45. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы



бет11/13
Дата05.06.2023
өлшемі46,09 Kb.
#98988
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
45-48

Дивергенция


Дивергенция(лат. divergo - кері шегінемін) деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта ұдайы жүретін процесс. Бір аймақта қорек қорын біркелкі қабылдайтын ұқсас жануарлар болса, қорек таусылғанда олар қорегі мол басқа орындарға ауысады. Бір аймақта сыртқы ортаға талабы әртүрлі организмдер тіршілік етсе арасында бәсеке аз болады. Себебі әрқайсысы бір-біріне тәуелді емес, өзінің қажетіне лайықты қорегін тауып жейді. Ч.Дарвин табиғатта 1м2 жерде өсімдіктердің 8 тұқымдасқа. 18 туысқа жататын 20 түрін анықтаған. Бастапқы бір популяциядан дивергенция процесіне бірнеше ормалар таралады. Оған мысал ретінде бұғылардың 7 түрін алуға болады. Дивергенция мен жойылу процестері тығыз байланысты болғандықтан аталған түрлердің біразы өсіп-өсіп, артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастырады. Қалғандары тіршілігін сақтай алмай, жойылып кетеді. Дегенмен әртүрлі формалардың арасында бәсекке азырақ болса, басым көпшілігі тіршілігін сақтап қалады. Табиғи сұрыптау нәтижесінде пайда болған түр тармағы жаңа түрге айналады. Мұнда тұқым қуалау белілерінің айырмашылығының әсері күшті болады. Эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түрлердің шығуын Ч.Дарвин белгілерінің ажырауы немесе дивергенция деп атады.

Конвергенция


Конвергенция( лат. conergo - ұқсас болу ) деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен ( тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады. Мысалы, дельфиндер сүтқоректілердің класына жатады, соған қарамастан дене пішіні балықтарға ұқсайды. Дене пішіні сүйір, артқы аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары жүзбе қанатқа айналған. Жүзбе қанаттары судың тереңдігіне оң мен солға бұрылу, су бетіне көтерілу және тежеу қызметін атқарады. Арқа жүзбе қанаты жылдам жүзгенде ауыр денесі жан-жағына ауып кетпес үшін қажет болса, құйрық жүзбе қанаты балықтікі сияқты тік емес көлбе орналасқан. Бір-бірімен туыстығы болмаса да, жануарлардың тіршілік ортасына бейімделушілігін көрсетеді. Бұл құбылыс ковергенттік ұқсастыққа жатады. Жануарлар дүниесінен мұндай жағдайларды көптеп кездестіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет