№4(27), желтоқсан 2015 1 «математика» БӨліміне қош келдіңіздер!



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата06.03.2017
өлшемі4,49 Mb.
#8385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

 

№4(27), желтоқсан 2015 

22 

ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

 

 

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,  

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

 

 



1. Суы бар стақан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стақаннан 

қалай алуға болады? 



Жауабы:  тұздың  әсерінен  мұз  ериді  де,  жіп  мұзға  кіріп,  лезде  салқындап,  жабысып 

қалады. (Кристалдану, балқу). 

 

2. Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде, теңгені ең шеті көрінетіндей етіп 



қараймыз.  Осы  қалыпты  өзгертпей,  ішіне  су  құямыз.  Сол  кезде  теңге  түгелімен  көрінеді, 

неліктен?  



Жауабы: жарықтың екі ортада таралуы. 

 

3. Балалардың үрленген шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне дейін көтеріп, жіберіп 



қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?  

Жауабы: шар электрленеді. 

 

4.  Үрленіп,  жіпке  байланған  2  шарды  газетпен  үйкеп-үйкеп  бір-біріне  жақындатамыз. 



Олар бір-бірін тебеді, неліктен? 

Жауабы: аттас зарядтар тебіледі. 

 

5.  Бір  шарды газетпен  үйкелеп,  ал екіншісін  жүнмен  үйкеп,  оларды  бір-біріне  жақында-



тайық. Олар бірін-бірі тебеді. Неліктен? 

Жауабы: әр аттас зарядтар бір-бірін тартады. 

 

6.  Стақан,  су,  қағаз.  Стақандағы суды қағазбен  жауып  тұрып  төңкергенде, су  ақпайды. 



Неге? 

Жауабы: атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді. 

 

7. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не 



байқауға болады? 

Жауабы:  жалпы  қысымның  түсірілген  бет  ауданына  байланысты  екенін,  шеге,  ине 

сияқты  заттардың  неліктен  ұшы  болатынын  білеміз,  сол  сияқты  атмосфералық  қысым  да 

беттің  ауданына  байланысты,  екеуіне  де  бірдей  атмосфералық  қысым  түсіп  тұр,  бірақ 

шиыршықталған  қағазға  әсер  ететін  қысым  оның  ауданының  кіші  болуы  есебінен,  бүктел-

меген қағазға әсер ететін қысымнан көп болады да, жерге бірінші жетеді. 

 

8.  Тәрелке,  сабын  керек.  Тәрелкеге  су  құйып,  төгіп  тастаймыз  да,  сабынды  тәрелкеге 



қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? 

Жауабы: молекулалардың өзара байланысы. 

 

9.  Пластмасса  ыдысты  баклашканы  бір  жағынан  бірдей  етіп  3  жерден  тесеміз  де, 



тесіктерді  шырпымен  бітеп  қоямыз,  ішіне  су  құямыз.  Шырпыларды  алып  тастағанда,  су 

тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? 

 

Жауабы:  сұйықтардың  әртүрлі  деңгейдегі  қысымдары  әртүрлі  болады,  төмендеген 

сайын қысым артады. 

 

10. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? 



Жауабы: Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, балқуы, қалқуын. 

 

 



 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015

 

23 

1. Сөзжұмбақ 

 

 

 



 

Тігінен: 

1. Ядролық реакция нәтижесінде пайда болған нейтрондар жиыны. 

2. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын механизм. 

3. Ауырлық центрі ығысып валды айналдырған кездегі жүретін процесс. 

4. Гидравликалық көтергіш. 

5. Жарықты спектрге жіктейтін спектроскоптың бөлігі. 

6. Күштің  рычаг иініне көбейтіндісіне тең шама. 

7.  Барлығы,  Әлемдегі  органикалық  және  органикалық  емес  тіршілік  ететін  ортаның 

орысша  атауы. 

8. Атом ядросындағы бөлшек (жалпы). 

9. Өсімдікте Күн энергиясын химиялық энергияға айналдыратын бөлшек. 

10. Ядроның массалары ғана өзгеше  болатын  элементтер. 

12. Бірлік уақыттағы айналым санының орысша атауы. 

13.  Сұйықтың  барлық  көлеміндегі  будан  пайда  болған бу  тамшыларының  интенсивтілігі 

кезінде жүретін процестің орысша атауы. 

14.  Рефлектор  –  телескоптың  объективі  болып  табылатын  бөлігіндегі  заттың  орысша 

атауы  не? 

15.  Электромагниттік  толқындарды  тіркеп  отыратын  Поповтың  радиоқабылдағышының 

бөлігі. 

23. Хабар беру қызметін атқаратын мөлдір, майысқақ талшықтардың жиыны. 

25. Заттың ең ұсақ бөлшегі. 

27.Табиғаттағы болатын құбылыстардың орысша атауы. 

28. Ток тербелісін дыбыс толқынына айналдыратын құрылғы. 

31.Тербелмелі контурдың периодын анықтайтын өрнекті ашқан ғалым. 

33. Тиіскен денелердің екі ортасындағы пайда болатын процестің орысша  атауы. 

34. Температураның өлшем  бірлігі. 

36. Сан мәнімен ғана емес, бағытымен де анықталатын шама. 

42. Модульденгендерден төменгі жиілікті тербеліс алатын құрылғы. 

43. Атомдары ретпен дұрыс орналасқан қатты дене. 

44. Метрдің оннан бір бөлігі. 

45. Адамның су астындағы дем алысын қамтамасыз ететін құрылғы. 

50. Токты туралайтын жартылайөткізгіш құрылғы. 



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

 

№4(27), желтоқсан 2015 

24 

51. Жер бетіндегі тасу мен қайту құбылыстарын тудыратын аспан денесі. 

52. Электр тогын өткізбейтін ферромагнит зат. 

54. Космос әлемін зерттейтін реактивті двигателі бар аппарат. 

56. Бір моль заттағы молекула санын анықтауды тапқан ғалым. 

57. Жылытылған заттан электрондардың шығуын сипаттайтын процесс. 

58. Жарқыншақтардан пайда болған ядролардың массаның жетіспеушілігі. 

59. Белгілі бір жиілікке бағыттайтын радиоқабылдағыштың бөлігі. 

60. Тербеліс жасайтын дене. 

62.  Электрон ұшып кіретін атомның қабықшалар аймағы. 

70. Төменгі және жоғарғы жиілікті тербелістерді қосу кезіндегі жүретін процесс. 

72. Тікелей бақыланатын Күн сферасы. 

74. Негізгі түске ерекше рең беретін қосымша түс. 

75. Ядролық реакцияны басқаратын құрылғы. 

77. Электромагниттік құбылыстар туралы ілімнің іргесін қалаушы. 

78. Кері итеруші күштің өрнегін ашқан  ғалым. 

80. Ұзын толқынды жарықтың түсінің қандай екенінің  орысша  атауы. 

81.Толқын ұзындығынан үлкен болатын саңылау арқылы өтетін толқын түрі. 

82. 10000 м

2

 болатын ауданның өлшемі. 



83. Генератордың қозғалмайтын өзегі. 

84. Насосқа келетін суды ашып-жауып тұратын насостың бөлігі. 

86. Газ арқылы өтетін токты сипаттайтын процесс. 

87. Серпінді модулі 0,9 Гпа болатын материал.  

88. Элементар токтары бірдей бағытталған дене. 

 

Көлденеңінен: 

11. Табиғаттағы барлық заттардың бейнесін көрсететін физикалық нақтылық. 

16. Бөлшек және толқын түрінде бір мезгілде болатын жарықтың қасиеті. 

17. Сұйық молекулаларының қатты дене молекулаларына тартылу құбылысының орысша  

атауы. 


18. Дененің формасының өзгеруі. 

19. Сұйықсыз барометр. 

20. Массаның өлшем бірлігі. 

21. Резервуардан су беретін механизм. 

22. Термоядролық реакция кезіндегі пайдаланылатын зат. 

24. Электр тізбегіне жалғанған денелердің жалпы орысша атауы. 

26. Нақты көру сезімін оятатын нысанның қасиетінің орысша атауы. 

29. Молекуланы құрайтын бөлік. 

30. Отынның  энергиясын механикалық энергияға  айналдыратын жылу машинасы. 

32. Кристалдың таңдап алынған бағытына тәуелсіз қасиет. 

34. Негізгі бөлігі шаш болып табылатын дененің салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін 

құрал. 


35. Идеал газ күйінің теңдеуін тапқан ғалым. 

37. Температура өлшейтін құрал. 

38. Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы. 

39. Космосқа  ұшатын адам. 

40.  Механикалық тұйықталу мен қосылуын іске асыратын электр тізбегінің  бөлігі. 

41. Үш электродты жартылай өткізгіштік немесе вакуумдық  құрал. 

45. Теріс зарядталған  ион. 

46. Меншікті жылу сыйымдылығы үлкен  сұйықтың орысша атауы қандай? 

47. Потенциалдар айырмасын орысша қалай атаймыз? 

48. Эмиттерді  коллектордан ажыратып тұратын транзистор электроды. 

49. Газға, сұйыққа арналған ыдыс. 

51.  Индуцияланған  сәулеленуді  пайдалана  отырып  жарықты  үдететін  дененің  орысша 

атауы. 

52. СИ жүйесіндегі сыйымдылықтың өлшем бірлігі. 



53. Электр тогының өлшем бірлігі. 

55. Жартылай ыдырау периоды 4,5 млрд жыл болатын радиоактивті зат. 

58. Электр тогын өткізбейтін зат. 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015

 

25 

61. Молекулалық физикадағы зат мөлшерінің өлшем бірлігі. 

63. Обертон арқылы берілген дыбыстың ерекшелігі. 

64. Кристалл бетінің тегіс бөлігінің орысша атауы. 

65. Дыбысты үдететін қуыс зат. 

66. Иондалған сәуленің кез келген затқа әсерін орысша қалай атаймыз? 

67. Бірлік уақыттағы өзгерген жылдамдыққа тең шаманың орысша атауы. 

68. Дененің массасының көлемге қатынасына тең шаманың орысша атауы. 

69. Қоспаның тұрақты температурасын ұстап тұратын құрал. 

71. Жердін ауа қабаты. 

73. Атом  құрылысын зерттеу құрылғысы. 

76. Толқындардың бөгетті орағытып өту құбылысы. 

79. Элементар бөлшектердің көрінетін іздері. 

81. Электр зарядтарының әсерлесуін сипаттайтын материя түрінің орысша атауы. 

85. Кемтік санын көбейтетін жартылай өткізгіштегі қоспа. 

89.  Жылу  берілу  кезіндегі  дененің  алатын  немесе  жоғалтатын  энергиясының  орысша 

атауы. 

90. Ежелгі жасанды жарық  көзі. 



91. Қатты әсерге қатысатын бөлшектердің жалпы атауы. 

92. Тізбектегі токты реттейтін құрал. 

93.Теріс зарядталған протон. 

94. Удеу кезіндегі салмақтың артуының орысша мағынасы қандай? 

95.  Заттың  химиялық  құрамын  анықтауда  люминесценттік  анализ  тәсілін  ойлап  тапқан 

ғалым. 


96. Толқындық процесс кезіндегі тасымалданатын шама. 

 

2. Сөзжұмбақ 

 

 



 

Көлденеңінен:  

1. Лазерді ойлап тапқан  совет физигі.  

2. Ток  күші, кернеу, кедергіні байланыстыратын заңды шығарған неміс физигі  

3. Газ молекуласының жылулық қозғалысының жылдамдығын эксперимент жүзінде ашқан 

неміс физигі.  

4. Тамшы  камерасын ойлап тапқан американ физигі, 1952 ж.   

5. Арнайы және жалпы салыстырмалы теорияның иесі.  

6. Сыртқы фотоэффект заңын ашқан орыс  физигі.  

7. Термодинамика саласын ашқан неміс теоретик-физигі.  

8. Радиоактивті ілімнің негізін қалаған француз физигі.  

9. Электронның зарядын ашқан американ физигі.  

10. Дененің серпімділік заңын ашқан ағылшын физигі  

11. Қазіргі физиканың негізін қалаушы дат физик-теоретигі.  


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

 

№4(27), желтоқсан 2015 

26 

12. Тұрақты электр тогының  көзін  ашқан итальян ғалымы.  

13. Электронды ашқан ағылшын физигі.  

14. Планеталардың қозғалысын ашқан ғалым. 

15. Классикалық физиканың негізін қалаушы.  

16. Электростатиканың негізін қалаған неміс физигі, математигі, 1832 ж.  

17. Магнит ағынының өлшем бірлігі аталған американ физигі.  

18. Жұмыстары радиоактивтілікке арналған ағылшын физигі, химигі.  

19. Қарапайым механизмдерді зерттеген ежелгі грек ғалымы, инженері.  

20. Денеге әсер ететін көлденең күштердің әсерін ашқан неміс физигі, химигі.  

21. Алғаш Айға қонған американ астронавты. 

 

Тігінен:  

1. Жарық жылдамдығын өлшеген және маятниктің көмегімен Жердің өз осінен айнала-

тынын дәлелдеген француз физигі.  

2. Электронның спинін анықтаған физик-теоретик.  

3. Телефонды жетілдірген, фонографты ойлап тапқан американ өнертапқышы.  

4. Ток күшінің өлшем бірлігі аталған француз физигі.  

5. Жұмыстары физикаға, химияға, астрономияға, тау-кен істеріне арналған орыс ғалымы.  

6. Бу двигателінің иесі, шотланд өнертапқышы.  

7. Сұйықтың тұтқырлық коэффициентін зерттеген ағылшын физигі.  

8. Кванттық теорияның негізін  қалаған неміс физигі.  

9. Жасанды радиоактивтілікті ашқан итальян физигі.  

10. Қатты дене  физикасын зерттеген Совет  физигі.  

11.Тербеліс жиілігінің өлшемі берілген неміс  физигі.  

12. Уран ядросының бөлінуін зерттеген неміс физигі.  

13. Жарықтың сыну заңының математикалық өрнегін қорытып шығарған француз физигі.  

14. Зарядталған денелердің өзара әсер күшін қорытқан француз физигі.  

15. Электрқозғалтқышын ойлап тапқан орыс  физигі.  

16. ЭҚК ережесін  тағайындаған орыс физигі. 

 

 



ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ БЕТІ

 

 

 



 

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,  

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы 

 

                             

 

Көрші  бөлмеден  шыққан  айғай-шу  келесі  бөлмедегі  сабақтың  өтуіне  кедергі  келтіреді. 



Мұғалім көрші бөлмеге барып, басты айғайшыны құлағынан ұстап, өз бөлмесіне әкеліп қамап 

тастайды. Көрші бөлмеде әп-сәтте тыныштық орнайды. Біраз уақыттан кейін бөлменің есігін 

біреу қатты-қатты қағады. Есіктен көрші бөлмеден бір оқушы кіріп:  

– Александр Иванович! Сіз біздің  мұғалімімізді қайтарып  бере  аласыз ба? - дейді. 

 

Оқушының  күнделігіндегі  сынып  жетекшісінің  ескертуі:  «Сіздің  балаңыз  сөздің  ақырғы 



әріптерін жеп қояды». 

Ескертпенің астындағы ата-анасының жауабы: "Рахме, білемі ұрсамы". 

 

Сыныптағы оқушылардан мұғалім  былай деп сұрайды: 



-  Балалар,  қалай  ойлайсыңдар,  қайсысы  жылдам,  шапшаң  қозғалады:  қыран  ба  әлде  

жылқы ма? 

Вовочка қолын көтеріп: 

– Егер аяқпен қозғалса, онда, әрине, жылқы, - деген екен. 

 

1 курс. Математика сабағының бірінші пары. 



Оқытушы:  

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015

 

27 

–  Тақырыпты  жазамыз:  «Нақты  айнымалының  біріктірілген  функциясы.  Сюръективтік, 

инъективтік және биективтік бейнелену». 

Арттан бір дауыс шығады: 

– Алло! Мен ойландым. Армияға алыңдаршы бір жылға, баратын болдым... 

 

Ғалымдардың  анықтамасы  бойынша  уақытты    ұрлайтын  6  ұры  бар:  1.  Телефон.  2. 



Интернет. 3. Әдептіліктен амалсыз сөйлесу. 4. Іске катыссыз бос ойлар 5. ТВ және пресса. 6. 

Ешкімге пайдасыз тізімдерді оқу.                                  

 

– Менің жақсы көретін сиырым қайда?  



– Сен не, Михайло! 20 жыл өтіп кетті ғой.  

– Мен сұрап тұрмын, менің сиырым қайда?  

– Михайло, сиырлар 8 жыл ғана өмір сүреді ғой.  

– Сонда сиыр қайда?  

– Сен қандай ғылым саласында мықты едің? Зоологияда ма әлде механикада ма?  

– Механикада.  

– Сенің сиырың сынып қалған. 

 

Матфакта зерттеу жүргізеді. Барлық курстың студенттеріне бірдей сұрақ қойылады: «2-ні 



2-ге  көбейткенде  қанша  болады?»  1-курс  студенттері  бірден  жауап  береді:  «Төрт».  2-курс   

студенттері  алдымен  шпаргалкаларын  ақтарып  барып  жауап  береді:  «Төрт».  3-курс 

студенттері калькуляторларын алып көбейтіп, содан кейін ғана жауап береді: «Төрт». 4-курс 

студенттері  компьютерлік  бөлмеге  барып  есептеуге  арналған  бағдарлама  құру  үшін  уақыт 

берулерін  сұрайды. 5-курстың студенттері реніштерін білдіріп, былай дейді: «Біз не барлық 

тұрақтыларды есте сақтауымыз керек пе?!!». 

 

 



КОНКУРС 

 

 



 

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,  

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы  

 

I



І

 

тур

 

 

1.  Вакуумда  кальциймен  қапталған  екі  электрод  бар.  Оған  сыйымдылығы  С  болатын  



конденсатор жалғанған. Катодты толқын ұзындығы 100 Нм болатын жарықпен сәулелендір-

сек, онда басында пайда болған фототок тоқтайды да, конденсаторда q = 9,6∙10

-10

 Кл заряд 



пайда  болады.  Кальцийден  электронның  шығу  жұмысы  А=4,42∙10

-19


 Дж.  Конденсатордың  

сыйымдылығын анықтаңдар. 

 

2. Горизонталь жазықтықта жатқан бір-біріне параллель рельстер біртекті магнит өрісіне  



орналастырылған.  

 

 



Магнит  индукциясы  вертикаль  төмен  бағытталған  (суреттің  үстіңгі  көрінісі).  Рельстің  

үстінде оның үстімен электр контактілеріне кедергі келтірмей сырғанай алатын перпендику-

ляр екі бірдей өткізгіш жатыр. Сол жақтағы өткізгіш оңға қарай V жылдамдықпен қозғалады. 

Оң  жақтағысы  тыныштықта  тұр.  Оң  жақтағы  өткізгішті  сол  жақтағы  өткізгішке  әсер  ететін 

Ампер күшін 3 есе кеміту үшін қандай жылдамдықпен қозғалтамыз? (Рельстердің кедергісін 

ескермеуге болады). 



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

 

№4(27), желтоқсан 2015 

28 

3.  Заряды  0,15  мкКл  болатын  шардың  массасы  1  г.  Шар  заряды  0,3  мкКл  болатын 

сфераға 1 м/с  жылдамдықпен  лақтырылады. Сфераның  радиусы  қандай  минимал мәнде  

шар сфераның беткі қабатына жетеді? 

 

4.  Тізбектегі  тура  бағыттағы  диодтардың  кедергісі  өте  аз,  ал  кері  бағытта  –  резис-



торлардың кедергісінен бірнеше есе көп. А нүктесіне батареяның ЭҚК 12 В болатын және ішкі 

кедергісінің  қолданатын  қуаты  7,2  Вт  оң  полюсті,  ал  В  нүктесіне  теріс  полюсті  жалғаймыз. 

Егер  батареяны  қосу  полярлығын  (полярность)  өзгертетін  болсақ,  онда  пайдаланылатын 

қуаттың  мөлшері  14,4  Вт  болады.  Осы  екі  жағдайдағы  резисторлар  мен  диодтар  арқылы 

жүретін токтың шарты мен осы тізбектегі резисторлардың кедергісін анықтаңдар. 

 

IІІ тур

 

 

1.  Квадраттың  төбелерінде  бірдей  +4⋅10



-7

Кл  заряд  орналасқан.  Квадраттың  центрінде 

теріс  заряд  орналасқан.  Барлық  зарядтар  жүйесі  тепе-теңдікте  болу  үшін  осы  зарядтың 

шамасы қандай болу керек? 

 

2.  Батарея  бес  тізбектей  қосылған  элементтен  тұрады.  Әр  элементтің  ЭҚК  –  1,4  В, 



әрқайсысының  ішкі  кедергісі  –  0,3  Ом.  Ток  қандай  болғанда  пайдалы  қуат  8  Вт  болады? 

Батареяның ең үлкен пайдалы қуатын анықтаңдар. 

 

3. Квадрат тәрізді қабырғалары а=10 см болатын иілген өткізгіш арқылы I =100 А болатын 



ток  өтеді.  Квадраттың  диагональдарының  қиылысу  нүктесіндегі  магнит  индукциясының 

векторын  В

 анықтаңдар.  



 

4. Қабырғаларының  ұзындығы  а=10  см болатын квадрат  түрінде  жасалған  контур бойы-

мен  I=100  А  ток  жүреді.  Контурды  біртекті  магнит  өрісіне  еркін  орналастырамыз  (В=1  Тл). 

Контурдың  қарама-қарсы  қабырғалары  арқылы  жүргізілген  оське  қатысты  контурды 

ϕ

=90


0

 

айналдырғанда атқарылатын жұмысты А анықтаңдар. Контурды айналдырғанда ондағы ток 



күші өзгермейді. 

 

5.  Екі  бірдей  конденсатор  параллель  жалғанған  және  300  В  кернеуге  дейін  зарядталған. 



Конденсаторлардағы  потенциалдар  айырмасын  анықтаңдар,  егер  оларды  токтан  суырып  

тастасақ, онда конденсаторлардың біреуінің пластиналарының арақашықтығы екі есе  азаяды. 

 

 

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР



 

 

 

Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында жарияланған 

интеллектуалды ойын тапсырмаларының жауаптары 

 

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,  

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы 

 

1. «Жылдамдық».  

Жауабы: 1. v=s/t. 2. ρ =m/V. 3. F=gm. 4. p=F/S 5. p=gρh. 6. F

А

=gρV.



 

7. A=Fs 8. N=A/t 

 

2. «Ток» және «Жылу мөлшері». 

Жауабы: 1. Q=qm, Q=СmΔt, Q=mλ, Q =mr. 2. I =q/t. 3. U=A/q. 4. I=U/R. 5. R =ρ l/S. 6. P = A/t. 

7. Q = I



2

Rt. 8. m=ρV. 

 

3. «Оң және сол жақтар».  



Жауабы: оң жақта: фотон,изотоп, зеркало, индукция, конвекция, Аристотель; 

сол жақта: фаза, искра, зиверт, инерция, кристалл, амперметр. 

 

4. Сан-әріппен шешу. 

Жауабы:  Эдисон,  Ленц,  схема,  электрон,  янтарь,  заряд,  спираль,  источник,  ампер,  

реостат, вольтметр, ватт, Ом.

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015

 

29 

«ХИМИЯ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

 

Қымбатты балалар! 

Қазіргі  заманда  адам  өмірі  спорттық  көпсайысқа  ұқсас. 

Көпсайыс спортшысы жақсы жүгіруі, суда жүзуі, семсерлесуі, 

ата  білуі,  шабандоз  және  с.с.  болуы  қажет.  Бұл  дененің 

үйлесімді дамуынсыз мүмкін емес. 

Интеллектінің де дамуы әртүрлі салалар бойынша білім 

болмаса  мүмкін  болмайды.  Табиғаттың  тұтастығын  көре 

білу  және  оның  құбылыстары  мен  адамның  іс-әрекеті  ара-

сындағы  байланысты  таба  білу  –  ақыл-ойдың  үйлесімді 

дамуының  негізі.  Тапқырлық,  қоршаған  болмысқа  бейімделе 

білу, оның көріністерін дұрыс түсіне, пайымдай білу – адамды 

бәсекеге қабілетті және табысты етеді.  

Мектепте химия пәні не үшін қажет? 

Бұл  сұрақты  оқушылар  сабақтарда,  әсіресе  жаңа  оқу 

жылының  басында  жиі  қояды.  Не  деп  жауап  беруге  болады: 

онымен  әңгімелесу  қызықты  болуы  үшін  жан-жақты 

дамыған адам болуы, қазіргі заманда өзін батыл және қауіп-

қатерсіз сезінуі, заттармен «сен» деспесе де, үстіртін болса 

да таныс болуы үшін қажет. Ал бұл білімді мектепте химия 

сабақтарында алуға болады және алу қажет. 

Адам  қышқылдың  формуласын  ұмытып  қалуы  мүмкін,  бірақ  онымен  бүкіл  өмір  бойы 

абайлап  жұмыс  істейтін  болады.  «Оны  қайдан  білесіз?»  -  деп  сұрасаңыз,  иығын  қағып: 

«Әйтеуір – білемін», - деп жауап береді. 

Сол  сияқты  адам  жанармай  колонкасының  қасында  темекі  тартпайды,  ол  бензиннің 

қалай  жанып  жатқандығын  көргендіктен  ғана  емес,  мектепте  химия  сабағында  оған 

бензиннің  буланып,  ауамен  жарылысқауіпті  қоспа  түзетінін  және  жанатын  қасиеті  бар 

екендігін түсіндіргеннен болар. 

Химияны оқу жалпы ой-сананы көтеруге, ең бастысы өзіңді және қоршаған әлемді тануға 

көмектеседі.  Адам  неғұрлым  көп  білсе,  ол  соғұрлым  ары  қарай  біле  беруге  талпынады,  өзінің 

денсаулығына  немесе  қоршаған  ортаға  орны  толмас  зиян  келтіру  қаупі  де  соншалықты  аз 

болады.  

Әрбір өркениетті адамға химияның негізін білу өте қажет. 

Біздің мекенжайымыз: 070010, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19, Д. Серікбаев атындағы 

ШҚМТУ,  химия,  металлургия  және  байыту  кафедрасы,  тел.:  8-7232-540-911,  электронды  мекен-

жай: 

NKulenova@ektu.kz

 

 

 

«ХИМИЯ» БӨЛІМІНДЕ

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет