45. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы



бет12/13
Дата05.06.2023
өлшемі46,09 Kb.
#98988
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
45-48

Параллелизм


Параллелизм( грек. Parallelos – қатар жүру) деп туыстық жағына өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуына айтады. Мысалы, сүтқоректілер класына жататын есекаяқтылар отрядының сулы ортаға бейімдеушілігі 3 салада дамыды. Мысалы, морждар, құлақты және кәдімгі түлендер сулы ортаға бір бірінен тәуелсіз көшкендіктен суға бейімделу мүшесі - ескегі пайда болды. Жәндіктердің ішінде қоңыздардың алдыңғы жұп қанаттары өзегріп, қатты қанатқа айналғандықтан қанатүсті деп атайды. Қоңыздардың барлығы қатқыл қанаттылар отрядна топтастырылды. Қосмекенділердің белгілері саусақанатты балықтарда дамиды. Сүтқоректілердің көп белгілері аңтісті кесірткелердің топтарында пайда болды және т.б. Осы ұқсастық шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді.

Эволюция-қайтымсыз процесс


Кез келген организмнің жаңа ортаға бейімделуі үшін қандай да болсын өзгерген бір мүшесі жойылады. Кейін бұрыңғы тіршілік еткен ортасына қайта ауысқанымен жойылған мүшесі қайтадан қалпына келмейді, басқа бейімделушілікпен алмастырылады. Эволюция қайтымсыз (кері қайталанбайтын) процесс екендігін кезінде Ч.Дарвин: "Тіпті тіршілі еткен ортасы қайтадан дәл бұрынғыдай болып қайталанғанымен жоғалған түр еш уақытта да қайта қалпына келмейді",- деп жазды. Мысалы, дельфин, киттер ешқашан қайтадан балыққа айналмайды. Құрлықта тіршілік еткен жануарлардың сулы ортаға ауысуы аяқтарының ковергентті өзгерісінен- конвергениция мүшелердің тек сыртқы құрылысын өзгертуге қатысады.
Делфиннің, киттің ескектерінің ішкі құрылысында сүтқоректілерге тән 5 саусақты аяқтының негізгі белгілері сақталған. Мутацияның нәтижесінде, популяцияның гендік қоры ылғи жаңарып отыратындықтан еш уақытта өткен ұрпақтың гендік қорын қайталамайды. Әйтеуір бір кезде қарапайым қосмекенділерден бауырымен жорғалаушылар пайда болса, бауырымен жорғалаушылардан қайтадан қосмекенділер шықпайды.
Өсімдіктерден Қырымда өсетін мәңгі жасыл бұташық-кірпікшөпті(иглица) мысалға алайық. Оның сабағында жылтыр қалың "жапырақтары" бар. Шын мәнінде, ол-жапырағын емес түрін өзгерткен бұтақтары. Нағыз жапырағы қабыршақ тәрізді, жаңағы жапыраққа ұқсаған бұтақтарының ортаңғы жүйкесінде орналасады. Ерте көктемде қабыршақтарының қолтығынан майда гүлдер шығып, одан қызыл жидектер дамиды. Кірпішөптер ертеректе құрғақшылыққа бейімделіп, жапырақтары суды көп буландырмас үшін жойылған. Қайтадан ылғалды ортаға ауысқанда жапырақтарының орнына жапырақ пішінді бұтақтар пайда болған. Кез келген организм тобының басынан өткен таризи дамуының ізі де қалмайды. Ал ататегі, тіршілік етен ортаға бейімделуі басқа генетикалық негізде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет