа алады.

ƏАОО-да  оқу  процесін  жоспарлау  барысында  ƏАОО  осы  Стандартқа

7-қосымшаға (ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыт  үшін) жəне 9 жəне 11-

қосымшаға (бейінді  магистратура  үшін) сəйкес  магистратураның  білім  беру

бағдарламаларының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.

55. Магистратураның  білім  беру  бағдарламасын  меңгерген  жəне

магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға нормативтік оқу

мерзімі кемінде 1-2 жыл болатын тиісті мамандық бойынша «магистр» дəрежесі

беріледі.


15

ƏАОО-да магистратураның  білім  беру  бағдарламаларын меңгерген  жəне

магистрлік диссертацияны көпшілік алдында қорғаған тұлғаға тиісті мамандық

бойынша  жəне/немесе  нормативтік  оқу  мерзімі  кемінде 1-2 жыл  болатын

біліктілікті бере отырып, «магистр» дəрежесі беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет