І. Үй тапсырмасын тексеру әдісі: сұрақтарға жауап алу арқылы тексеру және картамен жұмыстану. Белсенді тақтамен жұмыс жүргізу.
1.Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері ,сипаты.
2.Қатысқан елдердің мақсаттары қандай?
3.Германияның Польшаға,Францияға,Англияға қарсы соғыс әрекеттері ?
4. 1941-1945жж Кеңес Одағындағы Ұлы Отан соғысы?
5.Тынық мұхит соғысы ?
6.Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы?
Оқушыларды үй тапсырмасы бойынша бағалау.
ІІ. Жаңа сабақтың жоспарын құру: Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы.
Лейбористер партия сы үкімет басында
Консерваторлар партиясы үкімет басында
Екі саяси партияның саяси қызметіне талдау жасау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
3.1. Ел туралы жалпы мәлімет: 1.географиялық орны: Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі еуропаның солтүстік батысындағы британ аралдарында орналасқан.Елді осындағы ең үлкен аралдың аты бойынша Ұлыбритания немесе басты тарихи бөлігінің атауымен Англия деп атайды.
2.Астанасы – Лондон.
3. Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия
4. Мемлекет басшысы-королева
5.Үкімет басшысы- премьер-министр
6.Заң шығарушы орган-парламент
7.Басты партиялар – консерваторлар,лейбористер.
8.Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі
9.Ұлттық валютасы –фунт стерлинг
10.Халықаралық ұйымдарға қатысы- Британия ынтымақтастығы, Солтүстік Атлант блогы, Оңтүстік Шығыс Азия елдері ,
3.2. Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
Империализм-(лат- билік,басқару) басқыншылық саясатты, бөтен аумақты басып алу, өзге жерді билеудің үстемдігін білдіреді. «империализм» термині «отаршылдық» терминінің синонимі.
Британия ынтымақтастығы- бұрынғы Британ империясының құрамындағы елдердің саяси және экономикалық бірлестігі.( Канада, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия,Үндістан, Бангладеш, Шри-ланка,Гана, Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия)