Тақырыптың өзектілігі. Жіті хирургиядағы жіті ішек өтімсіздігі (ЖІӨ) өзекті және шешімі қиын мәселелердің бірі болып қала береді.
Емнің тиімділігі мен науқастардың сауығуына хирург-дәрігердің кәсіптік біліктілігі ғана емес, анестезиолог-дәрігерлермен бірлесе отырып жасаған қадамдары ықпалын тікелей тигізеді.
Мысалы: Хирургиялық көмек көрсетілген 136 науқастың 28 (20,5%) науқасында энтероэнтероанастомоз салынумен, қалған 108 (79,5%) науқаста – жабысқақтарды тілумен шектелген. Сәйкесінше 36 (20,1%) науқастарда Шальков бойынша жіңішке ішектің интубациясы жүргізілді.
Қорытынды. Тоқ ішектік және жіңішке ішектік өтімсіздік кезіндегі өлім көрсеткіштері бірдей емес. Сәйкесінше, екі түрлі ішек өтімсіздігінде хирургиялық емнің нәтижелерін анықтайтын негізгі факторлар атап көрсетілді.