№4(27), желтоқсан 2015 1 «математика» БӨліміне қош келдіңіздер!



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата06.03.2017
өлшемі4,49 Mb.
#8385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

42 

эксцизиялық  репарациясы  үрдісіне  тағы  да  бірнеше  ақуыздар  қатысады,  бірақ  олар 

қосымша роль атқарады. 

Соңғы  жылдары  дайын  шешімдерді  пайдалануды  жақсы  көретін  табиғат,  негіздердің 

эксцизиялық  репарациясын  ДНК-ны  жөндеуге  ғана  емес,  сонымен  қатар  мүлдем  бөтен 

нәрселерді  жөндеуге  де  бейімдегендігі  анықталды.  Мысалы,  адам  жасушасының  урацил-

ДНК-гликозилазасын  вирустармен  күресу  үшін  пайдаланады,  жеке  алғанда  ВИЧ-пен. 

Арнайы  APOBEC  ферменті  бар,  ол  вирусты  ДНК-дағы  цитозинді  тұтас  урацилге  айнал-

дырады,  ал  урацил-ДНК-гликозилаза  соңынан  мұндай  ДНК-ны  жұлып  алып  жояды. 

Иммундық  жауап  урацил-ДНК-гликозилазаның  қатысқанын  талап  етеді,  ол  бұл  жағдайда 

әртүрлі  антиденелердің    туындауына  жауап  береді.  Негіздердің  эксцизиялық  репарациясы 

эпигенетикалық  үрдістердің  –  гендердің  белсенділігін  реттейтін  ДНК-ны  бағытталған 

модификациялаудың  негізіне  алынған.  Обыр  жасушаларында  репарацияның  кейбір 

жолдары  ажыратылған  –  және  қалған  жолдардың  ингибиторлары,  негізінен  негіздердің 

эксцизиялық  репарациясы,  қазір  онкологияда  жаңа,  көп  үміт  күттіретін  дәрі  ретінде 

қарастырылады. 

Өзінің  көптеген  жаңартпашылықтарымен  қатар,  Томас  Линдаль  ғылымға  көптеген 

оқушылар тәрбиелеуімен де қызмет еткен. Оның лондондық Клэр-Холл зертханасы арқылы 

ДНК репарациясы саласындағы заманауи көшбасшылардың жартысына жуығы өтті десе де 

болады. 


 

Сыйлықтан тыс  

 

ДНК репарациясы – ресейлік ғалымдар қазір де әлемдік классикамен лайықты дауласа 



алатын  бағыттардың  бірі  екендігі  жөнінде  айтпағанымыз  дұрыс  болмас.  Мұндағы 

«дауласса» сөзі қазір орынсыз: репарацияның – қатты бәсекелестік болмайтын сала екендігі 

тарихи қалыптасқан, керісінше, жетекші зертханалар тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. 

Ресейде  ДНК  репарациясының  негізгі  зерттеулері  Новосибирскідегі  РҒА  СБ  химиялық 

биология  және  іргелі  медицина  институтының  бірнеше  зертханаларында  жүргізіледі,  бұл 

бағытта  жұмыс  істейтін  бірнеше  топтар:  ММУ,  РҒА  Молекулярлық  генетика  институты, 

Санкт-Петербургтегі  РҒА  Цитология  институтында,  Петербург  ядролық  физика  институ-

тында бар. 

ДНК  репарациясы  жоғарыда  сипатталған  жолдармен  шектеліп  қалмайды.  Сонымен 

қатар  рекомбинациялық  репарация  да  бар,  мұнда  ДНК-ның  дұрыс  тізбектелуін  қалпына 

келтіру үшін, оның басқа хромосомадағы көшірмесі пайдаланылады және ДНК-ның бір бөлігі 

жоғалып  кеткенде,  негомологиялық  ұштарын  жалғау  жүргізіледі,  бірақ  бұл  көбіне  маңызды 

емес,  себебі  ол  кодталмайтын  облыстарға  сәйкес  келеді.  Репарацияның  осы  екі  түрі  де 

ДНК-ның  екі  тізбектік  үзілуін  жөндеу  қажет  болғанда  пайдаланылады.  Зақымдануларға 

толерантты  жүйелер  де  бар,  мұнда  жасуша  оның  геномында  бәрі  дұрыс  емес  болса  да 

қызмет ете береді және тіпті бөліне де алады. Зақымдануларға жауаптың жасушалық жүйесі 

де бар, олар егер ДНК-сы бүлінсе, жасуша не істеу керек – бөлінуі, бөлінуді тоқтатуы және 

зақымдануларды  репарациялауға  талпынуы,  өлуі  тиіс  пе  екендігін  анықтайды.  Айтпақшы, 

соңғы  жүйені  зерттегендері  үшін  биылғы  жылы  американдықтар  Стефан  Эллидж  (Stephen 

Elledge)  және  Эвелин  Виткин  (Evelyn  M.  Witkin)  Ласкер  сыйлығын  алды,  бұл  –

биомедицинада  беделі  жағынан  екінші  тұрған  сыйлық,  көбінесе  Нобель  сыйлығының 

жаршысы  ретінде  болады.  Бірақ  ДНК-ның  бұзылуларына  үйлестірілген  жасушалық  жауап 

жүйесін  –  SOS  жауапты  –  бірінші  болып  ашқан  94  жастағы  Эвелин  Виткиннің  армандаған 

медаліне жетуі екіталай. Нобель сыйлықты үш адамнан артыққа бөлуге бекер тиым салған, 

себебі лайықты кандидаттар әлдеқайда көп. 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015

 

43 

¥  

Қ Ы З Ы Қ Т Ы   О Қ И Ғ А Л А Р  

 

АЛЬФРЕД БЕРНХАРД НОБЕЛЬДІҢ 

ӨМІРІНЕН ҚЫСҚАША ОҚИҒАЛАР

 

 

 

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;   

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы 

 

Нобель мырзаның шектен шығуы 

 

Өзінің  атын  динамитті  ойлап  табуы  және  Нобель  сыйлығын 



тағайындауы  арқылы  әлемге  танытқан  шведтік  инженер-химик 

Альфред  Бернхард  Нобель  (1833-1896  жж.)  елден  өзгеше  және 

қарама-қайшылыққа  толы  тұлға  болған.  Нобель  өзі  туралы,  - 

былай деп жазады: «Негізгі жақсы жағы: тырнақтарын әрқашанда 

таза  ұстайды  және  ешкімге  ешқашан  ауыртпашылық  түсірмеген. 

Негізгі  кемшіліктері:  отбасы  жоқ,  мінезі  жаман,  денсаулығы  және 

ас  қорытуы  нашар».  Нобель  өз  өмірінде  негізінен  жарылғыш 

заттар, оқ-дәрілер және детонаторлар ойлап табудағы өнертабыс-

тарына  шамамен  350  патент алған. Нобельдің ешқандай арнайы 

білімі  болмағанымен,  ол  өзінің  ерекше  қабілетінің  арқасында 

химия, физика, бірқатар техникалық ғылымдарды жеңіл үйренген; сонымен қатар медицина, 

тарих,  философия  мен  әдебиетпен  де  таныс  болған;  Еуропаның  алты  тілін  жетік  білген. 

Нобель  93  зауыттың  иесі  (бірге  иемденушісі) болған. Оның бойында былай қарағанда бір-

бірімен  үйлеспейтін  мінез  ерекшеліктері:  пайда  табуға  деген  құмарлық,  атақ-даңққа  нем-

құрайлылық,  коммерциялық  табыстар  мен  тұрмыстағы  дәрменсіздік,  пацифистік  пен  бет 

қайтпастық,  жиі  жабығулар  мен  ғылыми  зерттеулермен  қатты  құштарлықпен  айналысуы  – 

үйлесіп жататын. Ол тұйық, көп сөйлемейтін адам болған, бірақ кей-кезде сондай тілі ащы-

лығын  көрсететін.  Нобель  әсіресе  өмірінің  соңғы  жылдарында  өте  ашуланшақ  және  тұйық 

болып  кетеді.  Бірде,  одан  баспасөз  үшін  өзі  туралы  айтып  беруді  өтінеді,  сонда  Нобель: 

«Альфред  Нобель  –  бұл  шала-жансар,  жұпыны  адам,  бірақ  шын  мәнінде  адамсүйгіш, 

мейірімді  дәрігер  ол  өмірге  айқаймен  кірген  кезде  оны  тұншықтырып  тастауы  керек  еді», - 

деп бастайды. 

Нобель  1896  ж.  өзінің  Сан-Ремодағы  зертханасында  қайтыс  болады  және  өзінің  бар 

байлығын ғылымның игілігіне жұмсауды өсиет етіп кеткен. 

 

Нобель, математика және әйелдер 

 

Нобель  өзінің  өсиетінде  физика,  химия,  физиология  және  медицина  салаларындағы 



ашылған  үздік  жаңалықтар  үшін,  сондай-ақ  идеалистік  бағыттағы  әдебиеттік  туындылар 

жасағаны  және  бейбітшілікті нығайтудағы қосқан үлесі үшін халықаралық сыйақы тағайын-

далуы  туралы  хабарлағаны  бәріне  мәлім.  Келтірілген  тізімнен  білімнің  көптеген  салалары-

ның Нобель сыйлығын ізденушілер тізбесіне кірмей қалғаны көрініп тұр. Бұл ғылымдардың 

өкілдері  «динамит  әкесінің»  бұл  шешіміне  жайбарақат  қараған.  Тек  қана  математиктер 

«ғылымдар  патшайымының»  лауреаттар  тізімінде  болмауына  сене  алмаған.  Олар 

математиктердің  Нобельдің  өсиетінде  болмауын  түсіндіру  үшін  қандай  түрлі  болжамдар 

айтпады дейсің. Ең кеңінен таралғандарының мағынасы: Нобель математиканы лауреаттар 

тізімінен сызып тастағаны – бұл сыйлыққа ең бірінші талапкер швед математигі М.Г. Миттаг-

Лефлер (1846-1927 жж.) болған. Бірақ Нобель оны өте жек көрген, себебі математик оның 

әйелін  алып  кеткен-мыс.  Сондықтан  Миттаг-Лефлер  сыйлықты  алмауы  үшін,  Нобель 

математиканы өз тізімінен сызып тастаған. Бірақ, біріншіден, Нобель ешқашан үйленбеген. 

Екіншіден, Миттаг-Лефлер 1882 жылдың өзінде Сигне Ю.Э. Линфорсқа үйленген және оны-

мен  өмірінің  соңына  дейін  тұрған.  Үшіншіден,  Нобельдің  он  бес  жылдай  бірге  тұрған  және 

өсиетті  жазатын  жылы  шынымен  де  күйеуге  шығып  кеткен  соңғы  махаббаты  математикті 

бақытты етпеген, ол кавалериялық офицерге күйеуге шыққан.  

Айта  кетсек,  өсиетін  жазар  жылы  Нобель  62  жаста  болған  және  оның  бозбалаша 

 

 



 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015 

44 

құмарлығы  асып  тұрды  деп  айтуға  болмайтын  шығар.  Үнемі  түнерген  және  тұйық,  дөрекі 

болғандықтан,  ол  кей  кезде  әйелдер  туралы  жағымсыз  сөйлейтін.  Мысалы,  Нобель  өзінің 

хаттарының  бірінде  былай  деп  жазады:  «Маған  Париж  әйелдерінің  әңгімелері  мен  білетін-

дердің  ішіндегі  ең  қызықсызы  болып  көрінеді,  бірақ  ақылды  және  толық  эмансипациялы 

емес  орыс  әйелін  кездестіру  жанға  өте  жайлы  екенін  білемін.  Тек,  бір  өкініштісі,  олар 

сабынды пайдалануға құлықсыз, бірақ олардан өте көп нәрсе күтуге де болмайды ғой». 

Осындай  жолдардың  авторының  бір  әйелге  бола  тұтас  бір  ғылымды  өкпелетуі  мүмкін 

емес қой. 

 

 



  

¥

  Х И М И Я   Н Е Г І З Д Е Р І   Ж Ә Н Е    

Қ Ы З Ы Қ Т Ы   Т Ә Ж І Р И Б Е Л Е Р  

 

АНТОЦИАНМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР 



 

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;   

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы 

  

Р. Киплинг «Көк раушангүлдер» өлеңінде: 

Сүйіктіме бірде сыйладым,  

Құшақ толы раушангүл 

Ол алмады – жылады: 

Көк раушангүл тап, – дейді 

Әлемді бекер шарладым, 

Күн астында көк раушангүл  

Өспейтінін білмедім, – деп жазады. 

Ақын  көк  раушангүлін  таппады.  Оның  химик  –  досы 

болмағаны  өкінішті-ақ.  Ол  ерке  қыздың  тілегін  орындауға 

көмектесер  еді.  Тәжірибені  келесідегідей  жүргізеді:  Петри 

табақшасына  мүсәтір спиртін құяды. Жанына құты қойып, оған 

қызыл  раушангүл  қояды.  Үстінен  барлығын  шыны  қалпақпен 

жабады.  Біраз  уақыт  өткен  соң,  раушангүл  көк  түске  боялады.  Мәселе  мынада:  гүлдің 

жапырақтарындағы  бояғыш  антоциан сілтілік ортада көк түске ие болады. (Егер орта әлсіз 

сілтілік болса, раушангүл күлгін түске ие болады).  

Көп  жағдайда органның түсі жасуша сөлінің қышқылдылығына байланысты болатынды-

ғына келесі қарапайым және қызықты тәжірибемен көз жеткізуге болады. 

Тәжірибе үшін: гүл тәждерінің түсі әртүрлі өсімдіктердің 3-4 түрі, 2 шыны қалпақ, 2 қалпақ 

астына  қоятын  түпқойма,  аммиактың  сулы  ерітіндісі,  концентрленген  «түтіндеп тұрған» тұз 

қышқылы қажет. 

Гүл  тәждерінің  түсі  әртүрлі:  қызыл,  көгілдір,  күлгін,  ақ  түсті гүлдерден 3 бірдей гүлшоқ-

тарын  дайындаңыз.  Әсіресе  раушангүлдермен  нәтижесі  әдемі  шығады.  Бірінші  гүл  шоғын 

(тексеру үшін) су құйылған стақанда қалдырыңыз. Екіншісін аммиак буына орналастырыңыз. 

Ол  үшін  шыны  түпқоймаға  суы  жоқ  стақандағы  гүл  шоғын  қойыңыз.  Жанына  кішкене 

стақанда  немесе  шынышақта  аммиактың  сулы  ерітіндісін  қойыңыз.  Жылдам  шыны 

қалпақпен  жабыңыз.  Үшінші  гүлшоғын  ішіне  концентрлі  тұз  қышқылы  құйылған  стақанның 

жанына  қойыңыз.  Қалпақпен  жабыңыз.  Есіңізде  болсын,  қышқыл  гүлге  ғана  емес,  үстел 

бетіне  де  шөгеді.  Сондықтан  түпқойғыш  қажет.  15-30  минут  бойы,  жасушаларға  аммиак 

немесе  қышқыл  буларының  өтуі  барысында  антоциандар  комплексінің  түсі  және  олардың 

бірге  жүретін  сары  пигменттермен  түстік  үйлесімдігі  біртіндеп  өзгере  бастайды.  Гүл 

тәждерінің  гүл  жапырақтары  қышқыл  буларының  әсерінде  тұрған  нұсқада  көк  түсті 

жапырақтарда ашық қызыл және қызыл  түстер пайда бола бастайды.  

Гүл  тәждерінің  гүл  жапырақтары  аммиак  буларының  әсерінде  тұрған нұсқада түстердің 

өзгеруі  сан  алуан  болады.  Бұның  себебі  –  жасуша  сөлінің  қышқылдылығы  қышқылдан 

сілтілікке  қарай  өзгере  бастағанда,  түстері  қызылдан  көк-күлгін  реңк  арқылы  жасыл  және 

сары  түстерге  дейін  өзгереді.  Тәжірибеге  дейін  гүл  тәждері  қызыл,  ашық  қызыл  реңде 

болғандар  ерекше  түске  ие  болады.  Қою  қызыл  түсті  раушангүлдер  гүл  жапырақтарының 

түсі  аммиак  атмосферасында  алғашында  жасыл  түстің  әртүрлі  реңдеріне  дейін  өзгереді, 

соңынан қоңыр түске өтеді. Түсінің мұндай өзгеруі раушангүл жапырақтарында бір уақытта 

жапырақтарға қызыл түс беретін антоциандармен бірге сары пигменттер – флавонолдардың 

да  болуына  байланысты.  Аммиактың  әсерімен  флавонолдардың  түсі  де  өзгереді:  ашық 

сары бояу сары-тоқсары, қоңыр түске өтеді.

  

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015

 

45 

¥

 АЛҒЫРЛАР ҮШІН

 

 

«ГАЗДАР ПАТШАЛЫҒЫ» СӨЗЖҰМБАҒЫ 

 

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;   

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы 

 

Сөзжұмбақта 1-ден 7-ге дейінгі нөмірлермен бөлінген әріптерден құралуы тиіс кілт сөз –  



XVII  ғасырдың  басында  ғылымда  «газ»  атауын  пайдалануды  алғаш  ұсынған  голландық 

табиғи ғылымдарды сынаушының тегі.  

 

 

 



Көлденеңнен:  3.  Қара  металдарды  пісіріп,  дәнекерлеу  үшін  оттегімен  бірге  пайдала-

нылатын  газ.  5. Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында түзілетін және тірі организм-

дерді  Күннің  ультракүлгін  сәулеленулерінің  зиянды  әсерінен  қорғайтын  газ.  7.  Грекшеден 

аударған кезде «газ» термині қай сөзден шыққан? 19. Хладондар (фреондар) тобының өкілі 

болып табылатын газ. 

 

Тігінен:  1.  Газдарды  сақтау  және  тасымалдауға  арналған  сыйымды  ыдыс.  2.  Эколо-

гиялық таза отын ретінде пайдаланылатын ең жеңіл газ. 4. Ашты миндаль иісі бар улы газ. 

6.  Фотосинтез  үрдісінде  түзілетін  және  тыныс  алу,  жану  және  шіру  үрдістерін  қамтамасыз 

ететін  газ.  8.  Түссіз  және  иіссіз  газ,  шектік  көмірсутек,  автомобильдер  үшін  түтінсіз  мотор 

отыны ретінде пайдаланылады. 9. Ауаның негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын газ. 10. 

Грек  тілінен  аудармасы  «бөтен»  деп  аталатын  бағалы  газ.  11.  Грек  тілінен  аудармасы 

«жасырын»  деп  аталатын  бағалы  газ.  12.  Грек  тілінен  аудармасы  «күн»  деп  аталатын 

бағалы  газ.  13.  Сулы  ерітіндісі  мүсәтір  спирті  деп  аталатын,  өткір  тұншықтырғыш  иісі  бар 

түссіз  газ. 14. Қызып кеткен сабан немесе шіріген жемістердің иісі бар улы газ. 15. Шіріген 

балықтың өткір иісі бар улы, түссіз газ. 16. Грек тілінен аудармасы «әрекетсіз» деп аталатын 

бағалы газ. 17. Грек тілінен аудармасы «жаңа» деп аталатын бағалы газ. 18. Көкөністер мен 

жемістердің  пісіп,  жетілуін  жылдамдататын  газ.  20.  Суды  ыдырататындықтан  сулы  ерітінді 

түзбейтін,  өткір тітіркендіретін иісі бар, әлсіз-жасыл түсті улы газ. 21. Өткір, тұншықтырғыш 

иісі бар, сары-жасыл түсті улы газ, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде химиялық қару ретінде 

пайдаланылған.  22.  Жер  қыртысының  жарылған  жерлерінен  бөлінетін,  ғимараттардың 

жертөлелерінде  және  бірінші  қабаттарында  жиналатын радиоактивті бағалы газ. 23. Иіссіз, 

түссіз  газ,  шектік  көмірсутек,  сұйытылған  тұрмыстық  отын  ретінде  пайдаланылады.  24. 

Батпақтық (кеніштік) газ, табиғи газдың негізгі құрауышы болып табылады.

  


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015 

46 

КОНКУРС 


 

 

 

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;   

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы 

 

ІІ тур



 

 

1.



 

Көлемі  3,36  л  (қалыпты  жағдайда)  бутанды  крекингілеу  кезінде  этан  және  этилен 

түзіледі.  Крекинг  өнімдерін  түссіздендіруді  қамтамасыз  ете  алатын  бром  суының  (Br

2

  сал-



мақтық үлесі – 1,6 %), салмағын есептеңіздер. 

 

2.



 

Салмағы 5 г техникалық карбитті судың артық мөлшерімен өңдейді және ацетилен 

алады,  ол  күміс  оксидінің  аммиактық  ерітіндісінің  артық  мөлшерінде  салмағы  15,6  г  күміс 

ацетиленидін түзеді. Техникалық карбиттегі СаС

2

 салмақтық үлесін анықтаңыз. 



 

3.

 



Картоптағы крахмалдың салмақтық үлесі 20 % тең. Салмағы 891 кг картоптан алуға 

болатын глюкозаның салмағын есептеңіз. Өнімнің шығымы 50 %. 

 

4.

 



Салмағы 4,12 г амин қышқылын қыздырған кезде көлемі 896 мл (қалыпты жағдай-

да)  газ  бөлінеді.  Амин  қышқылының  формуласын  анықтаңыз,  ол  шектік  болып  табылады 

және екінші көміртектік атомында амин тобы бар.  

 

5.



 

Кен орындарының біріндегі табиғи газдың құрамында метан (көлемдік үлесі – 92 %), 

этан (3 %), пропан (1,6 %), бутан (0,4 %), азот (2 %), көміртегі оксиді (IV), су буы және басқа 

жанбайтын  газдар  (1  %)  бар.  Көлемі  5  м

3

  (қалыпты  жағдайда)  газды  жағу  үшін  қажетті 



ауаның  көлемін  есептеу  қажет.  Ауадағы  оттегінің  көлемдік  үлесі  21  %  құрайды.  Ауаның 

көлемін қалыпты жағдайға есептеңіз.

 

 

 



ІІІ тур 

 

1.

 



Салмағы  29  г  темірдің  бір  оксидін  тотықсыздандыру  кезінде  салмағы  21  г  темір 

алынды. Темірдің қандай оксидін тотықсыздандырған? 

 

2.

 



Калий  иодиді  ерітіндісін  күкірт  қышқылының  қатысуымен  тотықтыру  үшін  салмағы  200  г 

(ерітіндідегі  K

2

Cr

2



O

7

  салмақтық  үлесі  8,82  %  тең)  калий  дихроматы  ерітіндісі  жұмсалған. 



Түзілген йодидтің салмағын есептеңіз. 

 

 



3.

 

Салмағы 28 г темірдің хлормен әрекеттесуі кезінде салмағы 77,7 г темір (II) және (III) 



хлоридтерінің қоспасы түзілді. Алынған қоспадағы темір (III) хлоридінің салмағын есептеңіз. 

 

4.



 

Марганецті  электролизбен  марганец  (II)  сульфатының  сулы  ерітіндісінен    инерттті 

электродтарды  пайдалану  арқылы  алады.  Егер  анодта  көлемі  56  л  (қалыпты  жағдайда) 

оттегі  бөлінетін  болса,  алынатын  марганецтің  салмағын  анықтаңыз.  Оттегі  шығымының 

салмақтық үлесі – 100 %, ал металдікі – 80 % болатындығын есепке алыңыз. 

 

5. Кермек суда кальций гидрокарбонаты (салмақтық үлесі – 0,015 %) және магний гидро-



карбонаты  (салмақтық  үлесі  –  0,005  %)  бар.  Кермектігін  жою  үшін  көлемі  20  л  суға  қосу 

қажет  болатын  сөндірілген  әктің  салмағын  есептеңіз.  Судың  тығыздығын  1  кг/л  деп 

қабылдаймыз. 

 

¥

  Ж А У А П Т А Р   М Е Н   Ш Е Ш І М Д Е Р  

 

Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында  

жарияланған сөзжұмбақтың жауаптары

 

 



 

«Сиқырлы сан “7”» сөзжұмбағы

 

 

1.  Изопрен.  2.  Радикал.  3.  Парафин.  4.  Крекинг.  5.  Полимер.  6.  Пиролиз.  7.  Кучеров.                



8.  Бутнол.  9.  Семенов.  10.  Треонин.  11.  Галоген.  12.  Глюкоза.  13.  Эйкозин.  14.  Дивинил.             

15. Водород. 16. Тетрозы. 17. Терпены. 18. Пептиды. 19. Сульфид. 



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015

 

47 

«ИНФОРМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ 

КЕЛДІҢІЗДЕР! 

 

Құрметті балалар! 

 

Қазіргі  заманда  көптеген  қызықты  жайлар 



болып  жатыр,  әсіресе  белсенді  жастар  арасында. 

Журнал  беттерінде  біздің  үздік  ұстаздарымызға 

қандай мүмкіндіктер ашылғанын көрсеткіміз келеді. 

Аспаптар  жасау  және  технологиялық  үдерістерді 

автоматтандыру  кафедрасының  доценті  Алонцева 

Дарья Львовна өзінің халықаралық ынтымақтастық 

тәжірибесімен бөліседі.  

Сондай-ақ  бұл  нөмірде  сіздерге  ұнайтын  тақы-

рыптар  да  бар.  «Жауаптар  мен  шешімдер»  айда-

рында профессор Василий Львович Никифоров олим-

пиадалық есептердің шешімдеріне талдау жасайды. 

Бізге  өз  шешімдерін  жіберген  оқушылар  әзірленген 

алгоритмдер  мен  бағдарламаның  жүзеге  асыру 

кодын салыстыра алады, сонымен қатар ұсынылған 

есептердің  күрделілігін  бағалау  және  есептердің 

шешімін  өздігінен  табуға  дайындалу  пайдалы 

болады. 

Біздің мекенжайымыз:  

070010, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19,  

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ,  

ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу кафедрасы,  

тел.: 8 (7232) 54-03-56,  

электронды мекенжай: NDenisova@ektu.kz 

 

 



 

 

 



«ИНФОРМАТИКА» БӨЛІМІНДЕ 

 

КӘСІП ВИЗИТКАСЫ 

Ақпараттық жүйелер .....................................................................................48 



ДӘСТҮРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ 

ШҚМТУ оқытушысы Д. Алонцева –  

TechWomen 2015 бағдарламасының қатысушысы:  

Сан-Франциско (Калифорния) және Вашингтон қалаларындағы (АҚШ)   

Силикон алқабындағы бес күндік тәжірибе аптасы  ....................................50 

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР 

Олимпиадалық есептердің шешімдері .........................................................52 

 

 

 

 

 

 

 

Наталья Денисова, 



физика-математика 

ғылымдарының кандидаты 

ақпараттық жүйелер және 

компьютерлік үлгілеу 

кафедрасының меңгерушісі  

 

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№4(27), желтоқсан 2015 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет