55
using namespace std;
int main()
{
setlocale(LC_ALL, "rus"); // корректное отображение Кириллицы
ifstream vodf;
ofstream zapf;
int r1,r2,k1,k2,put,n,k;
vodf.open("Inf_203.IN",ios::in);
zapf.open("Inf_203.OUT",ios::out);
vodf>>r1>>k1>>r2>>k2;
put=0;
if(r1==r2) put = abs(k2-k1);
if(abs(r1-r2)==3) put = k1+k2;
if(abs(r1-r2)==1 || abs(r1-r2)==5)
{
n = abs(k1-k2);
if ( k1>k2 ) k = k2; else k=k1;
put = n+k;
}
if(abs(r1-r2)==2 || abs(r1-r2)==4)
{
n = abs(k1-k2);
if ( k1>k2 ) k = k2; else k=k1;
put = n + 2*k;
}
cout<<"put = "<
zapf<
vodf.close();
zapf.close();
system("PAUSE");
return 0;
}
Работа программы:
put = 3
Для продолжения нажмите любую клавишу . . .
Код на программы на языке Pascal:
Program metro;
Var r1,r2,k1,k2,put,n,k:integer;
Begin
Assign(Input,'Inf_203.in');
Reset(Input);
Assign(Output,'Inf_203.out');
Rewrite(Output);
Read(r1,k1,r2,k2);
put:=0;
If r1=r2 then put:= abs(k2-k1);
If abs(r1-r2)=3 then put:=k1+k2;
If (abs(r1-r2)=1) or (abs(r1-r2)=5) then
begin n:=abs(k1-k2);if k1>k2 then k:=k2 else k:=k1; put:=n+k; end;
If (abs(r1-r2)=2) or (abs(r1-r2)=4) then
begin n:=abs(k1-k2);if k1>k2 then k:=k2 else k:=k1; put:=n+2*k; end;
Write(put);
Close(Input);
Close(Output);
End.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
56
«ГЕОГРАФИЯ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Құрметті достар!
География дүниетанымдық ғылым ретінде филосо-
фиямен, географиялық жер қыртысындағы табиғат
байлықтарын зерттеу барысында физикамен, геоло-
гиямен, биологиямен, ал қоғамды аймақтық ұйым-
дастырудың тиімді факторларын негіздеу барысында
экономикамен, социологиямен, демографиямен және басқа
да ғылымдармен тығыз байланысты.
Географияда тарихи, жүйелік, математикалық,
кибернетикалық және басқа әдістер ұтымды пайдала-
нылады. География өзінің теориясы және әдістемелерімен
қолданбалы ғылымды байытады, осыған байланысты
ғылымның аймақтық экономика, геодемография, аймақ-
тық жоспарлау секілді және басқа да бағыттары жыл-
дам қарқынмен дамиды. Қазіргі заманғы географияның
зерттеудің планетарлық әдістерін пайдаланбай дамуы
мүмкін емес. Географияның ерекше функциясына біздің
планета мен оның табиғи-тарихи дамуы, мемлекеттер
туралы, ондағы жерлер мен тұратын халықтар туралы
білімді жинақтау және тарату жатады.
География, басқа ғылымдармен қатар, патриотизмге
және интернационализмге негізделген дүниетану және гуманитарлық ғылым. География-
лық білім «картаны оқу» дәстүрі бойынша мәдениет пен дүниеге ғылыми көзқарастың
маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан географияны оқу дүниедегі
көптеген елдердің мектептерінің, орташа арнайы және жоғары оқу орындарының оқу
бағдарламаларына енгізіледі.
Біздің журналдан сіздер көптеген танымдық және қызықты материалдарды таба
аласыздар. Бұл материалдардың сіздердің географияға деген қызығушылықтарыңызды
арттыратындығына және сіздердің қазіргі заман адамына сай білім алуларыңызға
мүмкіндік беретіндігіне біз сенімдіміз.
Сіздерге жемісті еңбек және табыс тілейміз!
Өздеріңіздің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды келесі мекенжайға жіберулеріңізге
болады.
070010, Өскемен қаласы,
Д. Серікбаев көшесі, 19, ШҚМТУ, Г-1-136,
8(7232) 540-206, электрондық мекенжай: ALoginovskaja@bk/ru
«ГЕОГРАФИЯ» БӨЛІМІНДЕ
ОҚУ ҮРДІСІ
Топографиялық шартты белгілермен қалай жұмыс істеу керек .................. 57
ҰБТ-ға дайындық .......................................................................................... 61
ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ .................................................................................. 63
Қазіргі әлемдегі жаңа индустриалды ел....................................................... 64
МҰРА
Орталық Азия аспаны астында ашылған
тарихи-географиялық ескерткіш .................................................................. 65
КОНКУРС
«Жас талап-KZ көшбасшысы»...................................................................... 66
Виктор Краузе,
теориялық және қолданбалы
экономика кафедрасының
доценті
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
57
О ҚУ ҮР ДІ СІ
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРМЕН
ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК
Материалды дайындағандар: Алена Логиновская, геодезия, картография және кадастр
кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты;
Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,
геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті
Карта география тілі екендігі белгілі. Сондықтан картамен жұмыс істеуді: карта бойынша
географиялық координаталарды табуды, масштаб және градустық белдемдер бойынша
картадағы арақашықтықтарды өлшеуді және рельефті тани білу керек. Олар тек оқу
бағдарламасы мен ғылыми қызметте ғана емес, тұрмыстық жағдайда да қажет болады
(автокөлік жолдарының карталарын, туристік карта-сызбаларын қолдану және т.б.).
Карталарды оқып білу үшін оның әліпбиін – шартты белгілерін білу қажет, оларды білмей
картаны оқу түгілі, түсіну де мүмкін емес. Ең алдымен картаның классификациялық шартты
белгілерін білу қажет.
Топографиялық (картографиялық) шартты белгілері – топографиялық карталарда
жергілікті нысандарды белгілеуге арналған символикалық штрихты және фондық шартты
белгілер. Топографиялық шартты белгілер: масштабтық (аудандық), масштабтан тыс,
сызықтық және түсіндірмелі болып бөлінеді.
Масштабтық немесе аудандық шартты белгілер белгілі бір аумақты қамтитын және
өлшемі масштабта белгіленген топографиялық объектілерді бейнелеу үшін қызмет етеді.
Аудандық шартты белгі нысанның шекара белгісі және оның ішіндегі белгілер немесе шартты
бояулардан тұрады. Нысан контуры нүктелі сызықпен (орман, шалғын, батпақты жерлер
контуры), тұтас сызықпен (суат, тұрғын аймақ контуры) немесе шекара шартты белгісіне
сәйкес (арықтар, шеткі аймақ) көрсетіледі. Контур ішіндегі белгілер белгілі бір тәртіп
бойынша орналасады (кездейсоқ, шахматты, көлденең және тік қатар бойынша). Аудандық
шартты белгілер нысанның орналасуын тауып қана қоймай, оның сызықтық өлшемдерін,
ауданын және бейнесін бағалауға мүмкіндік береді.
Масштабтан тыс шартты белгілер картаның масштабында көрсетілмеген нысандарды
белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгілер жергілікті заттардың өлшемдері туралы мәлімет
бермейді. Жергілікті заттың орналасуына қарай оған белгілі бір нүкте белгісі сәйкестен-
діріледі.
Мысалы, дұрыс формадағы белгі үшін (айталық үшбұрыш – геодезиялық желі пункті,
шеңбер – цистерна, ұңғыма) – фигураның ортасы; нысанның болашақтағы суреті түріндегі
белгі үшін (фабрикалық құбыр, монумент) – фигура негізінің ортасы; тік бұрышты негізді белгі
үшін (жел қозғалтқышы, бензин колонкасы) – осы бұрыштың төбесі; бірнеше фигурадан
тұратын (радиомачта, мұнай мұнарасы) – олардың ең төменгісінің ортасы. Мұнда ескере
кететін жағдай, карта мен пландағы біркелкі жергілікті заттар ірі масштабта аудандық
(масштабты) шартты белгілерімен, ал ұсақ масштабты картада – масштабтан тыс шартты
белгілерімен көрсетілуі мүмкін.
Сызықтық шартты белгілер жергілікті жердегі созылған, ұзын нысандарды бейнелеуге
арналған, мысалы: теміржол және автокөлік жолдарын, орман жолдарын, электр желілерін,
бұлақтарды, шекараларды және т.б. Олар масштабтық және масштабтан тыс шартты
белгілері арасындағы аралықты алып жатады. Картада мұндай нысандардың ұзындығы
карта масштабында, ал ені – масштабтан тыс көрсетіледі. Әдетте, ол бейнеленген жергілікті
нысан енінен үлкенірек болып шығады, ал оның орналасу қалпына шартты белгінің бойлық
осі сәйкес келеді. Сонымен қатар сызықтық топографиялық шартты белгілерімен көлденең
сызықтары да бейнеленеді.
Түсіндірмелі шартты белгілер картада жергілікті заттарға қосымша сипаттама беру
мақсатында қолданылады, мысалы: көпірдің ұзындығы, ені және жүк көтергіштігі; жол
төсемінің ені мен сипаты, орман ағаштарының орташа жуандығы және биіктігі; өткел тереңдігі
мен топырағының сипаты және т.б. Картадағы әртүрлі жазбалар мен нысандардың жеке
атаулары да түсіндірмелі сипатқа ие; олардың әрқайсысы бекітілген шрифтімен және
белгіленген өлшемдегі әріптермен орындалады.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
58
Құрылыстар және ғимараттар
Масштабты құрылыстар
Қолданыстағы шахталар
Масштабқа кірмейтін
құрылыстар
Қолданылмайтын шахталар
Зауыт құбырлары
Құбырсыз зауыт пен
фабрикалар
Электр станциялары
Бензин колонкалары,
жанармай станциялары
Ағаш бағаналардағы
электр беріліс желісі
Темірбетонды бағаналардағы
электр беріліс желісі
(биіктігі метрмен)
Жел қозғалтқышы
Жел диірмендері
Су диірмені және ағаш
кесетін жер
Метеорологиялық станция
Омарта
Ескерткіштер мен монументтер
Құдық
Жел құдығы
Тырналы құдық
Бастау
Тасты кірпіш қабырға
және металды қоршаулар
Қосжолды теміржол
Геодезиялық пункт
Орманшының үйі
Көпірі бар тас жолдар
Аэродромдар
Дала және орман жолдары
Қара және соқпақ жолдар
Топографиялық шартты белгілердің түстері барлық масштабты карталарда біркелкі.
Жайылымдар мен олардың контурларын және құрылыстарды, ғимараттарды, жергілікті
құралдарды, тірек пункттерін, шекараларды көрсету үшін штрихты белгілер қолданылады.
Олар қара түспен басылып шығады. Рельеф элементтері – қоңыр түспен; су қоймалары,
суағарлар, батпақ жерлер, мұздықтар – көк түспен (су беті – көкшіл түсті); ағаш-бұталы
өсімдіктер алқабы – жасыл түспен (аласа ормандар, жайылма өсімдіктер, бұталы ағаштар,
жүзімдіктер – ашық жасыл түспен); өртке төзімді құрылыстар мен тас жол кварталдары –
қызғылт сары түспен; өрт қауіпті кварталдар мен жақсартылған қара жолдар – сары түспен
көрсетіледі.
Шартты белгілермен қатар топографиялық карталар үшін саяси-әкімшілік бірліктердің
және түсіндірмелі терминдердің жекеменшік атауларының шартты қысқартулары бекітілген
(мысалы, электрстанция – эл.-ст., болото-бол., оңтүстік батыс – ОБ).
Карта немесе план масштабына байланысты жергілікті құралдар әртүрлі сипатта
көрсетіледі. Мысалы, егер елді мекен пункті 1: 2000 масштабты планда белгіленген болса,
онда тек жеке үйлер ғана емес, сонымен қатар олардың формалары да көрсетілсе, ал
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
59
1: 50 000 масштабты картада тек кварталдар, 1: 1 000 000 масштабты картада бүтін бір қала
кішкене дөңгелекпен ғана белгіленеді. Осылайша үлкенірек масштабтардан кішірек масштаб-
тарға ауыстыру барысында жағдай мен рельеф элементтерін жалпылау картаның генерали-
зациясы (картаны жалпыландыру) деп аталады.
Төменде әртүрлі масштабтағы топографиялық карталарда қолданылатын негізгі шартты
белгілер көрсетілген.
Өсімдік жамылғысы
Ормандарды сипаттау белгілері.
Алымы – ағаштың биіктігі, бөлімі
– дің диаметрі, оң жақтағы сан –
метрмен
алғандағы
ағаш
арасындағы арақашықтық
Жапырақты орман
(бұл жағдайда қайың
және үйеңкі)
Аралас орман (бұл жағдайда
шырша және қайың)
Қылқан жапырақты
орман
Жеке тұрған ағаш: 1-қылқан
жапырақты, 2-жапырақты
Кесілген орман
Сирек орман
Бұталар
1 м-ден төмен шабындық
Жас өскін және
көшеттер
Биік шөп
Қына өсімдіктер
Боранға қарсы бөгет
Қамыс және самырсын
өскіндері
Өртенген және қурап қалған
орман
Жеміс бақтары
Өтпелі батпақ – шөпті жамылғы
Өте алмайтын батпақ –
қамысты жамылғы
Өтпелі
батпақ
–
қамысты
жамылғы
Өте алмайтын батпақ –
көк шалғынды жамылғы
Қына жамылғылы өтпелі батпақ,
1,4 – тереңдігі метрмен
Өте алмайтын батпақ –
қыналы жамылғы
Өтпелі сор жер
Өтуге келмейтін сор жер
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
60
Рельеф
Абсолютті биіктік
Биіктіктің бағдарда белгіленуі
Оба, тӛбелер:
1 – масштабта
(метрмен),
2 – масштабта емес
Шұңқырлар:
1 – масштабта (метрмен)
2 – масштабта емес
Жартастар және
жарлы жартастар
Кертпеш және жарлар
(биіктігі метрмен)
Кӛшкіндер
Топырақты және құмды
сусыма
Горизонтальдар
биіктігін метрмен
белгілеу
Жыралар, мұндағы
а – ені 1 мм-ден астам
масштабта,
б – 1 мм-ден кішірек,
8 – шеттерінің арасындағы
ені,
4 – тереңдігі
Гидрография және су нысандары
Жарлы жағалар:
1 – жағажайсыз,
2 - жағажайымен (биіктігі
метрмен)
Ӛзендер мен жылғалар
Кеме жүзетін ӛзендер мен
каналдар, атаулары үлкен
әріппен жазылады
Кемелер жүзбейтін ӛзендер
мен каналдар, атаулары
кіші әріппен жазылады
Бӛгет және жасанды белдер.
Биіктігі метрмен кӛрсетіледі
Кӛлдер:
1 – тұщы,
2 - тұзды,
3 – ащы-тұзды
114,3 – су кемерінің белгісі.
Стрелка ағу бағытын,
жылдамдығын кӛрсетеді
(0,2 м/сек)
Ӛзен және каналдардың
сипаттамасы:
170 - ені (м),
1,7 - тереңдігі (м).
Топырақ түрі (П – песчаный
Т – твердый, В - вязкий,
К - каменистый)
Ӛткелдер/броды:
1,2 - тереңдігі,
180 – ұзындығы метрмен,
Т – топырақ түрі,
0,5 – ағын жылдамдығы
(м/сек).
Ӛткел.
Паром:
195 – ӛзеннің ені (м),
4х3 – паром ӛлшемдері (м),
8 – жүк кӛтергіштігі (т)
Металл кӛпір
Темірбетон кӛпір
Аспалы арқан кӛпір немесе
шынжырлы кӛпір
Ажыратылмалы металл
кӛпір
Ажыратылмалы темірбетон
кӛпір
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
61
ҰБТ-ға ДАЙЫНДЫҚ
Материалды дайындағандар: Юлия Гусаренко,
геодезия, картография және кадастр кафедрасының аға оқытушысы;
Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,
геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті
«ГЕОГРАФИЯ» КУРСЫ БОЙЫНША ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАР
1. Жердің шар пішінді екенін бірінші болып дәлелдеген ғалым кім?
А) Платон;
В) Бехайм;
С) Колумб;
D) Эратосфен;
Е) Магеллан.
2. Солтүстік бағыт пен жер бетіндегі қандай да бір заттың арасындағы бұрыш қалай аталады?
А) надир;
В) буссоль;
С) зенит;
D) азимут;
Е) нивелир.
3. Тау жыныстарының сыртқы күш әсерінен ӛзгеру үрдісі қалай аталады?
А) мелиорация;
В) түрлену;
С) метаморфизм;
D) аккумуляция;
Е) желге ұшу.
4. Оңтүстік Американың солтүстігіндегі теңіз:
А) Баффин;
В) Эгей;
С) Бофорт;
D) Кариб;
Е) Арафур.
5. Тынық мұхит теңізіне жататындар:
А) Балтық, Ақ теңіз;
В) Кариб, Жерорта теңізі;
С) Карск, Баренцев;
D) Жапон теңізі, Беринг;
Е) Қара теңіз, Азов.
6. 1997 жылдан бастап Қазақстан территориясында ... облыс бар:
А) 14;
В) 12;
С) 19;
D) 16;
Е) 11.
7. Қазақстан Республикасының маңызды кӛмір-металлургиялық орталығы болып табылады:
А) Оңтүстік Қазақстан;
В) Солтүстік Қазақстан;
С) Шығыс Қазақстан;
D) Орталық Қазақстан;
Е) Батыс Қазақстан.
8. Солтүстік Қазақстан экспортқа шығарады:
А) жүгері;
В) бидай;
С) тары;
D) зығыр;
Е) қарақұмық.
9. Ауданы бойынша Жердегі ең ірі ел болып табылады:
А) Канада;
В) Россия;
С) Кытай;
D) Индия;
Е) Аргентина.
10. Ӛсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің географиялық таралу заңды-
лығы туралы ғылым:
А) биогеография;
В) демография;
С) география;
D) геология;
Е) геодезия.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
62
11. Географиялық қабаттағы ритмдік құбылыс – бұл:
А) уақытқа байланысты бірдей құбылыстардың кезеңдері және қайталануы;
В) адамзаттың шаруашылық әрекеттері;
С) табиғат компоненттерінің ӛзара байланысы мен ӛзара тәуелділігі;
D) табиғаттың барлық компоненттерінің және табиғат кешендерінің экватордан полюске
қарай ӛзгерісі;
Е) табиғат кешенінің қалыптасу тарихы.
12. Үлкен Боқтыбай – Мұғалжар тауының ең биік нүктесі қандай биіктікке ие?
А) 1650 м;
В) 250 м;
С) 2010 м;
D) 657 м;
Е) 3565 м.
13. Балқаш-Алакӛл бассейнінің ӛзендері:
А) Қаратал, Лепсі;
В) Есіл, Тобыл;
С) Сағыз, Ембі (Жем);
D) Ертіс, Іле;
Е) Шу, Сырдария.
14. Арал теңізінің аралында орналасқан қорық:
А) Марқакӛл;
В) Ақсу-Жабағылы;
С) Наурызым;
D) Барсакелмес;
Е) Үстірт.
15. Шағын тұрпатты қозғалтқыш ӛндіретін зауыт Қазақстанның қайсы қаласында орналасқан?
А) Семейде;
В) Ақтӛбеде;
С) Оралда;
D) Қостанайда;
Е) Петропавлда.
16. Қазақстанның ауылшаруашылық жерлерінің құрылымында басты орынға ие:
А) егіндік жерлер;
В) кендер;
С) бау-бақша;
D) шабындық;
Е) жайылым.
17. Оңтүстік Еуропа аймағына жатады:
А) Швеция, Дания;
В) Греция, Италия;
С) Австрия, Германия;
D) Исландия, Ирландия;
Е) Польша, Словакия.
18. АҚШ автомобиль ӛндірісінің басты орталығы:
А) Нью-Йорк;
В) Лос-Анджелес;
С) Сан-Франциско;
D) Детройт;
Е) Чикаго.
19. Австралияның қарқынды дамыған аймағы шоғырланған:
А) солтүстігінде;
В) орталық бӛлігінде;
С) оңтүстік-шығыс бӛлігінде;
D) Йорк жарты аралында;
Е) оңтүстік-батысында.
20. Экватордағы жауын-шашынның кӛп мӛлшерін немен түсіндіруге болады?
А) ауа массасының жылдам ӛзгергіштігімен;
В) ауа ағысының жоғарылығымен;
С) үнемі батыстан ығысатын желмен;
D) тропикалық ауа массасымен;
Е) ауа ағысының тӛмендігімен.
Жауаптар: 1 – D, 2 – D, 3 – Е, 4 – D, 5 – D, 6 – А, 7 – D, 8 – В, 9 – В, 10 – А, 11 – А, 12 – D,
13 – А, 14 – D, 15 – Е, 16 – Е, 17 – В, 18 – D, 19 – С, 20 – В.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
63
ҚЫЗ ЫҚТЫ ГЕО ГР АФИЯ
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА
ИНДУСТРИАЛДЫ ЕЛ
Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,
теориялық және қолданбалы экономика кафедрасының доценті;
Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,
геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті
Жаңа индустриалды ел (ЖИЕ) – соңғы онжылдықта әлеуметтік-экономикалық кӛрсеткіш-
терінде сапалы ӛсу болған, даму үстіндегі мемлекеттер тобы. Бұл елдердің экономикасы
даму үстіндегі елдер үшін тұрақты болып келетін артта қалған мешеу жағдайдан қысқа
мерзімде жоғары дамыған елдер қатарына ӛтті.
ЖИЕ экономикалық деңгейінің сипаттамалары:
экономиканың ӛндірістік секторын қалыптастыру кезеңіндегі экономикадағы шетелдік
инвестицияның айтарлықтай үлкен үлесі;
жалпы ішкі ӛнімнің (ЖІӚ) абсолютті шартты ұлғаюы, оның ішінде халықтың жан басына
шаққандағы ЖИЕ экономикасының қарқынды ӛсуі;
ішкі экономикалық, шикізаттық, ғылыми және адамдық басымдықтың сыртқы инвес-
тициямен ӛзара тиімді әрекеті есебінен қарқынды дамуы;
ірі экономикалық аймақтарды қамтитын және ӛзінің нақты экономикалық негізіне ие
дамыған елдермен белсенді интеграциясы;
экономиканың тұтастай дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау;
еркін нарықтың және жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру;
нарықтық қатынасқа мемлекеттің тікелей және жанамалай араласуын тиімді пайдалану.
Әлемдік экономикада жаңа индустриалды елдер тӛмендегідей болып бӛлінеді:
1) ЖИЕ-нің «бірінші толқыны»: Корей Республикасы, Гонконг (Сянган), Тайвань, Сингапур
(сонымен қатар оларды «Азия жолбарыстары» немесе «Азия айдаһарлары» деп те атайды),
Аргентина, Мексика, Бразилия, Уругвай;
2) ЖИЕ-нің «екінші толқыны»: Малайзия, Таиланд, Индия, Кипр, Украина, Турция, Индо-
незия;
3) ЖИЕ-нің «үшінші толқыны»: Филиппин, Қазақстан, Қытай.
Жаңа индустриалды елдердің соңғы онжылдықтағы экономикалық ӛсу кӛрсеткіштеріне
жасалған талдау олар жүргізген экономикалық саясаттың ӛте нәтижелі болғандығын
дәлелдейді. Осыдан халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі ӛнімі (ЖІӚ), экспорт
кӛлемі бойынша «бірінші толқындағы» ЖИЕ кейбір постиндустриялық дамыған елдерді басып
озды. «Екінші толқындағы» ЖИЕ саясаты кӛбінесе қуып жету сипатында болып келеді,
дегенмен, ӛнеркәсібі дамыған кейбір мемлекеттерге жақындау тенденциясы байқалады. ЖИЕ
экономикасы үшін оразан зор валюталық қордың болуы тән. Ғылымды қажетсінетін тауарлар
ӛндірісі (мысалы микрочиптер) және жалпы тұтыну тауарларын ӛндіру бойынша ЖИЕ
әлемдегі алдыңғы қатарға шықты. ЖИЕ үшін кірістің негізгі тенденциясы ӛңдеуші ӛнеркәсіп
болды. ЖИЕ-нің дамыған елдермен сыртқы сауда байланысының динамикалық дамуы ЖИЕ-
нің әлемдік экономикаға әсерінің артуына әкелді, бүгінде дамыған елдерден тасылатын
барлық ӛнімнің ½ шамасы оның үлесіне тиесілі. ЖИЕ-нің дамыған елдермен бәсекелестіктегі
табысы, ең алдымен, ӛндірістің ӛзіндік шығынының ӛте аз мӛлшерімен байланысты. ЖИЕ
мемлекеттерінде банктік капиталдардың дамуымен қоса жүретін ӛндірісті шоғырландыру
үрдісі белсенді жүруде.
ЖИЕ моделі аясында әлемдік тауар нарығы мен қызмет кӛрсетуде үнемі ӛзара
бәсекелесетін экономикалық дамудың екі моделі: «азиялық» және «латын америкалық»
нұсқалары қалыптасты. «Азиялық» модель ЖИЕ импорттың орнын басу және экспортқа
бейімделу бағытын тең ұстау саясатын ұсынады, алайда кейбір мемлекеттер үшін
экономиканың дамуында сыртқы нарыққа кӛбірек бейімделу тән. «Латын америкалық»
моделіне шетел компаниялары тарапынан бәсекелестіктің болмауы, арзан кредит,
протекционизм саясаты тән.
ЖИЕ модельдерінің салыстырмалы талдауы, негізінен, ішкі ӛзіндік даму кӛздеріне
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
64
бейімделген латын америкалық ЖИЕ-ге қарағанда азиялық ЖИЕ сыртқы даму кӛздеріне
бейімделген және әлемдік бірлестікке едәуір ашық екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұдан
аталған топтағы елдерге тән табиғи ресурстармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі
кӛрінеді. Азиялық және латын америкалық ЖИЕ дамудың әртүрлі модельдерін пайдала
отырып, әртүрлі жолдармен дамығанмен, олардың ортақ сипаты да бар: екі ЖИЕ де
қорланудың жоғарғы нормасы, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану және жоғары
еңбек ӛнімділігі есебінен жоғары қарқынмен ӛсу деңгейіне жетті.
МҰР А
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АСПАНЫ АСТЫНДА АШЫЛҒАН
ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШ
Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,
теориялық және қолданбалы экономика кафедрасының доценті;
Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,
геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті
Ұлы Жібек жолы – әлемдік ӛркениет тарихындағы ең елеулі жетістіктердің бірі. Керуен
жолдарының тарамдалған жүйелері Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны
кесіп ӛтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде, сауда байланыстары ғана емес, шығыс пен
батыс арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастыққа ұмтылған халықтарды байланыстыра-
тын мәдени-экономикалық кӛпір ретінде қызмет атқарды.
Жібек жолы ӛзінің басып ӛткен елдерінде саяси, экономикалық, мәдени құрылымының
қалыптасуына оразан зор ықпал етті. Оның барлық басып ӛтетін бағыттары бойында үлкенді-
кішілі сауда-саттық қалалары мен елді мекендер пайда болды. Әсіресе керуен жолының кӛп
шиырлаған бӛлігі Орталық Азия болды. Оның қалалары: Мерв, Самарқант, Бұхара, Термез,
Хиуа, Отырар, Түркістан, Тараз, Испиджаб, Суяб, Баласағұн, Ош, Үзген және т.б., олар тек
сауда орталығы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен мәдениет орталығы да болды. Отырар
– тарихқа әл-Фараби атымен енген орта ғасырдағы ұлы ғалым әрі философ Әбу Насыр ибн
Мухаммедтің отаны.
XVI ғ. бастап Жібек жолы Орта Азия мен Қытай арасындағы сауда-дипломатиялық
байланыстардың біршама әлсірей бастауынан ӛзінің әрекетін тоқтатты. Мұның себебі: теңіз
жолдарының ашылуы, шонжарлар, ақсүйектер арасындағы соғыстың ұлғаюы, Орта Азиядағы
Шейбанид және Ирандағы Сефевид мемлекеттері арасындағы саяси байланыстың
шиеленісуі, сондай-ақ Жетісудағы ӛзара алауыздық пен тартыс. Орта ғасырлық қалалардың
барлығы дерліктей қирады.
Бүкіл дүниежүзіндегі елдер экономикасын мемлекеттегі әлеуеттік мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, ӛздерінің тарихи-мәдени мұралары негізінде қалыптастырады. Біздің
еліміз де бүгінгі нақты ӛмірді тарихи жағдайлармен байланыстырып, халықтың тарихи
ерекшеліктерін қолдану қажеттілігі мен мүмкіндіктерін зерделей отырып, осы бағыт бойынша
жүруге тырысуда. Бұл экономикалық қатынаста да, елдің мәдени дамуын сақтау мүддесінде
де ұтымды екенін айта кеткен жӛн.
Қазақстан үшін кӛне қалаларды (Отырар, Сығанақ, Сайрам, Түркістан, Тараз) қайта
дамыту мүмкіндіктерін зерттеудің басымдылығы зор. Болжалды бағыттар: бірінші кезекте
қала тарихының барлығына қолжетімді жазбаларындағы қаланың бейнесін (тарихи
материалдарды ешқандай жалғансыз нақты масштабта пайдаланып), қираған уақытын және
қазіргі кездегі қайта жаңару уақытын кӛрсетіп салу керек. Сонымен бірге саяхатшыларды ӛз
кезінде болған сауда-саттық масштабымен (мысалы, барлығын бір сауда орталығынан
кезіктіре алмайтын тауар түрлерімен) қызықтыру, халық ӛнерінің әртүрлі іс-шараларын
Орталық Азиядағы барлық шеберлерді (мүмкіндік болғанда орталықтан басқасын да)
жұмылдырып ӛткізу, сондай-ақ барлық археологиялық қазбаларды мұражай ретінде ашық
аспан астында кӛрсету қажет.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
65
МҰР А
«ЖАС ТАЛАП-KZ КӨШБАСШЫСЫ»
ІІ тур
1-тапсырма. Атаулы масштабқа ауыстырыңыз:
1) 1: 2 500 000;
2) 1: 2000;
3) 1: 40 000 000.
(5 балл)
2-тапсырма. Жергілікті уақытты белдеулік уақытқа ауыстырыңыз:
1) Каир үшін (30° с.е., 31,2° ш.б.), солтүстік ендік, шығыстық бойлық
2) Канберра (35,3° о.е., 149,1° ш.б.),
3) Лос-Анджелес (34° с.е., 118° б.б.), егер онда жергілікті уақыт 12 сағ 25 мин болса.
(5 балл)
3-тапсырма. Үйден мектепке дейін масштабы 1: 2500 маршрут тұрғызу керек, егер жолдың
ӛтетін жерлері келесідегідей белгілі болса: кесіп ӛтетін жер бойынша үйден ені 2,5 м және
ұзындығы 12 м ағаш кӛпірге дейін, азимуты 30°, аралығы 100 м; кӛпір солтүстік бағытта орна-
ласқан және Лена ӛзенінің үстінен ӛтеді.
(5 балл)
4-тапсырма. Масштабы 1: 70 000, 1: 3 500 000 карта бар:
1) жер бетіндегі қанша сантиметр картадағы 1 см-ге сәйкес келеді?
2) жер бетіндегі қанша метр картадағы 1 м-ге сәйкес келеді?
(5 балл)
5-тапсырма. Тестілік сұрақтар:
1) саяси картада Жер бедері картографиялаудың қандай тәсілімен кескінделеді?
А) белгімен;
В) ареалмен;
С) су бояумен;
D) гипсометриямен;
Е) кескінделмейді.
2) Бірдей биіктіктердің жатық қисық сызықтары қалай аталады?
А) изогипс;
В) изобата;
С) изокола;
D) изотерма;
Е) изобара.
3) Егер сандық масштаб 1:1 000 000 болса, атаулы масштабты кӛрсетіңіз:
А) 1 см-де 10 м;
В) 1 см-де 100 м;
С) 1 см-де 1 км;
D) 1 см-де 10 км;
Е) 1 см-де 100 км.
4) Еуразияның шеткі құрлықтық нүктесін атаңыз:
A) Дежнев мүйісі, Пиай мүйісі, Рока мүйісі, Челюскин мүйісі;
B) Дежнев мүйісі, Пиай мүйісі, Марокки мүйісі, Челюскин мүйісі;
C) Дежнев мүйісі, Камау мүйісі, Марокки мүйісі, Челюскин мүйісі;
D) Дежнев мүйісі, Камау мүйісі, Нордкин мүйісі, Челюскин мүйісі;
E) Дежнев мүйісі, Баба мүйісі, Рока мүйісі, Челюскин мүйісі.
5) Тынық мұхит бассейнінің ӛзендері:
A) Колыма, Амур, Меконг, Янцзы;
B) Янцзы, Хуанхе, Меконг, Амур;
C) Амур, Салуин, Анадырь, Хуанхе;
D) Анадырь, Лена, Индигирка, Амур;
E) Колыма, Лена, Сицзян, Ганг.
6) Еуразиядағы ең биік тау шыңы қалай аталады?
A) Монблан;
B) Эверест;
C) Дхаулагири;
D) Чогори;
E) Эльбрус.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
66
7) Пасха аралы орналасқан:
A) Кариб теңізінде;
B) Тынық мұхитта;
C) Үнді мұхитында;
D) Атлант мұхитында;
E) Солтүстік мұзды мұхитта.
8) Австралияның максимал биіктік белгісі:
A) Косцюшко қ.;
B) Ането қ.;
C) Аконкагуа қ.;
D) Бандейра қ.;
E) Льюльяльяко қ.
9) Африкадағы ең терең кӛл:
A) Чад;
B) Ньяса;
C) Танганьика;
D) Абая;
E) Рудольф.
10) Африка құрлығының шеткі солтүстік нүктесі:
А) Эль-Абьяд мүйісі;
В) Хафун мүйісі;
С) Альмади мүйісі;
D) Гвардафуй мүйісі;
E) Сент-Мари мүйісі.
(10 балл)
ІІІ тур
1-тапсырма. Табиғат аймағы – бұл табиғи кешен екендігін дәлелдеңіз.
(25 балл)
2-тапсырма. Барикалық максимумдардың – арктикалық немесе азиялық – қайсысы біздің
еліміздің климатының қалыптасуына үлкен ықпал етеді, неліктен?
(15 балл)
3-тапсырма. Бір ғана дұрысын таңдаңыз:
а) Қазақстан уақыттың ӛзгеру сызығын кесіп ӛтеді;
б) Қазақстан үш жартышарда орналасқан;
в) Қазақстан он екі сағаттық белдеуде орналасқан;
г) Қазақстан жарықтың бір белдеуінде орналасқан;
д) Қазақстан астанасында наурыздан бастап қыркүйекті қоса есептегенде күн түннен
әрқашанда ұзақ.
(20 балл)
4-тапсырма. Тізімнен Қазақстанға қатысты топонимдерді таңдаңыз:
а) Саланов шыңы;
б) Есіл ӛзені
в) Ырғыз ӛзені
г) Зайсан кӛлі;
д) Құлынды кӛлі;
е) Сетте-Дабан жотасы;
ж) Телецк кӛлі
з) Барсакелмес аралы;
и) Астрахань қаласы.
(15 балл)
5-тапсырма. Бұл ең терең континенттік су айдыны жер шарындағы тұщы сулар қорының
(мұздықтарды есептемегенде) бестен бір бӛлігін құрайды. Кӛлге 300-ден астам ӛзендер
құяды, ал оның біреуі ғана ағып шығады. Оның бастауында ауыл орналасқан, онда 1920
жылдары кӛлді зерттеу бойынша стационар ашылған. Кӛлдің жағасын бойлай бірнеше
қорықтар орналасқан. Олардың бірі кӛлдің шығыс жағалауындағы жоталы үстіртті аймақты
мекендейтін құнды аңды қорғау мақсатында 1916 жылы құрылған. Жота және жануардың түрі
кӛлге құятын ӛзеннің атын алған. Сонымен бірге солтүстік шығыс желі де ӛзеннің атымен
аталады. Барлық таулы жағалау қылқан жапырақты орманмен кӛмкерілген. Кӛл белсенді
техтоникалық қозғалыс аймағында орналасқан, кӛптеген жер сілкіністер соның дәлелі. Осы
жер сілкіністерінің бірінің нәтижесінде кӛлге құятын ірі ӛзеннің сағасына жақын құрлықтың
үлкен бір бӛлігі 1862 жылы су астына шӛгіп кеткен.
Сұрақтар:
а) қандай кӛл екендігін анықтаңыз;
б) одан ағып шығатын ӛзенді атаңыз;
в) «кӛлтану» синонимінің ғылыми терминін атаңыз. (25 балл)
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
67
«СӘУЛЕТ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Сәлеметсіздер ме, қымбатты жоғарғы сынып
оқушылары!!!
Cәулет өнері біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады және
көптеген қызметтер көрсетеді. Журналды бір сәтке қоя тұрып,
айналаңызға көз жүгіртіңізші. Сіз қай жердесіз? Бұл сіздің үйіңіз
немесе мектеп, бәлкім, кафе, кинотеатр немесе басқа бір қоғам-
дық ғимарат шығар. Кез келген жағдайда да сіз ғимарат ішінде
боласыз, себебі бұл нөмір жарыққа шыққан кезде далада қыс бола-
ды. Сонымен, сәулет өнерінің бастапқы атқаратын қызметі –
адамды қоршаған ортадан: жауын-шашын, жел, суық немесе ыс-
тықтан қорғау. Жан-жануарлардың өздеріне ұя салғаны сияқты
ежелгі адамдар да үңгірлерді паналап, немесе қарапайым күрке-
лерде күнелткен. Олар паналаудағы бастапқы қажеттіліктің
қанағаттандырылуына байланысты «өз үйіне» эстетикалық мән
бере бастаған.
Өз дәуірінің эстетикалық идеалдарымен бірге, сәулет өнері
құрылыс техникасының деңгейін, кластық құрамын, қоғамдық
құндылықтарды және басқаларды қамтып көрсетеді. Ғимарат-
тың теңіз ортасында, солтүстікте, шөл далада, қайда салына-
тыны өте маңызды. Орналасқан жеріне құрылыс материалы да,
ғимарат жоспары да, конструкциясы да тәуелді. Көптеген фак-
торларды көрсете отырып, сәулет өнерінің өзі де адамға әсер
етеді. Ол қысым көрсетіп, патриоттық сезімді оятып, позитивті
немесе депрессивті көңіл-күйді тудыра алады. Айналамызда көретін ғимараттар мен үймереттер,
өзіңіз отырған бөлме – тек айсбергтің бір төбесі ғана. Олардың әрбіреуінің артында әлеуметтік-
экономикалық, саяси, табиғи-климаттық және басқа да факторлар тұр.
Осы бір күрделі байланыстар «Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтарына оқу барысында
меңгеріледі. Бізге оқуға түсу үшін тек жақсы сурет сала алу жеткілікті деген пікір жаңсақ. Ол үшін
гуманитарий, математик болу керек, шет тілдерін білу керек, ой-өрісі кең болуы керек. Өзіңіздің
мықты қасиеттеріңізбен сәулетші немесе дизайнер мамандықтарынан өз орныңызды таба аласыз. Ең
бастысы – сәулет өнерінің ұлы ақиқаттарын бағындыруға қызығушылық таныту қажет. Оқуда
мықты стимул жасаушы тәсіл ретінде республикалық және халықаралық деңгейдегі шығармашылық
конкурстарға қатысу болып табылады. «Оқу үрдісі» айдарында ҚазБСҚА-дағы (Алматы) олимпиада
жайлы және біздің студенттердің жетістіктері жайлы оқи аласыздар.
Сәулет өнері – өнердің басқа түрлерімен, мысалы сурет өнерімен, тығыз байланысты. Көптеген
сәулетшілер өздерінің болашақ ғимараттарына акварельмен суреттер салады, ал суретшілер өз
суреттері стилінде сәулеттік көлемдер ұсынады. Өнер әлемінде жаңа философия тауып, жарқын із
қалдырғандардың бірі – К. Малевич. К. Малевич шығармашылығымен «Мұра» айдарында толығырақ
танысыңыздар. «Шығармашылық емтихандарға дайындаламыз» бөлімінде сурет бойынша емтихан-
дарға өз бетінше дайындық үшін кезекті әдістемелік нұсқаулар берілген.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыздар:
070010, Өскемен қ., Серікбаев к., 19, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, сәулет өнері және дизайн
кафедрасы, ауд. Г-2-205, e-mail:
PMikhnova@ektu.kz
«СӘУЛЕТ» БӨЛІМІНДЕ
ОҚУ ҮРДІСІ
Конкурстар – жақсыны таңдау ......................................................................68
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРҒА ДАЙЫНДАЛАМЫЗ
Гипс бас элементтерінің суреті. ІІ бөлім – мұрын суреті .............................70
МҰРА
Казимир Малевич. Кубизмнен супрематизмге .............................................73
Полина Михнова,
сәулет өнері кандидаты,
сәулет және дизайн
кафедрасының аға оқытушысы
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
68
ОҚУ ҮРДІСІ
КОНКУРСТАР – ЖАҚСЫНЫ ТАҢДАУ
Материалды дайындағандар: Зинаида Попова,
сәулет өнері және дизайн кафедрасының доценті;
Зухра Есполова, жалпыинженерлік дайындық кафедрасының оқытушысы
Сәулет өнері – адам әрекетінің алуан түрлі шығармашылық сферасының бірі, қандай да
бір объектіні жобалау қажет болған жағдайда, қажетті шешімді таңдаудың тиімді тәсілі –
конкурс. Конкурс көптеген сәулет өнері мектептерінің мүмкіндіктерін бағалауға, олардың
потенциалы мен деңгейін көруге мүмкіндік береді, әртүрлі шешімдер ұсынады, мәселеге
әртүрлі тұрғыдан қарау мүмкіндігін береді. Сондықтан сәулеттік конкурстар – ерте кезден
кеңінен қолданылатын, бүгінгі таңда баламасы ойлап табылмаған тәсіл.
Тарихқа үңілетін болсақ, тек сәулет өнері емес, бүкіл цивилизацияның – Ренессанс ұлы
кезеңінің басталуы есептелетін ресми күнді – 1401 жылы Флорентиялық баптистерияның
(шоқыну орны) солтүстік есіктерінің барельефіне конкурс өткізу күнін еске түсіру жеткілікті.
Бұл конкурста, кейіннен осы баптистерияның Микеланджело «жұмақ қақпасы» деп атаған
шығыс есігін де орындаған – Лоренцо Гиберти толығымен жеңіске жетті.
Сәулет өнері мамандықтарының студенттері 1-курстан бастап, әрқайсысы өз біліміне,
жобалаудың әр кезеңін қажетті сапада, белгіленген мерзімде орындай алу шеберлігіне сай,
бірдей тақырыптағы тапсырмаларды – курстық жобаларды орындау арқылы шығармашы-
лық сайыстарға қатысуға үйренеді.
Болашақ сәулетшілерге өз потенциалдық мүмкіндіктерін көрсететін арнайы пәндер
көптеп саналады, олар: композиция, графика, макеттеу, сурет және әр курс сайын күрделе-
ніп отыратын – сәулеттік жобалау. Дипломдық жобалау – бакалаврдың қорытынды аттес-
тациясы, мұнда барлық оқу барысында алынған білімдерінің кешені көрсетіледі. Бұл да кон-
курс – бір университеттің, бір лек студенттер арасындағы жарыс, кейіннен сәулеттік мек-
тептер арасындағы жарыс – түрлі сәулеттік ЖОО-ның үздік дипломдық жобалары сайысқа
түседі.
Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында оқу барысында да
өз мүмкіндіктерін ашуға, әріптестерінен көп нәрсені үйренуге, олардан баға жетпес тәжірибе
алуға, жаңа білімдер жинақтауға жол ашатын республикалық және халықаралық конкурстар
өткізіледі.
2015 жылдың көктемінде Бас Сәулеттік-Құрылыс Академиясы (ҚазБСҚА, Алматы) әр-
түрлі мамандықтар бойынша, соның ішінде сәулет өнері және дизайн мамандығының 3-4
курс студенттері арасында республикалық олимпиада өтетіні жайлы хабарлады. Олим-
пиадаға ШҚМТУ-дың сәулет-құрылыс факультетінен «Сәулет өнері» және «Дизайн» маман-
дықтары бойынша жеті студент – 6 сәулетші және 1 дизайнер барды.
ШҚМТУ студенттері өз жұмыстары аясында
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
69
Конкурс шарттарына сай студенттерге бағдарлама көлеміндегі оқылған курстық жобалар
бойынша таныс тақырыптар ұсынылған. Мысалы, 4-курс сәулетшілеріне көп деңгейлі
паркингтің, автомобильдер тұрағының эскизді жобасын жасау ұсынылды. Оқыту бағдар-
ламасы бойынша мұндай жобаны студенттер 3-курстың 2-ші семестрінде орындайды.
Нәтижесінде біздің үш 4-курстық студентіміз – Анастасия Скрипка (11-АР-1), Ксения
Муренкова (11-АР-1) және Алина И-Хи-Де (12-АРТ-1) III дәрежелі дипломға ие болды.
Жұмыстар қолмен, клаузура
*
техникасында орындалды.
500 машинаға арналған паркингтің эскиздік жобасы. Авторы – А. Скрипка, 11-АР-1
3-курс студенттеріне арналған тапсырма тақырыбы «Энерготиімді аз қабатты тұрғын үйді
жобалау» болды. 12-АРк-1 тобының студенті Өжет Аршын өзінің эскиздік ұсынысы үшін
«Алматыгипрогор» мақтау грамотасымен марапатталды.
Жұмыстарды ҚазБСҚА оқытушылары, сонымен қатар Алматы жобалық ұйымдарының
өкілдері мүше болған комиссия бағалады.
Энерготиімді аз қабатты тұрғын үйдің эскизді жобасы.
Авторы – Өжет Аршын, 12-АРк-1
*
Клаузура жайлы «Ел ертеңі-KZ» журналының 2014 жылғы №3(39) санынан оқыңыз
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
70
Конкурстарға, олимпиадаларға, басқа да шығармашылық жарыстарға бару біздің
студенттер үшін өте пайдалы, себебі Интернеттегі кез келген тақырыптағы бай ақпаратқа
қарамастан, сәулетшіге – болашақ және тәжірибелі сәулетшіге – кеңістікті, ғимаратты,
материалды көзбен көріп, сезіну өмірлік маңызды, ол осы кеңістікте, басқа қала кеңістігінде,
тарихи немесе заманауи үймеретте физикалық тұрғыда болуы қажет. Бұл оның осы нақты
орындағы оның ролін, маңызын түсіну үшін қажет. Бұл «орын рухын» сол орында табылу
арқылы ғана сезінуге болады.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРҒА
ДАЙЫНДАЛАМЫЗ
ГИПС БАС ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ СУРЕТІ.
ІІ БӨЛІМ – МҰРЫН СУРЕТІ
Материалды дайындағандар: Елена Феоктистова, сәулет өнері кандидаты,
сәулет өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы;
Зухра Есполова, жалпыинженерлік дайындық кафедрасының оқытушысы
Гипс бас элементтері суретін салуды үйренуді (2015 ж. №3(26), І бөлімді қара)
жалғастырамыз және мұрын суретін салуды талдаймыз. Алдымен адам басының осы
бөлігінің пластикалық анатомиясын қарастырамыз.
1-сурет – Мұрынның көрінетін бөлігінің құрылымы
Мұрын – бұл тыныс алу және иіс сезіну мүшесі, бастың бет бөлігінде орналасқан.
Мұрынның көрінетін бөлігі сыртқы мұрын деп аталады және кеңсірік үстінен, кеңсіріктен,
шеткі және төменгі бөліктерден, қанаттардан және мұрын ұшынан тұрады (1-сурет). Сыртқы
мұрынның конструктивті негізін мұрын сүйектері – жоғарғы жақтың шеке өсімшесі, лате-
ралды шеміршек және бұлшық еттермен көмкерілген, үлкен қанат тәрізді мұрын шеміршегі
құрайды (2-сурет).
Кеңсірік мұрын сүйегінен, жоғарғы жақтан және латералды шеміршектен тұрады. Мұрын
сүйегі қас үсті сүйегімен мұрын тамырынан жоғары орналасқан шеке сүйегіндегі жазық
шығыңқы бөлік-глабелла аумағында қосылады.
Мұрын ұшы (мұрын қанатының үлкен шеміршегі) араларында латералды шеміршек
шығып тұратын, екі жартының туындысы болып табылады. Бұл мұрынның төменгі бөлігінің
ең үлкен домалақ аумағы, ол сопақша пішінді, үшбұрышты немесе бұрыштары дөңгеленген
төртбұрыш пішінді болуы мүмкін.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
71
2-сурет – Адам мұрнының конструкциясы
Мұрын қанаттары – мұрынның екі жұмсақ дөңгеленген бөлігі, олар мұрын ұшының екі
жағында орналасқан. Қанаттарды шет жақтарында мұрын тесіктері – танаулар шектейді.
Бұл элементтердің барлығында мұрын кескінін салғанда оның пішінін анықтап, жалпы-
лауға көмектесетін, «анатомиялық шамшырақ» тәрізді – өздеріне тән шығыңқы жерлері бар.
Бастың элементі ретінде мұрын суреті оның негізгі параметрлерін және беттің басқа
бөліктерімен байланыста орналасуын анықтаудан басталады. Ол үшін ұзын өсті (мұрынның
симметрия өсі) және түрлі ракурстар үшін перспективалық қысқартуларды ескере отырып,
мұрынның көлденең өстерін саламыз, пропорцияны: кескінделетін объектінің ені мен
биіктігін анықтаймыз. Мұрынның жалпы пішінін призманың оңайластырылған пішіні түрінде
жіңішке сызықтармен саламыз (3, б-сурет), ол бес негізгі жазықтықтан: кеңсірік үсті, мұрын
арқасы, екі шеткі және төменгі беттерден тұрады. Мұрынның ең жіңішке бөлігі – кеңсірік,
трапеция пішіндес, қас үсті доғаларымен кеңсірік үсті арқылы қосылатынына назар
салыңыз.
а)
б)
в)
3-сурет – Адам мұрнының сызықтық-конструктивтік суретінің кезеңдері
Ары қарай салынатын объектінің анатомиялық ерекшеліктеріне сай, барлық бөліктердің
орналасуын белгілеп, оларды нақтылаймыз. Мұрын арқасын екі тең бөлікке: өркеш және
аздаған кеңейтуі бар, миндаль тәрізді бөлікке бөлу керектігін ескерген жөн. Мұрын табаны
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
72
жоғарғы жақтың сүйек планындағы таға тәріздес бөлігінде орналасады, сондықтан мұрын
қанаттары орталық бөліктен артқа шегінуі керек. Мұрын ұшын жіңішке сызықтармен салу
керек, себебі ол мұрынның төменгі бетін, онда орналасқан танаулармен бірге мұрын
арқасымен жалғастырады (3, в-сурет).
Мұрын көлемін штрихтауда мейлінше дәл әрі дұрыс беру үшін, барлық беттердің
құрылысын мұқият талдау қажет.
Мұрынның жарық-реңдік суретіне көше отырып, жеңіл сызықтармен өз көлеңкелерін
және құлайтын көлеңкелердің шекарасын белгілеп қою керек, содан соң көлеңке беттердің
барлығын штрих қабатымен бастыру қажет. Ары қарай бет пішініне сай штрихтарды сала
отырып, мұрын көлемін модельдейміз (4-сурет). Егер мұрыннан көлеңке түсетін болса, онда
төменгі бетте рефлекс құралатынын ескеру қажет. Мұндай заңдылық түсетін көлеңке
беретін басқа беттерге де тән.
4-сурет – Адам мұрны формасын жарық-реңдік модельдеу
Жоғарыда келтірілген материалды меңгеру мақсатында төмендегі жаттығуларды орын-
дау ұсынылады:
1. А3 форматының бетінде 4-сурет көшірмесін жарық-реңдік толықтырулармен жасаңыз-
дар.
2. А4 форматының бетінде адам мұрнының төмендегі ракурстарда шағын кескіндерін
орындаңыз: анфас, профиль, төрттен үші.
3. А4 форматының бетінде Давид көзінің суретін 1, б-суретіндегі кескінді пайдалана оты-
рып орындаңыз.
_________________________
Ескерту: мақаланы әзірлеу барысында төмендегі ақпарат көздері қолданылды:
1.
http://www.hudoshnik.in.ua/postroenie-nosa
сайтының материалдары
2.
http://paintmaster.ru
сайтының материалдары
3. Ломов С.П. Искусство: Изобразительное искусство / С.П. Ломов, С.Е. Игнатьев,
М.В. Карамзина. – М.: Дрофа, 2-13. – 124 б.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
73
МҰРА
КАЗИМИР МАЛЕВИЧ.
КУБИЗМНЕН СУПРЕМАТИЗМГЕ
Материалды дайындағандар: Анна Буханцева,
дизайн магистрі, сәулет өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы;
Зухра Есполова, жалпыинженерлік дайындық кафедрасының оқытушысы
Казимир Малевичтің супрематизмі дегеніміз не? Оның шығармашылығының мәні неде,
автор өзінің абстрактілі картиналарын жасай отырып, қандай мақсаттарды ұстанған? Осы
сұрақтар 2015 жылы оның әйгілі «Қара шаршы» картинасының жүзжылдығында жаңа күш
ала бастады. Казимир Малевичтің шығармашылығы бүкіл әлемге кеңінен танымал, бұл
тақырыпта көптеген басылымдар және ғылыми жұмыстар жасалған. Осыған қарамастан,
Малевич мұрасына және авангардтық өнерге деген қызығушылық бүгінгі таңға дейін азайған
емес. Казимир Малевич XX ғасырдың басындағы орыс авангард суретшілерінің саңлақтар
тобын басқарды. Онымен бірге Василий Кандинский, Владимир Татлин, Эль Лисицкий және
тағы басқалар алғашқылардың бірі болып өнердің жаңа идеалдарын құрды.
XX ғасырдың басында авангардтық өнердің орнауы сурет өнеріндегі импрессионизм мен
постимпрессионизмнің, жаңа техникалық өнертабыстардың (Марконидің сымсыз телегра-
фы, Бенцтің бензинді автомобилі, кинематограф және т.б.), әлеуметтік және саяси толқулар
ықпалында болды. XX ғасырдың басы техника гегемониясымен, бірінші дүниежүзілік соғыс
хаосымен және Ресей мен Германиядағы төңкерістермен ерекшеленген. Авангардты өнер
дәуірдің туы және айғайшысы (рупоры) болды. Ол жайлы алғашқы еске түсіру испаниялық
суретші-кубист Пабло Пикассо картиналарымен байланыстырылады. «Авиньондық қыздар»
(1-сурет) атты оның жұмысы сурет өнері картиналарының тәсілдері жайлы түсініктерді өз-
гертті. Нақты көлем мен жарық көлеңкеге жазықтықтық бұрмаланған әйел денесінің кескін-
дері келе бастады. Авангардтық өнер бұдан ары дұрыс пішіндер мен композициялар төңіре-
гінде өмір сүре алмады. Европа елдерінде өнерде жаңа ағымдар пайда болды: кубизм,
футуризм, абстракционизм. Олар Советтік Ресейде 1917 жылдан кейін өздерін жарқын
көрсетті.
1-сурет – Пикассо «Авиньондық қыздар»
2-сурет – К. Малевич «Қара бидай жинау»
Казимир Малевич суретші және өнер теоретигі болды, көркемсуреттер, көлемдік компози-
циялар жасады. Ол авангардтық идеяларға арналған көптеген теориялық еңбектерді жарыққа
шығарды, мысалы «Кубизм мен футуризмнен супрематизмге». Малевич арнайы білім алмаған,
орасан зор шығармашылық потенциалы мен энергиясын жетекшілікке ала отырып, өнердегі өз
идеясын қорғап қалды. Әр жылдарда, мекенжайын ауыстыра отырып, ол көркем топтар жасаған
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
74
(УНОВИС және басқалар), көркем училищеде оқытушы және шеберханада жетекші болды.
Суретшінің жұмыстары Еуропа елдерінде өз дәрежесінде бағаланды, бірақ Советтік Ресейде
танылмады. Оның шығармашылығы советтік идеологияға тән емес деп саналған.
Казимир Малевич шығармашылық жолының басында импрессионизм, кубизм (2-сурет),
футуризм және басқа да бағыттарда жұмыс істеді. Түрлі стилистикалық талғамдарды байқап
көріп, өзінің басты жаңалығына – супрематизмге келді.
Супрематизм поляк тілінен аударғанда – басымдылық (3-сурет). Автордың объективті
зат кескінінің субъективті көріну басымдылығы. Таза түстің пішіндерден басымдығы.
Автордың пікірі бойынша, қандай да бір нақты кескін жоқ, тек пішіндер мен заттарды
эмоционалды сезіну басымдығы ғана бар. Малевич супрематизмі – бұл қарапайым
геометриялық пішіндердің (шаршы, үшбұрыш, шеңбер және т.б.) жергілікті жарқын
түстермен (қызыл, сары, көк) үйлесуі. Автор көрерменге бейнеленген суретке өзі мағына
беруін ұсынады. Оның шығармалары – қандай да бір символдар және ребустар, дәуірдің
кодталған «мәтіндері». Шаршы, үшбұрыш немесе шеңберлер басымдылық ететін суреттер
космос шексіздігін бейнелейді, ал жергілікті жарқын түстер түрлі эмоционалдық әсер
туғызады. Шындығында, тек табиғат пейзажы ғана күшті әсер туғызбайды, сонымен қатар
қарапайым геометриялық пішіндер де көп нәрсені білдіреді. Тек осы тілді ұғына білуге,
авангард өнердің құпия сырларын аңғара білуге үйрену керек. Бұл жерде көп даярлық, шын
жүректен атқарылған жұмыс, білім және қиял көбірек талап етіледі.
Малевич және оның жақтастары мәдениет әлемін кескінге әркім өзінің авторлық ойына
жеке түсінік енгізу еркі бар, қарапайым және дәстүрлі өнер догмаларынан таза жаңа өнерді
түсінуге әкелді. Өнерге дәстүрлі көзқараспен қарай отырып, суретші түбегейлі жаңа, супре-
матикалық немесе затсыз сурет өнерін ұсынады. Супрематизмнің заттық өнерге әсері өте
зор. Ол заттық әлемде: ыдыс-аяқта (6-сурет), плакаттарда, маталарда көрініс тапты,
дизайнның дамуына мүмкіндік туғызды.
Авангард өнердің басты шығармасы және манифесті «Қара шаршы» (4-сурет) суреті
болды. Cурет бастапқыда «Ақ фондағы төртбұрыш» деп аталған, кейіннен оған бүгінгі атауы
бекітілді. Қара шаршының қабырғалары өзара параллель емес еді, ол жақтары қисайған
тіктөртбұрыш еді.
3-сурет – К. Малевич. Супрематизм № 56
4-сурет – К. Малевич. Қара шаршы
Бұл шығарма өзінің геометриялық қарапайымдылығымен қызықтыратын, ол бізге: «Бұл
шек, өнердің соңғы нүктесі. Бұл сурет еш мағынасыз, бұл – ешнәрсе емес. Бұл көп
жоспарлы бөлшекті және пішінді көркем композициясының соңы, бірақ бұл жаңа өнердің
басталуы» деп тұрғандай. Қара шаршының басты стилистикалық рөлі – осыда. Бөлшектер
мен декордан айырылған таза геометриялық пішіндер рационал өнер мен сәулет өнерінің
дамуына серпін берді. Малевич сурет өнерімен қатар көлемді пішіндер – архитектондармен
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№4(27), желтоқсан 2015
75
(5-сурет) жұмыс істеген. Сонымен қатар ол тұрғын үйлердің графикалық сызбаларымен –
планиттермен айналысты. Оның жазықтықтық супрематикалық композициялары көлемге
ие, материалдық болды. Малевич сәулетшілермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді
және оның архитектондары сол кезеңдегі көптеген сәулеттік ғимараттардың прототиптері
болды.
5-сурет – К. Малевич. Архитектон
Казимир Малевич шығармашылығының мәнін асыра бағалау мүмкін емес. Оның абстрак-
тілі композициялары және қара шаршысы уақыттың символы болды, өнер мен сәулет
өнерінің ары қарай стильдік дамуын анықтады. Малевич өнері, басқа суретшілердің
өнерімен қатар, ХХ жүзжылдықтың 20-шы жылдарында сәулет өнері стилінің, айқын
геометриялық пішіндер, ой және логика стилінің құрылуында анықтаушы рөл атқарды.
6-сурет – Н. Суетин. Шыныаяқ
Суретшінің шығармашылық болмысының батылдығы, оның бірбеткейлігі, шығармашы-
лық алдын ала көрудегі теңдессіз қабілеті өзінің қайталанбас супрематикалық әлемін,
жұмбақ сырлы және тартымды әлемін жасауға көмектесті. Оның абстрактілі композициясы
тек қағазға тиесілі емес, олар қолданбалы пайдаланысқа ие және жаңа өнердің стильдік
құрылымының негізі болды.
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ
№3(26), қыркүйек 2015
76
«ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ» журналының
редакция алқасы
Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы,
ШҚМТУ ректоры, биология ғылымдарының
докторы,
профессор,
журналдың
бас
редакторы, редакция алқасының төрағасы
Қылышқанов Манарбек Қалымұлы,
ШҚМТУ оқу және әдістемелік жұмыстар
жөніндегі проректордың м.у.а., физика-
математика ғылымдарының докторы
Садықова Айжан Ерханқызы,
Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқарма-
сының жетекшісі
Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы,
ШҚ «Дарын» ӨҒПО директоры, педагогика
ғылымдарының кандидаты
Тыныбекова Сәуле Жүнісқызы,
ШҚМТУ жоғары математика кафедрасының
меңгерушісі, профессор, педагогика ғылым-
дарының докторы
Плотников Сергей Викторович, ШҚМТУ
энергетика және техникалық физика кафедра-
сының меңгерушісі, физика-математика ғылым-
дарының докторы
Денисова Наталья Федоровна, ШҚМТУ
ақпараттық жүйелер және компьютерлік
үлгілеу кафедрасының меңгерушісі, физика-
математика ғылымдарының кандидаты
Куленова Наталья Анатольевна,
ШҚМТУ химия, металлургия және байыту
кафедрасының меңгерушісі, техника ғылым-
дарының кандидаты
Краузе Виктор Эвальдович, ШҚМТУ
теориялық және қолданбалы экономика
кафедрасының доценті
Наумова Вера Ивановна, ШҚМТУ сәулет
және дизайн кафедрасының меңгерушісі,
профессор, сәулет өнерінің кандидаты
Әділхан Әсет Бердіғалиұлы,
ШҚМТУ Жоғары оқу орнына дейінгі дайындау,
университетке қабылдау және түлектерді
жұмысқа орналастыру бөлімі басшысының
орынбасары
Жоғары сынып оқушыларына
арналған «ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ»
ғылыми-көпшілік журналы
№1(1), шілде 2008
Жылына төрт рет шығады
Құрылтайшы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті»
шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық
мемлекеттік кәсіпорны.
Басып шығаруға жауапты:
Әсет Әділхан
Редакциялық-баспа орталығының жетекшісі:
Оксана Николаенко
Редактор-корректор:
Гүлбаршын Жантасова
Дизайн және беттеген:
Сәуле Мамыраздықова
Нөмірдегі фотосуреттер:
Александр Проскуряков
Редакцияның мекенжайы: 070004, ШҚО, Өскемен қ.,
ШҚМТУ, Протозанов к., 69, 110-бөлме
Телефон: 24-54-29
Тел/факс: 8 (7232) 26-74-09
Журналда жарияланған мақалалардағы ой-
пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Редакция оқырмандарға жауап бермейді және
кері қайтармайды. Жарнамалық материал-
дардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Редакцияның жазбаша келісімі болған жағдайда
ғана материалдарды қайта басуға болады.
Журнал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде
тіркелген.
Тіркеу куәлігі № 10051-Ж
2 наурыз 2009
жыл.
Басуға 28.12.2015 ж. қол қойылды.
Пішімі 70х108/16. Офсеттік қағаз.
Шартты баспа табағы 6,81 Есептік баспа табағы 8,21.
Тапсырыс № 1195-15. Таралымы 500 дана.
Бағасы келісімді.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік техникалық университеті
Document Outline - Математика
- «математика» БӨЛІМІНДЕ
- ОҚУ ҮРДІСІ
- 3. Таңғы ас. Асханадан таңғы ас ішкен кезде Ерік мынаны аңғарды: жеңіл тамақты 7 мен 8 аралығында сағаттың тілі 6 санынан бірдей қашықтыққа жылжыған уақытта әкеледі, ал кофені сағат тілі минут тілін қуып жеткен уақытта алып келеді. Ерікке таңғы ас ішу...
- 4. Жабайы қаздар. Еріктің фермасында жабайы қаздар бар. Оларды бір-бірден бөліп ұстау үшін суреттегі қоршауды екі шаршының көмегімен қалай бөлу керек?
- Физика
- «физика» бөлімінде
- оқу үрдісі
- мұра
- Әл-Бируни, Абу ар-Райхан Мухаммед Ибн Ахмед 18
- ☼ОҚУ ҮРДІСІ
- КҮН ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
- Химия
- «химия» бөлімінде
- СТАНДАРТТЫҚ ЕМЕС ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ
- ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС ЭЛЕМЕНТТЕРІ
- Бәрі неден басталды
- Темекі тарту зиян, тыныс алу зиян,
- өмір сүру зиян
- Репарация. Ең қарапайым әдіс
- Кесіп тастау және ауыстыру
- Сәйкес келмесе не істеу қажет
- Ең маңызды жүйе
- Сыйлықтан тыс
- АЛЬФРЕД БЕРНХАРД НОБЕЛЬДІҢ ӨМІРІНЕН ҚЫСҚАША ОҚИҒАЛАР
- ¥ АЛҒЫРЛАР ҮШІН
- «ГАЗДАР ПАТШАЛЫҒЫ» СӨЗЖҰМБАҒЫ
- Информатика
- География
- архитектура
- Выпускные данные
Достарыңызбен бөлісу: |