Тақырыпты оқытудағы мақсат: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның саяси жағдайына талдау жасай келіп,екі саяси консерваторлар мен лейбористер партиясы арасындағы ұзақ жылдардағы билік тартысына және іс- қимылдарына сипаттама беру.
Білімділік міндеті: Бұл партиялардың басқару кезеңіндегі елдің саяси,әлеуметтік,экономикалық салаларда болған өзгерістерді ашып көрсету.
Дамытушылық міндеті: Оқушыларды саяси партияларды салыстыру барысында өздігінен пікір таластыруға,мәселені шиеленістіре отырып,оны шешуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды елдің даму ерекшіліктерін салыстыра отырып, тарихи алғышарттарға сын көзбен қарау.
Көрнекі құралдар:Дүниежүзінің саяси картасы,портреттер, тірек схемалар, белсенді тақта, слайдтар, тестілеу құрылғысы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың құрылымы: І. Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Жаңа сабақтың жоспарын құру
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
1.Ел туралы жалпы мәлімет
2.Жаңа сабақ бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер
3. Жаңа сабақты тірек схемалар арқылы талдау.
4. Консерваторлар мен лейбористер партиясының қызыметіне талдау жасау
5..Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыс
6..Пікір түзу. Дискуссиялық өрнек толтыру
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.Тест орындау.
Ү. Сабақты қорытындылау.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма беру.